Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласы әкімінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 76-ө өкімі

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті, балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны, өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссия құрамына өзгерістер енгізу туралы 

 

         Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33, 37-баптарына сәйкес және кадрлық өзгерістерге байланысты:

1. Екібастұз қаласы әкімінің 2013 жылғы 1 қарашадағы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті, балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны, өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссия құру туралы» № 60 өкілімен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті, балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны, өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссия құрамына (бұдан әрі – учаскелік комиссия) (Екібастұз қаласы әкімінің 2014 жылғы 5 мамырдағы өкіміне енгізілген өзгерісімен) келесі өзгерістер енгізілсін:

         1). Учаскелік комиссия құрамына:

         «Павлодар облысы Екібастұз қаласының жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бөлімінің бастығы Гульвира Куанышевна Шахметова, учаскелік комиссия мүшесі болып;

         «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмек секторының бас маманы Кымбат Нурлановна Камариденова, учаскелік комиссия хатшысы болып енгізілсін;

         2) учаскелік комиссия құрамынан Л.В. Новикова, Н.О. Кинаятов шығарылсын.

2. Осы өкімнің орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 

 

 

                   Екібастұз қаласының

                                әкімі                                                            А. Вербняк