Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұздың көппәтерлі тұрғын қорындағы 2014-2015 жылдардағы жылыту маусымының өту барысы туралы

Екібастұз аумағында 748 көпқабатты тұрғын үй, соның ішінде Солнечный кентінде – 27 үй,  Шідерті кентінде – 69 үй үй, Екібастұз қаласында 652 үй, соның 162-сі  үй  дербес қызмет көрсетіліп, 490 –сі 33 кондоминиум объектісін басқару ұйымымен (ЖМИК, ЖК) қызмет көрсетіледі.

Бүгінгі таңда Екібастұдың барлық тұрғын үйлері жылу қуатымен қамтамасыз етілген.

2014-2015 жылдарға арналған жылыту маусымы штаттық режимде өтуде.

Тұрғын үй инспекциясы бөлімімен кондоминиум объектісін басқару ұйымдарының, қаланың коммуналдық қызметтерінің қатысуымен жылыту маусымының өту барысы жөнінде штаб үнемі өткізіліп тұрады.

Барлық өтініштер белгіленген мерзімде қарастырылады,  тұрғындардың  өтініштері орнына бара отырып,  қажеттілігіне қарай арыз беруші, кондоминиум объектісін басқару ұйымының, коммуналдық қызмет өкілдерінің  қатысуымен қарастырылады.

Негізінде, «ПЖЖ» ЖШС «ЕЖЖ» ПК-мен үйлерге берілетін жылу қуатының сапасын жақсарту мақсатында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан 8, 9, 14-шағынаудандардың тұрғындарынан жылумен жабдықтаудың параматрлерінің сәйкес келмеуіне (қысымның түсіп кетуі) өтініштер келіп түсуде.