Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласы әкімінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 83-ө өкімі

Болжамды көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету және бюджетке түсетін қосымша қорларды іздестіру жөніндегі жұмыс комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексі 94 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 33 – бабына сәйкес және қадрлық өзгерістерге байланысты:                   

1. Екібастұз қаласы әкімінің 2014 жылғы 28 ақпандағы «Болжамды көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету және бюджетке түсетін қосымша қорларды іздестіру жөніндегі жұмыс комиссия туралы» №11-ө өкімімен бекітілген болжамды көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету және бюджетке түсетін қосымша қорларды іздестіру жөніндегі жұмыс комиссиясының құрамына (бұдан әрі - Комиссия) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) Комиссия құрамына:

Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары  Талғат Шымкентұлы Момбаев Комиссия төрағасының орынбасары болып;

Екібастұз қаласы бойынша мемлекеттік кіріс басқармасы басшысының орынбасары Ерік Қаиржанұлы Түлеков, Комиссия төрағасының орынбасары болып енгізілсін (келісім бойынша);

2) Комиссия құрамынан Есенгелді Монтайұлы Кадрин шығарылсын.

2. Осы өкімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

 

 

        Екібастұз қаласының

                    әкімі                                                                                 А. Вербняк