Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



2014 жылдың 30 желтоқсанында Екібастұз қаласы атқарушы органдары «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналастыру үшін өткізілген конкурстар жөнінде ақпарат

«Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ-де 2014 жылдың 30 желтоқсанында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналастыру үшін конкурстар өткізілді.

         Конкурстарға 5 үміткер қатысты. Пікіралысу жүргізу қорытындысы бойынша келесі кандидаттар:  

         - «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі қорғаншылық және қамқоршылық секторының кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі бас маманының лауазымына Динара Ахметова;

- «Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бюджеттің кіріс және шығыс бөлігін орындау және талдау секторы  бас маманының лауазымына Ақбота Бисенбаева;

         - «Екібастұз қаласы әкімдігінің Шидерті поселкесі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бас маманының лауазымына Алмагүл Советхан «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналастыруға ұсынылды.

         Динара Ташиеваны «Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі бас маманының лауазымына «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің кадрлар резервіне қосуға ұсынылды.

Сымбат Камзинаны «Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бас маманының лауазымына «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің кадрлар резервіне қосуға ұсынылды.

         Қала әкімі аппараты конкурстық комиссиясы жұмысының айқындығын және әділдігін қамтамасыз ету мақсатында комиссияның отырысына бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі – «Екібастұз дауысы» ақпараттық орталығы» ЖШС директоры-бас редакторы Айнұр Мейрамова, «Нұр Отан» республикалық саяси партиясының өкілі Айнамкөз Рахимжанова бақылаушылар болып қатысты.

 Екібастұз қаласы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі