Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласының әкімі А.Ф. Вербняктың 2014 жылғы есебінің тезистері

2014 жылдың қорытындысы бойынша келесідей нәтижелерге қол жеткізілді.

Өндірілген өнеркәсіптік өнім көлемі 288,0 млрд. теңгені құрады.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 5,3 млрд. теңгеден асады.

Өңір экономикасына 134,3 млрд. теңгеден аса қаржы салынды.

Құрылыс жұмыстарының жеке көлем индексі 113,5 % құрады.

Бір жұмыскердің орташа еңбекақысы 13,8 %-ға өсіп, 109,0 мың теңгеден асты.

Мұнан арғы даму шағын және орта бизнес саласында орын алды.

Барлық деңгейдегі бюджетке 58,7 млрд. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер түсті, оның 13,4 млрд. теңгесі – шағын және орта бизнес субъектілерінен.

Қалалық бюджетке түскен салық түсімдерінің көлемі 2013 жылғыдан 120,3 %-ға өсумен 14,3 млрд. теңгені құрады.

2013 жылмен салыстырғанда белсенді әрекет етіп жатқан кәсіпорындар саны 17 %-ға артты (668 бірлік).

2014 жылы Екібастұз қаласында Моноқалаларды дамыту, «Бизнестің жол картасы – 2020», Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020  мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру жалғасты. 

шағын және орта бизнестің 11 кәсіпорны әрекет етіп жатқан кәсіпорындарды кеңейтіп, жаңғырту, жабдықтар мен автокөліктер сатып алу бойынша жобаларды іске асыру үшін 12 млрд. теңге сомасында жеңілдікпен қарыз қаражатын алды.

8 азаматқа жаңа өндірістерін ашу үшін жалпы сомасы 24,0 млн. теңгеге мемлекеттік гранттар берілді.

Екінші деңгейдегі банк несиелерінің пайыздық мөлшерлемесін қаражаттандыру үшін 27 жоба бойынша 140,0 млн. теңге жұмсалды.

139 адам жалпы 336,4 млн. теңге сомаға шағын несие алды.

Шағын несие берудің шарттарына сәйкес 500-ден астам адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту өткізілді.

Елдің үдемелі индустриалды – инновациялық дамуы бағдарламасы аясында жалпы сомасы 763,1 млрд. теңгеге 32 инвестициялық жоба, соның ішінде Республикалық индустрияландыру картасының 4 жобасы  іске асырылуда.

Бағдарламаның іске асырылуынан бастап 46,0 млдр. теңгеден астам сомаға 22 жоба аяқталды.

2014 жылы 69,3 млрд. теңге сомаға 4 ірі жоба іске асырылды:

маусым айында «R.W.S. BINDING» ЖШС (Р.В.С. Баиндинг) рельстік бекітпенің пластикалық бөлшектерін шығару өнідірісі іске қосылды;

қыркүйек айында «EURASIA COPPER OPERATING» ЖШС кәсіпорны іске қосылды, онда мыс шығарылып, мыс концентраты өндірілуде;

желтоқсан айында «Fonet Er-Tai AK MINING» ЖШС-мен «Аяқ – Қоджан» кен орнында байыту фабрикасы және «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС – 1» ЖШС–дегі № 2 энергия блогын қалпына келтіру жобасы пайдалануға берілді.

         Екібастұз МАЭС – 2 үшінші энергия блогының, Бозшакөл КБК құрылысы, «R.W.S. Concrete» ЖШС (Р.В.С. Конкрит) қатты қыздырылған темір бетонды білеу өндіретін цех және «R.W.S. Wheelset» ЖШС теміржол білектерін шығару мен жұпты доңғалақтарды қалыптастыру зауытының құрылысы жалғасуда.

Екі «зәкірлік» жобаны іске асыру:

1) Бозшакөл ТКБК құрылысы;

2) «Проммашкомплект» ЖШС бағыттап бұрғыш шығару және теміржол доңғалақтарын өңдеу өндірісін ұйымдастыру жалғасуда.

Инновациялық жобаларды іске асыру қаланың одан арғы экономикалық дамуын және әлеуметтік мәселелердің шешілуін қамтамасыз етті.

Білім беру, мәдениет, спорт, әлеуметтік қоғау және әлеуметтік қамсыздандыру салаларындағы әлеуметтік маңызы бар іс – шараларды қаржыландыру басым тәртіпте жүргізілуде.

Осы мақсаттарға бюджет шығынының жалпы көлемінен 49,4 %-ы жіберілген.

Әкімдік жұмысының негізгі бағытының бірі халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету болмақ.

2014 жылы жаңа кәсіпорындардың кеңеюі мен ашылуы арқасында 3320 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 2027-і– тұрақты, 1293 -і– уақытша.

Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету саласындағы іс-шараларды іске асыру үшін әртүрлі деңгейдегі бюджеттерден 432,4 млн. теңге бөлінді.

1905 адам жұмысқа орналастырылды, соның ішінде әлеуметтік жұмсы орындарына – 284 адам.

Оқу орындарының 96 түлегі қала кәсіпорындарына жастар тәжірибесінен өтуге жіберілді.

67 жұмыссыз кәсіби қайта даярлаудан өтті.

242 жұмыссыз қоғамдық жұмыстарға қатысты.

Әлеуметтік – экономикалық әлеуеті төмен ауылдардан 5 отбасы Павлодар қаласына көшірілді.

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы аясында жалпы сомасы 292,2 млн. теңгеге қаланың ауылдық елді мекендеріндегі әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылымды жөндеуге қатысты 16 жоба іске асырылуда.

«Екібастұз-Бесқауға» автомобиль жолының учаскесін күрделі жөндеу, академик Ә. Марғұлан атындағы және Құдайкөл ауылдарының жолдарын жөндеу, Солнечный кентіндегі, Төртүй ауылындағы ауылдық дәрігер амбулаториясының, Ақкөл ауылындағы медициналық пункттің ғимараттарын, Шідерті кентіндегі дене шынықтыру – сауықтыру кешенінің ғимаратын, Қарасор, Бесқауға, Ақкөл ауылдарындағы ауылдық клубтарды, Сарықамыс, Майқайың, Қоянды, Ақкөл, Қарасор және Төртқұдық мектептерінің төбе жабындысын ағымды жөндеу аяқталды.

Жобаларды іске асыру барысында 242 жұмыс орны құрылды.

Әлеуметтік қолдаумен 18 мыңнан астам адам қамтылды, соның ішінде:

84 отбасына 6,7 млн. теңгеден астам сомаға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек берілді  (2013 жылдың ұқсас кезеңінде – 94 отбасы,  10,6 %-ға төмен);

18 жасқа дейінгі балалары бар аз қамтылған 237 отбасына 5,8  млн. теңгеге жуық сомада мемлекеттік жәрдемақы төленді (2013 жылдың ұқсас кезеңінде – 272 отбасына, 13 %-ға төмен);

2111 отбасына 33,9 млн. теңгеден астам сомада тұрғын үй көмегі көрсетілді (2013 жылдың ұқсас кезеңінде - 2254  отбасы).

Жұмысқа орналастыруға, кәсіби оқытуды ұйымдастыруға және әлеуметтік қолдауға қатысты кешенді іс–шаралар кедейлік деңгейін 1,5 %-дан 1,3 %-ға дейін төмендетуге септігін тигізді.

Экономиканың тұрақты өсуі үшін сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету жолымен білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адам капиталын дамыту білім беруді 2020 жылға дейін дамыту мемлекеттік бағдарламаның негізгі мақсаты болып табылады.

Білім беру ұйымдарының материалдық – техникалық базаларын нығайтуға 77,5 млн. теңге бөлінді.

10 қазақ тілі кабинеті, интербелсенді жабдығы бар 6 химия кабинеті, 15 компьютер кабинеті, 8 мектептің асханасына арналған технологиялық жабдық, 18 мектеп үшін ойын бөлмесі сатып алынды.

Шалғайдағы елді мекендерден оқушыларды үздіксіз тасымалдауды ұйымдастыру үшін № 17, № 33 мектептерге және Ақкөл мектебіне 3 автобус сатып алынды.

64,0 млн. теңге сомаға мектептерге арналған оқу-әдістемелік кешендер, оқу әдебиеттерін сатып алу жүзеге асты.

12 жылдық оқуға көшуге дайындық және денсаулықты сақтау жағдайларын туғызу шеңберінде 17 ауылдық мектепте жылы әжетханалар орнату жұмыстары аяқталды.

Білім берудің барлық ұйымдары педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етілген.

200 аса мұғалім «Назарбаев зияткерлік мектебі» жанындағы Педагогикалық шеберлік орталығында, сондай-ақ педагогтардың біліктілігін арттыру ұлттық орталықтарында біліктілікті арттырудың үшінші деңгейі бойынша курстан өтті. 

Әлеуметтік саладағы жас мамандарға «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну жұмыстары жалғасты.

Осы бағдарлама шегінде ауылдық мектептерге жұмыс істеуге 16 маман келді.

Оларға жалпы 14,6 млн. теңге сомаға 6 көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу үшін 6 несие берілген.

 «Балапан» бағдарламасы шеңберінде мектепке дейінгі біліммен 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 97 %-ға дейін, 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 94%-ға дейін қамтылуы қамтамасыз етілді.

Ауылдық жерлерде мектепке дейінгі білім берумен қамту 100%-ды құрайды.

Осы оқу жылында Екібастұз қаласы бойынша ҰБТ – дан орташа балл 74,5 құрады, өткен жылдың көрсеткішінен 1,7–ге артық. 

Өмір сапасының деңгейін арттырудың маңызды бағыты медициналық қызметтер көрсетудің, салауатты өмір салтын қалыптастырудың сапасын және қолжетімділігін арттыру болып табылады.

Өңірдің денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру 2014 жылы 3,0 млрд. теңгеден асты.

«Саламатты Қазақстан» бағдарламасын іске асыру арқасында медициналық инфрақұрылымның тұрақты өсуі байқалуда.

Ауысымына 500 келіп – кетушіге шақталған, жаңа құрал-жабдықтармен жарақталған емхана іске қосылды.

Ақкөл және Төртүй ауылдарындағы медициналық пункттерді, перзентхананы күрделі жөндеу жүргізілді.

Емдеу – алдын алу мекемелерінің материалдық – техникалық қорын жабдықтау жұмыстары жалғасты.

Қалалық ауруханаға жалпы 145,0 млн. теңге сомаға жаңа медициналық жабдық және көлік сатып алынды. Олар: сандық рентгенография жүйесі, хигургиялық операцияларға арналған бейнеэндоскопиялық кешен, инсульт орталығына арналған жабдық және 4 санитарлық машина.

         Жылжымалы медициналық кешенмен 7385 адам байқаудан өткізіліп, 4731 диагностикалық тексеру жүргізілді, 553 ауру анықталды.

         Екібастұз қаласына 12 жас маман келіп, емдеу – алдын алу мекемелеріне жұмысқа орналастырылды.

         Осы атқарылған іс-шаралардың нәтижесінде халық денсаулығының жақсарғаны байқалады:  

         2013 жылмен салыстырғанда жалпы өлім көрсеткіші 8,85-тен 8,73-ке дейін, яғни 1000 адамға төмендеген (облыс бойынша – 10,01);

         ана өлімі сияқты оқиға тіркелмеген (облыста – 2 тіркелген);

         туберкулез сырқатының көрсеткіші 83,7-ден 67,1-ге дейін, яғни 100 мың адамға төмендеген.

         қан айналымы жүйесінің ауруынан науқастар саны 235,9-дан 153,7-ге дейін 100 мың адамға төмендеген.     

         Дәрігерлермен толық жарақталмау түйінді мәселе болып қалмақ, мамандар жетіспейді. Дәрігер кадрының тапшылығы 38 адамды құрайды.

         Дене шынықтыру мен спортты дамыту бағдарламасын іске асыру шеңберінде 55 мыңға жуық адам қамтылған республикалық, облыстық және қалалық деңгейдегі 138 спорт акциясы өткізілді.       Біздің спортшыларымыз халықаралық, республикалық және облыстық жарыстарда 557 жүлделі орынды иеленді (1-орын  – 107, 2-орын – 197, 3-орын – 253).

         Президенттің 2020 жылға дейін халықтың кем дегенде  30  пайызын дене шынықтырумен және спортпен шұғылданумен қамту жөніндегі тапсырмасын орындауда өңірде халықтың 28,3%, яғни 42 мыңнан астамы тартылған.

         «Вершина» ЖШС өз қаражаты есебінен «Шахтер» саябағының аумағында жасанды жамылғысы бар үш теннис кортын салды.

         Бюджеттік қаражат есебінен 18,0 млн. теңге сомаға № 10 мектеп стадионында жасанды жамылғысы бар жеңіл атлетика жолағы салынды.

         Әуезов көшесіндегі № 81 және № 81 А үйлердің аулаларында балалар ойын кешенін, шағын футбол алаңын, стрит-болға және спорт тренажерлеріне арналған алаңшаларды орнатумен абаттандыру жұмыстары аяқталды.

         Мәдениет саласы мен мемлекеттік тілді дамыту туралы

         Мемлекеттік тілді қолдану аясын дамыту және кеңейту  бағытындағы мақсатты жұмыс жалғасуда.

         Осы мақсаттарға қалалық бюджеттен 4,0 млн. теңгеге жуық қаражат бөлінді, оның ішінде 2,0 млн. теңге қалалықтар мен мемлекеттік қызметшілер үшін мемлекеттік тілді оқыту курстарын ұйымдастыруға жұмсалды.        

         Мемлекеттік тілді дамыту және қолданылу аясын кеңейту, оның мәртебесін көтеру мақсатында (айтыс, фестивальдер, конкурстар) түрлі іс-шаралар өткізілуде.       

         Осы бағыттағы жұмыс жалғастырылатын болады.

         Кітапхана қызметін 37 мыңнан астам адам пайдаланған.

         Мәдениет мекемелерінің көркемөнерпаз ұжымдары республикалық, облыстық конкурстар мен фестивальдерге бірнеше мәрте қатысқан.

         2014 жылы «Шахтер» қалалық саябағын абаттандыру жұмыстары бастау алды.

         Саябақ аумағында ағаштарды кесу жүргізіліп, гүлзарлар отырғызылды, қосымша жарықтандыру, су құбыры орнатылды, «Темір жол» аттракционы сатып алынды.

         Субұрқағы мен жылы әжетхана салуға жобалық – сметалық құжаттама әзірленді.

         Тұрғын үй - коммуналдық саласындағы жұмыс туралы

         Жеделсатылар шаруашылығын қолдауға 200,0 млн. теңгедан аса қаражат жұмсалды:

         жаңа 10 жолаушылар жеделсатысы орнатылды;

         нормативтік мерзімдерін өтеген 39 жеделсатыға диагностика жүргізілді.

         Сарапшылардың пікірінше, жүйелі жұмыс арқасында Екібастұз қаласының жеделсаты шаруашылығы ең үздіктердің бірі деп танылды.

         Қаланың көліктік инфрақұрылымын дамыту туралы.

         2014 жылы қаланың автомобиль жолдарын ұстауға, ағымдағы, орташа жөндеп, қайта жаңартуға бюджеттен 1,4 млрд. теңгеден аса қаражат бөлінді.

Космонавтов, Мұқышев, Торайғыров, Новоселов, Екібастұздың 50 жылдығы, Абай, Мәшһүр Жүсіп көшелерін, 207-208 оралымдар бойындағы кіреберіс жолдарды орташа жөндеу, Сейфуллин, Чалбышев, Баянауыл, Қостанай көшелерін және «Қала – саяжай» қалаға кіреберіс жолын қайта жарақтау орындалды. 19,1 км. жол жөнделді.

100,0 млн. теңге сомаға қаланың Северный ауданын жарықтандыру желілерінің құрылысы жүзеге асты.

Қаланың 18 және 21 – шағынаудандарында қуаты 100 кВт болатын 2 кешенді трансформаторлы қосалқы станса орнатылды.

2014 жылы қаланы абаттандыруға, көгалдандыруға, жарықтандырып, санитарлық тазалау шараларына 380 млн. теңгеден астам бюджеттік қаражат жұмсалды.

Осы іс-шаралардың аясында Московская – Энергетиков көшелерінің қиылысында және Пішембаев – Абай көшелерінің бұрышында екі бағдаршам нысанын орнату қамтамасыз етілді.

10 автобус павильоны орнатылды, оның ішінде 2–і Байет және Төрт – Құдық ауылдарында.

Қаланың шағынаудандарында 10 балалар ойын алаңқайы бой көтерді.

Қаланың жалпы алаңы 47,0 мың ш.м. оралымішілік аумақтарын жөндеу іске асты (35 аула).

2013 жылмен салыстырғанда тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару көлемі 8% артып, 260 мың. м3 құрады.

Қоқыс шығаратын көліктердің шығу саны 29 мың рейсті құрады,  яғни 2013 жылға қарағанда 7% көп.

2014 жылы коммнуалдық қалдықтардың пайда болу мен жинақталу нормалары бекітілді.

«Екібастұзкоммунсервис» КМК арнайы техникамен кезең – кезеңмен жабдықтау жыл сайын жүзеге асырылады.

2014 жылы жаяужолдарды жинауға арналған трактор, ірі көлемді қалдықтарды шығаруға арналған трактор тіркемесі сатып алынды.

 

Қоқыстарды шығару жылдан - жылға өзекті мәселе болып отыр, әрі коммуналдық қызмет, кондоминиум нысандарын басқару органдарының және қаламыздың әр тұрғынының бірлескен жұмысын қажет етеді.

Қаланы көгалдандыруға қатысты келесідей іс – шаралар жүргізілді:

2250 м2 алаңға гүлзарлар отырғызу ұйымдастырылды, 2013 жылғы отырғызу алаңдарынан 34 % артық.

Қаланың орталық көшелеріндегі 3400 астам ағаш бастарын пішіндеп кесу, оралымдарда ағашты санитарлық кесу жүргізілді.

Қала әкімдігінің жұмысындағы ең маңызды мәселелердің бірі тұрғын үй құрылысы болып табылады.

Ағымдағы жылғы 1 шілдеге мемлекетік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждардың саны 4860 адамды құрайды,  оның 2543 адамнан астамы -  халықтың әлеуметтік осал топтарының санатындағылар. Ай сайын кезектілік орташа алғанда 50 адамға толады.

2014 жылы кезектегілерге 141 пәтер  бөлінді, оның ішінде 47–сі Солнечный кентінде.

Олардың:

3-і Ұлы Отан соғысының ардагерлері

64-і – жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалаған балаларға;

43-і – халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарға.

Осы жылы «Вершина» ЖШС-мен және «Берт» ЖШС-мен көппәтерлі үш тұрғын үй (Әуезов және Энергетиков және Королева көшелеріндегі) бос нарықта сату үшін пайдалануға енгізілді.

 «Проммашкомлект» ЖШС Новоселов көшесіндегі көппәтерлі тұрғын  үйді қайта жарақтауды жалғастыруда. 

2015 жылы 5 қабатты және 9 қабатты үйдің құрылысы үшін мемлекеттік сараптамасымен ЖСҚ  әзірленді.

2016 жылы бес  қабатты  үш үйдің құрылысы бойынша ЖСҚ әзірлену сатысында.

Кезектегілерді тұрғын үймен кейін қамтамасыз ету мақсатында пәтерлер иесіз қалған және заңсыз пайдаланылып жатқан тұрғын үй қорын анықтау шарасымен ұсынылатын болады.

2014 – 2015 жылдардағы жылыту масумына дайындық және оның өтуі.

Қаланы күзгі – қысқы кезеңде  тұрақты және үздіксіз жылумен қамтамасыз ету мақсатында коммуналдық кәсіпорындар жылумен, сумен және электрмен жабдықтау жүйесін, негізгі және қосалқы  құралдарды жөндеуге қатысты барлық іс–шаралар  орындалды.

Негізгі және қосалқы құралдардың, техникалық нормативтер ағаттығының себептерін талдауға,  ағымдағы пайдалану үдерісіндегі анықталған ақауларға сүйене отырып, іс – шаралар жасалған.

2014 жылы «Павлодарэнерго» ЖШС–ға Екібастұз ЖЭО – да жөдеу жұмыстарын орындауға 670 млн. теңге бөлінген болатын.

Осы жағдай Екібастұз ЖЭО–ның 2014 – 2015 жылдардағы күзгі – қысқы кезеңдегі жұмысына оң әсер етті.

 

«Горэлектросеть» ЖШС-мен электр желілерін, 35 кВ.-10/04 кВ. ауа желілерін және қосалқы стансаларды жөндеуге қатысты 13 іс – шара орындалды.

2014 жылы жоғарыда аталған іс-шараларды жүзеге асыру үшін 125,4 млн теңге көлемінде қаражат қарастырылды.

Қаланы сумен сенімді және сапалы жабдықтауды қамтамасыз ету үшін «Горводоканал» МКК – мен қаланың және Солнечный кентінің су–канализациялық шаруашылығын қалпына келтіруге, соның ішінде: су құбыры желілерін жөндеуге, жылумен оқшаулауды қалпына келтіруге, желілік су құбырындағы тиектік арматураларды ауыстыруға және орталық жылу бекеттерін жылыту маусымына дайындауға қатысты 65 іс–шара орындалды..

Инвестициялық жобалар шеңберінде негізгі канализациялық сорғы стансалары арсындағы қысымды коллекторды канализациялық тазарту ғимараттарына дейін күрделі жөндеу, үш учаскенің сумен жабдықтау жүйесін жөндеу, тазарту су құбырының ғимараттарындағы бекітпелерді ауыстыру, тазарту су құбырының ғимараттарындағы жабдықтарды ауыстыра отырып, химиялық лабораторияны күрделі жөндеу жүргізілді. Саны 5 бірлік арнайы техника сатып алынды.

Өткен жылыту маусымы барысында анықталған мәселелер есебімен 2014 жылы «Екібастұз жылу желілері» ӨК – мен жоспарға сәйкес 174,0 млн теңге соммасына күрделі және ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілді, 7,1 км. желілер жөндеуден өтті (соның ішінде:магистральді жылу желілері- 1,4 км., оралымішілік жылу желілері 5,65 км.).

Амортизациялық аударымдар есебінен 850 м. желіге 25,8 млн.теңге соммасына ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілді(13 Северный шолағы көшесіндегі және Воскресенский шолағындағы).

Сондай-ақ, Европалық банк қарыз қаржысы есебінен жылу желілерін жетілдіру және қайта жарақтау инвистициялық жобасы шеңберінде қосымша 84,0 млн. теңге соммасына №1 павильонының  мойнағының құрылысы жүзеге асты.

Кәсіпорындарға қосымша желілеріне қайта гидравликалық сынау жүргізудегі ақауларды жою үшін 342 бірлік  тиек арматурмасы және 3,5 км. құбыр бөлінді, бұл 4,5 км. оралымішілік желіге жөндеу жүргізуге мүмкіндік берді.

 2014 жылы алғаш рет магистральды және оралымішілік желілерге гидравликалық сынау жүргізілді.

Жылу желілерінің тозуын төмендету  мақсатында кәсіпорынның өз қаражаты есебінен  Пшембаев және Қонаев көшелеріндегі үш жоба бойынша жылу желілерінің құрылысына 150,0 млн. теңге  соммасына жобалық сметалық құжаттама жасалды, болжамды құны 2,5 млрд.теңгені құрайды, олардың бірі  мемлекеттік  сараптамаға жіберілді.

Мемлекеттік тұрғын үй қорының сақталуын ұйымдастыру мақсатында 12,8 млн. теңге сомаға 3 көппәтерлі мемлекеттік тұрғын үйлерді (Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі № 63, № 130, Бұхар жырау көшесіндегі №286 Б) ағымдық жөндеу жұмыстары аяқталды.

3,4 млн теңгеге 15 көппәтерлі мемлекеттік тұрғын үйге энергетикалық аудит жүргізілді.

Бюджеттік қаражат есебінен 17,5 млн. теңге сомаға Шідерті кентіндегі оралымішілік жылу желілерін күрделі жөндеу және 3,5 млн. теңге сомаға жылумен оқшаулауды қалпына келтіру орындалды.

ТҮКШ-ті жаңғырту бағдарламасы  шеңберінде жалпы сомасы 219,0 млн. теңгеге  тоғыз үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Екібастұз қаласын экономикалық дамытудың ең негізгі басымдылығын бірі ауыл шарауашылығы саласын дамыту болып табылады.

Мала шаруашылығының, өсімдік шаруашылығының сапасы мен өнімділігін арттыру, асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау, суарма суын жіберу қызметі мен ірі азықтың құнын арзандату үшін шаруа қожалықтарына 222 млн теңге көлемінде субсидия берілді, өткен жылмен салыстырғанда   32,1 % артық.

Өңірде жалпы 489,6 мың гектар ауыл шаруашылығы нысанындағы жер бар, оның 339,6 мың гектары шаруа қожалығына және фермерлік шаруашылыққа арналған.

Өткізілген конкурстар қорытындысы бойынша 30,1 мың гектар жер жалға берілген.

Шаруа қожалықтарына және фермерлік шаруашылыққа шалғайдағы мал шаруашылығын  дамыту мақсатында 8 мыңнан астам ауыл шаруашылығы нысанындағы жер бөлінді.

Қосымша жерлерді ауыл шаруашылығының айналымына тарту есебімен 50 ауыл шаруашылығының құралымы құрылды.

2014 жылы барлық егістік алаң өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 13,6 %-ға артып, 13,6 мыңнан астам гектарды құрады, оның ішінде дәнді дақылдардың алаңы 18 %-ға, көкөніс және жемшөптік дақылдар 3,6 %-ға артқан.

Сәуір айында Шідерті өзеніне 100 миллион куб метр көлемінде жыл сайынғы су жіберу іске асты, 14 мыңнана астам гектар алқапты шабындық жер аумағында суармалы жайылымдарын толтыруға мүмкіндік берді.

2014 жылы дәнді дақылдарды жинау мен мал азығын дайындау үшін 445 тонна арзандатылған дизель отыны  бөлінді.

Мал шаруашылығын дамыту туралы. Ірі қара мал басының саны 2013 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 6,4 %-ға артып, 30,6 мың басты құрады, жылқылар – 2,2 % жалпы 9,9 басты құрап отыр; немесе 11,8 мың бас, қой мен ешкі – 4,5 % (жалпы саны 48,4 мың бас).

Асыл тұқымды мал басын өсірумен «ЭМПК» ЖШС, «Ер Қайрат» ЖШС, «Табыс», «Ақжол», «Көктөбе», «Жаңа Ауыл» шаруа қожалықтары айналысып отыр.

Екібастұз қаласы облыс бойынша етті қара малды асылтұқымдандырудан екінші орында.

Ауыл шаруашылық жануарларын егу және диагностика жүргізу уақытылы жүргізілді

Жыл қорытындысы бойынша 2013  жылмен салыстырғанда  ет өндіру(4943 тонна) 3 % артқаны байқалып отыр, сүт 8%-ға  (22209,0 тонна) . 

Қоғамдық тәртіпті қорғау және қылмысқа қарсы күрес.

2013 жылмен салыстырғанда тіркелген қылмыстың саны 22% төмендегені байқалады ( 2013 жылы – 3239, 2014 жылы – 2502) 23,4, оның қылмыс түрлеріне қарай:

қоғамдық жерлерде - 24 %-ға(1412-ден 1068-ге дейін);

көшелерде - 28% (759-ден 541-ге дейін);

бұрын сотталғандар - 30 %-ға (200-ден 140-ға дейін);

мас күйінде 7 %-ға (312-ден 290-ға дейін);

тұлғалар тобымен жасалған - 16 %-ға (106-дан 89 дейін);

Мал ұрлығы 15%-ға(70-тен 59 дейін);

Отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынасқа байланысты - 10 %-ға (10-нан 9-ға дейін);

«Ұсақ бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік» акциясы шеңберінде 8700 әкімшілік құқықбұзушылықтар анықталды: аумақты абаттандыру тәртібін бұзғаны үшін, қоғамдық орандарда темекі шегу, қоғамдық жерлерге мас күйінде келу, ортақ қолданыстағы жерлерді саябақ, гүлзарбағын ластау сондай-ақ коммуналдық қалдықтарды рұқсат етілмеген жерлерге тастау.

Полицияның  бейнеобақылау камералары мен ІІД компьютерлік техникасы мен базасымен жабдықталған төртінші стационар бекеті орнатылды.

Қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ағымдағы жылы «Екібастұз  - қауіпсіз қала» бағдарламасын іске асыру жұмысы жалғастырылатын болады.

Қала әкімінің халық алдында 2013 жылғы есеп беру қорытындысы бойынша 41 ұсыныс айтылған болатын, оның ішінде 28 – і орында түіндіріліп, 13- і бақылауға алынған болатын.

2014 жылдың қорытындысы бойынша 13 іс–шара толық орындалды

Әкімдіктің есептік кезеңдегі жұмысы Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында қойылған тапсырмаларын, облыс әкімінің жұмсыпен қамтуды қамтамасыз ету және экономиканың тұрақты дамуына, мемлекеттік бағдарламаларды орындауға, халықтың қаладағы да, ауылдық елді мекендердегі де өмірінің нақты жақсаруына қатысты тапсырмаларын орындауға бағытталған болатын.