Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласының әкімі Ұлы Отан соғысының ардагерін 95 жылдық мерейтойымен құттықтады

6 қаңтар күні, Рождествоның қарсаңында,  Екібастұз қаласының басшысы Ұлы Отан соғысындағыжеңісте ерлікпен ат салысқан ардагер Татьяна Бурматованы 95 жылдық мерейтойымен құттықтап, әдемі оюлы шапан, құттықтау хат, ақшалай сыйлықақы және гүл шоғын табыс етті.

- Құрметті Татьяна Михайловна, Сізді мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Сізге соғыс кезінде көрсетілген батылдығыңыз бен қаһармандығыңыз және ерен еңбегіңіз үшін  зор алғысымды және ризашылығымды білдіремін. Сізге мықты денсаулық, бақыт және бар жақсылықты тілеймін, - деп Александр Вербняк, мерейтой иесін құттықтады.

Татьяна Михайловна 1920 жылы Свердловск облысының Богданович қаласында дүниеге келді. Орта мектептің жетінші сыныбын бітіріп,  Сухолозия қаласындағы техникумға оқуға түседі. Оқудан кейін еңбек жолын бастады. 1941 жылы әскерге шақырылды. 1942 жылдан 1945 жылға дейін 1725-зенит-артиллерия полкында пулеметші болып қызмет етті. Соғыстан кейін Богданович қаласының Боженова станицасында телеграфшы ретінде жұмыс істеді. 1949 жылы тұрмысқа шығып, Қазақстанға көшіп келіпті. 1950 жылдан бері телеграфшы,  балабақша мен шипажайда кіші қызметкер болып еңбек атқарыпты. Ұлы Отан соғысындағы жанқиярлығы, ерлігі және ерен еңбегі үшін «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгенi үшiн», «Адал еңбегі үшін»,  «Қажырлы еңбегі үшін»    медальдарымен және   мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

         Ұлы Отан соғысының 70 жылдық мерейтойын атап өтуге байланысты өтетін іс-шаралар аясында Ұлы Отан соғысының 25 қатысушысы мен мүгедегінің тұрғын үйлеріне 18 млн. аса теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді.

         Қала ардагерлері Елбасынан және қала әкімінен жаңа жылдық сыйлықтар алды.

         Осы іс-шаралар ардагер-майдангерлерге  тек 9 мамырда ғана қолдау көрсетілмей, үнемі қамқорлық пен назардан тыс қалмайтынын білдіреді.