Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласы әкімінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 65-ө өкімі

Екібастұз қаласы академик Әлкей Марғұлан атындағы селоның аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізу туралы

 

            Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы», Заңының 33, 39-3 баптарына, Екібастұз қаласы мәслихатының 2014 жылғы 19 маусымдағы № 240/30 шешімімен бекітілген Екібастұз қаласы академик Әлкей Марғұлан атындағы селосының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларына және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санына сәйкес, академик Әлкей Марғұлан атындағы селоның әкімі М.С. Какожановтың 2014 жылғы 8 қазандағы № 1-07/444 арызын қарай келіп:

1. Академик Әлкей Марғұлан атындағы селоның әкімі М.С. Какожанов:

село аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізсін;

осы өкімнен туындайтын өзге де шараларды қолдансын.

2. Осы өкімнің орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің кеңесшісі Н.К. Макраевқа жүктелсін.

 

           

Екібастұз қаласының

            әкімі                                                  А. Вербняк