Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласы әкімінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 72-ө өкімі

Ұлы Отан соғысы кезеңінде еңбек еткен тұлғалардың еңбек өтілін белгілеу үшін арнаулы комиссия құрамына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33, 37-баптарына сәйкес және кадрлық өзгерістерге байланысты:

1. Екібастұз қаласы әкімінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы «Ұлы Отан соғысы кезеңінде еңбек еткен тұлғалардың еңбек өтілін белгілеу үшін арнаулы комиссия құру туралы» №77-ө өкімімен бекітілген, Ұлы Отан соғысы кезеңінде еңбек еткен тұлғалардың еңбек өтілін белгілеу үшін арнаулы комиссия құрамына (бұдан әрі - арнаулы комиссия), келесі өзгерістер енгізілсін: 

1) арнаулы комиссия құрамына:

Серик Сапарович Кабдуов, «Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, арнаулы комиссия мүшесі болып;

Айгуль Ануарбековна Алимова, «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүгедектермен және ардагерлермен жұмыс жөніндегі секторының меңгерушісі, арнаулы комиссия мүшесі болып енгізілсін;

2) арнаулы комиссия құрамынан Г.М.Хамидулина, Д.Е.Курумбаева  шығарылсын.

2. Осы өкімнің орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 

 

         

         Екібастұз қаласының

                          әкімі                                                                   А. Вербняк