Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласы әкімінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 82-ө өкімі

1998 жылы туған азаматтарды 2015 жылдың қаңтар-наурызында

«Павлодар облысы Екібастұз қаласының қорғаныс істер

жөніндегі біріктірілген бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу бойынша комиссия  құру туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан  Республикасының  2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңы 16 – бабының 6-тармағына  сәйкес:

1. 1998 жылы туған азаматтарды 2015 жылдың қаңтар-наурызында «Павлодар облысы Екібастұз қаласының қорғаныс істер жөніндегі Біріктірілген бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу бойынша комиссия (бұдан әрі - комиссия) құрылсын.

2.  Негізгі және резервтік комиссия құрамы 1, 2- қосымшаларға сәйкес бекітілсін.

3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын басшылыққа алсын.

4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары А.К. Мардановаға және «Павлодар облысы Екібастұз қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің бастығы  К.С. Кусаиновқа (келісім бойынша) жүктелсін.

 

 

 Екібастұз қаласының

   әкімі                                                                                      А. Вербняк

 

 

                                                                             Екібастұз қаласы әкімінің

 2014 жылғы «25»  желтоқсандағы № 82- ө өкіміне

 1- қосымша

 

 

 

Комиссияның құрамы

 

 

Айгуль Камзиновна

Марданова

- Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;

 

Канат Салкенович

Кусаинов

- қорғаныс істер жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша);

Жанаргуль Каиркешовна

Арипова

 

- «№1 емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша);

 

Комиссия мүшелері:

 

Ади Алиевич  

Данияров

- Екібастұз қаласы ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары (келісім бойынша);

 

Шамшибану Ерикеевна

Арынова

- «№1 емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік қәсіпорнының терапевт дәрігері, медициналық комиссияның төрағасы (келісім бойынша).

 

 

Екібастұз қаласы әкімінің

 2014 жылғы «25»  желтоқсандағы № 82- ө өкіміне

2-қосымша

 

 

 

 

Резервтік комиссияның құрамы

 

Талгат Шимкетович

Момбаев

- қала әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;

 

Алпамыс Сагитұлы

Баймұса

- қорғаныс істер жөніндегі біріктірілген бөлімі бастығының орынбасары – жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімшесінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша);

Зайра Кайдаровна

Касенова

- «№1 емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша);

 

Комиссия мүшелері:

 

Ерболат Турарович

Таматаев

- Екібастұз қаласы ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары (келісім бойынша);

 

Бекзада Шамшиденовна

Макарова

- «№ 2 емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны бас дәргерінің орынбасры, медициналық комиссияның төрағасы (келісім бойынша).