Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Серикбаева Салтанат Женисовна: акиму

Құрметті Екібастұз қаласының әкімі. мен 1 линейный көшесінде тұрамын. 5 қабатта. айтайын дегенім, соңғы қабатта тұрғандықтан күн жылынып қар еріген уақытта төбеден су ағып уйді ластайды. Әрбір ай сайын тұсқағазды ауыстырамыз. 2014 жылдың қазан айында әр пәтерден ақша жиналып төбені жөндеуге мастерлар шақыртқан едік, бірақ еш нәтиже шықпады. су ағуын тоқтатар емес. үйде жана туылған жас сәби бар соның кесірінен сәби де ауырып қалды. тағы бір мәселе, су жайы, салқын су ақпайды, тек ыдыстарға құйып суытып отырамыз. Акиматқа осыны айтып талай рет хабар бергем еш нәтиже шықпады. Құрметті, қала әкімі, сізден осы жайдайлардың бір шешімін табуыңызды өтінемін. келіп тексерулеріңізді талап етемін. рахмет

Құрметті Салтанат Женісқызы!

 

            Сіздің ресми сайтыңызға келіп түскен төбе жабындысын жөндеу мәселесімен электрондық өтінішіне, келесіні хабарлаймын.

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастару туралы» Заңының 35-б. 1-3 тармағына сәйкес, жай меншік иелері жалпы мүлікті және үйді күтуге кететін шығындарға қатысуға міндетті, және бөлек (жеке) меншігіндегі жайлар мен жалпы мүлікті пайдаланудағы қауіпсіздігі мен мүлтіксіз сақталуына жауапкершілігі  артады.

Жалпы мүлікке – жайлардан басқа, өз (жеке) меншік иесіндегі кондоминиум нысандарының бөліктері ( кірешектер, баспалдақтар, лифтер, шатыр, шатырдың асты, жертөлелер, пәтерден тыс немесе жалпы үйдің инженерлік жүйе мен құрылғылары, абоненттік почталық жәшіктер, жер телімдері, оған қоса абаттандыру және де басқа да жалпы қолданыстағы мүліктер) кіреді.

Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін жөндеу жөніндегі шешімді қабылдауға байланысты мәселе үй-жай (пәтер) иелерінің жалпы жиналысында міндетті түрде қарастыруды және қабылдауды талап етеді

Мәселені шешу мақсатында Сізге осы үйдің басқа пәтер иелерімен бірігіп тұрғын үй-жай  иелерінің жалпы жиналысында нысаналы жинақ есебінен төбе жабындысын күрделі жөндеу мәселесін шешуді ұсынамыз.

ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 10-б. негізінде,  Сіз жоғарыда аталған Заңның 12-б. талаптарына сәйкес, қабылданған шешімді қайта шағымдануыңызға  құқығыңыздың барын түсіндіреміз.

 

 

«Екібастұз қаласы әкімдігінің

тұрғын үй инспекциясы  бөлімі»

        ММ басшысы                                                                         Л. Векшина