Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Баян: Қызмет көрсету

Құрметті Александр Федорович! Менің хатты жазуыма себепші болған жай, №3 маршрутты автобустың шопыры мен кондукторының жолдасым мен балаларға танытқан дөрекілігі.
31 желтоқсан күні күндізгі сағат екілердің шамасында "Рыбохолодильникті" бетке алған менің жолдасым мен балаларым Бұхар Жырау дүкені бойындағы Ақкөл магазині тұсындағы аялдамаға барады. Сол жерде №3 маршрутты автобус тоқтайды. Жолдасым кондуктордан "Рыбохолодильнкке" қай тұстан отыратынын сұрайды. Кондуктор қарсы беттегі аялдамадан отырыңыздар дейді. Енді сол тұсқа өтсе, әлгі №3 автобус келеді. Жолдасым кондукторға "Сіз осы автобусқа отыра беріңіз деп неге айтпадыңыз, бұл адамшылыққа жатпайды" деп наразылық білдіреді. Сол сәтте жолдасымның сөзіне шамданған шопыр 8 жастағы ұл баламның автобусқа мінуін күтпей, ерегесіп жүріп кетеді. Бала автобустың доңғалағына түсе жаздағанда, жолдасым шұғыл әрекет жасап, баланы ұстап үлгереді. Кондуктор мен шопыр бұл әрекеттеріне де есеп бермейді. Шопыр мен кондуктор балалардың көзінше жолдасымды балағаттап, жазғыруға көшеді.
Бұл осымен тынса бір сәріі. Жүгенсіздік ары қарай жалғасады. "Рыбохолодильникке" қай аялдамадан түсеміз деген жолдасымның сұрағына шопыр да, кондуктор да қасарысып жауап бермейді. Ақыры жолдасымның шарасы таусылып, "Богатырь" универсамы аялдамасынан түсіп қалады да, такси ұстауға мәжбүр болады. Одан ары жолдасым кәмелеттік жасқа толмаған екі баланы, студент қызын алып, аталмыш сауда нысанына барады.
Қоймадан азық-түлікті алып, аялдамада тұрғанда, тағы да №3 маршрутты автобус тоқтайды. Бірақ олар қасақана жолдасымды балалармен автобусқа отырғызбайды.
31 желтоқсан күні Жаңа жыл мерекеі қарсаңында №3 маршрутты автобустың шопыры мен кондукторы осындай заңсыз әрекеттерге барып, адамның ар-ожданын аяққа таптады. Олар неге мұндай оспадар әрекетке барды. Бәлкім отбасында түйінін таппай тұрған проблема бар ма? Әлде жүйке жүйесінде ауытқушылықтары бар ма? Өйткені олардың бұл қылығын дені сау адамның әрекетіне жатқызуға келмейді. Жүйке ауруына шалдыққан адамдар болса, оларды халықпен қызмет істеуге кім жіберді? Осы мәселені қарастыруыңызды сұраймыз. Қоғамда мұндай адамдардың қауіпті екені айтпаса да түсінікті. Тағы қосарым, 31 желтоқсанда №3 бағытты автобус біреу ғана болды ма деймін. Шопыр да, кондуктор әйел де - қазақ ұлтының өкілдері.
Тел. 8-705-606-68-56

Құрметті Баян!

 

            Сіздің,  № 3 жол бағыты бойынша 2014 жылғы 31 желтоқсандағы жүрген жүргізушісінің арақатынасы жөнінде қала әкімінің ресми сайтына жазған өтінішіңізге, мынаны хабарлаймын.

ТҮКШ, жолаушылар көлігі  және автомобиль жолдар бөлімімен осы  маршрутқа қызмет көрсететін «МАИС» ЖШС тасымалдаушысына осы мәселе бойынша шаралар қабылдау туралы хаты жіберілді. Осы хатқа, өтініште автобутың мемлекеттік нөмірі мен жүргізушісінің аты-жөні, тегі көрсетілмегендіктен № 3 маршрутының жүргізушісіне қатысты  жағдайды егжей-тегжейлі тексеріп, шешім қабылдау мүмкіндігі болмай отырғаны жөнінде жауап алынды.

Өтінішті  бірігіп қарастыру үшін, Сіздің  электрондық поштаңызға байланыс деректемелерін  ұсыну немесе Бөлімге келу жөнінде хат жіберілген болатын. Бүгінгі күнге дейін Сіздің тарапыңыздан жауап түскен жоқ.

Сонымен қатар, «МАИС» ЖШС басшылығымен қалалық жол бағыттары бойынша қатынауда жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын  автобустар жүргізушілерімен жолаушыларды түсіру, отырғызу кезде қауіпсіздік техникасының бұзылуын болдырмау және жолаушыларға қатысты әдептілік таныту мен дау-жанжал жағдайларын жібермеу жөнінде түсіндіру жұмыстары өткізілгені туралы хабарлаймын.

Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес, Сіздің қабылданған шешімге арыздануға құқығыңыз бар.

 

«Екібастұз қаласы әкімдігінің

ТҮКШ, ЖК және АЖБ» ММ

                басшысы                                                                           Қ. Қасенов