Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласы әкімінің 2014 жылғы 17 қазандағы № 68-ө өкімі

Мүлікті заңдастыруды жүргізу жөніндегі комиссияның құрамына өзгерістер енгізу туралы

  

            Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы», 2014 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңдарына сәйкес және кадрлық өзгерістерге байланысты:

1. Екібастұз қаласы әкімінің 2014 жылғы 2 қыркүйектегі «Мүлікті заңдастыруды жүргізу жөніндегі комиссияны құру туралы» № 60-ө өкімімен құрылған мүлікті заңдастыруды жүргізу жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) құрамына келесідей өзгерістер енгізілсін:

1) Комиссия құрамына Екібастұз қаласы ішкі істер басқармасының бастығы Абай Куатбаевич Жусупов (келісім бойынша), Комиссия мүшесі болып енгізілсін;

2) Комиссия құрамынан Д.Ш. Сиразидимов шығарылсын.

         2. Осы өкімнің орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары М.А. Усеновке жүктелсін.

 

           

Екібастұз қаласының

            әкімі                                                    А. Вербняк