kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Қала басшысы ҰОС ардагерін 90 жылдық мерейтойымен құттықтады

9 қаңтар күні  Екібастұз қаласының әкімі Александр Вербняк Ұлы Отан соғысының ардагері Зейнолла Сулеевтің үйіне барды.

Аймақ басшысы мерейтой иесін 90 жылдығымен құттықтап, оған мықты денсаулық, амандық және бар жақсылықты тіледі әрі әдемі оюлы шапан, құттықтау хат, ақшалай сыйақы, тартулық жиынтығын және гүл шоғын табыс етті.

Құрметті ардагер Александр Федоровичке ризашылығын білдіріп, сондай-ақ атадан қалған асыл мұраны сақтап, оны байытуды тілеп, ақ батасын берді.

Зейнолла Сулеев 1925 жылдың 10 қаңтарында Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақкөл ауылында туған. 1939 жылы 7 сыныптық мектепті бітіріп, есепшілік болып еңбек жолын бастады. 1942 жылы әскер қатарына алынды. 1945 жылы Жапон соғысына қатысты. Соғыс аяқталған соң 1948 жылы елге оралды. 1949 жылдан зейнеткерлікке дейін Ақкөл орта мектебінде ұстаздық қызмет атқарды. Ардагер-майдангер Ұлы Отан соғысындағы ерлігі үшін «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгенi үшiн», «Жапонияны жеңгенi үшiн»  медальдарымен және  «Жеңістің 20 жылдығы», «КСРО ҚК 50 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

 

 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза