kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Айгера: Білім

менің сіңілім екібастұз қаласының медецина колледжінде оқиды. колледж мұғалімдерінің білім беру деңгейі жағынан осы күнге ешқандай наразылық болған жоқ. өткен жылдын күз айынан бастап хирургия пәні өткізіле бастады. Пән мұғалімі студенттерге себепсіз жағдайлармен сабаққа келмедін деп "жоқ" қойып, біліп тұрған сұрақ жауабын жоққа шығарып, төмен баға қойады. осы төмен баға арқасында студенттер тағайындалған стипендияларынан айырылады. сонда мемлекетімізбен тағайындалған стипендия қайда кетеді? кейбір студенттер көп балалы отбасынан, біреулерінің тұратын уйлері жоқ, жалға алып тұрады, т.б. жағдайлар көп... Азғана да болса алатын стипендияларынан айырылса,студенттер күндерін қалай көрмек?! Сонда жаппай бір топ студенттерінің білім деңгейі бірдей төмен болғаны ма, әлде оқытушының әділетсіздігі ме?!

Құрметті Айгера!

Сіздің Екібастұз қаласы әкімінің ресми сайтына түскен, колледжде хирургия пәнін беру, стипендиядан айырылатын студенттерге бағаны төмендету туралы келесіні хабарлаймыз:

Колледжде білім беру жұмысы, жоғарғы медициналық білім беру стандартымен интеграцияланған 2010 жылғы мемлекеттік білім беру стандарты бойынша жүргізіледі.

«Жалпы хирургия» пәнін 25 жылдық өтілі бар жоғарғы санатты, денсаулық сақтау үздігі, жоғарғы білікті маман жүргізеді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің білім бағалау орталығында ағымдағы жылы медициналық кадрлар дайындау сапасы талабын арттыруға байланысты түлектерді аттестаттауды қорытындылау өткізу болжамдалды.

«Мемлекетік стипендияны төлеу ережелері туралы» № 116 2008 жылға 07 ақпандағы Қазақстан Республикасының қаулысына сәйкес.

Мемлекеттік стипендия мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын, емтихан сессиясының және аралық аттестациялау нәтижесі бойынша «үздік», «жақсы» бағаға сәйкес алған студенттерге төленеді.

Шақырт ақы төлеуге қаражат шақырт ақы алатын студенттер санына байланысты облыс денсаулық сақтау басқармасымен бөлінеді.

Басқарма бастығы                                                             Н. Қасымов

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза