Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласы әкімінің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 77-ө өкімі

Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік - еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық комиссияның құрамына өзгеріс енгізу туралы

 

         Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33, 37-баптарына сәйкес және кадрлық өзгерістерге байланысты:

1. Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 3-ө, 2014 жылғы 6 маусымдағы № 35-ө өкімдерімен енгізілген өзгерістермен, Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің 2013 жылғы 29 қарашадағы «Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік - еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық комиссияның құрамын бекіту туралы» №67-ө өкімімен бекітілген, әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік - еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық комиссияның құрамына келесі өзгеріс енгізілсін (бұдан әрі – Комиссия):

  1) Комиссияның құрамына:

Ахан Асылаханович Аужанов, «Екібастұз политехникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны кәсіподақ комитетінің  төрағасы (келісім бойынша), Комиссия мүшесі болып енгізілсін;

  2) Комиссия кұрамынан Т.С.Столяренко шығарылсын.

2. Осы өкімнің орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

 

                  

Екібастұз қаласы

әкімінің міндетін атқарушы                      М.Үсенов