Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Павлодар облысында еліміздегі ең ірі мал бордақылау алаңы тұрғызылуда

Мал бордақылау алаңдары – республикадағы ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін дамыту тізбегінің бір буыны болып табылады. Тек солар ғана малды қажетті, тауарлық күйіне жеткізуге мүмкіндік береді. Павлодар облысында биыл осындай ауқымды жобаны іске асыра бастады.

 «Абая» ЖШС-нің бір уақытта 3000 бас мал ұстауға арналған мал бордақылау алаңы 2014 жылы тұрғызылды. Алайда, шаруашылық экономикалық есебін жасап, одан әрі дамуға бел байлады. Ол үшін қосымша қаржы қаражаттары қажет болды, сол себепті «Абая» ЖШС «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының қолдауын пайдаланып қалмақшы болып шешім қабылдады. Қаржы ұйымында жобаны мақұлдады. Жобаның құны – 4,5 млрд. теңгеден артық,  оның ішіндегі «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаражаты 3 млрд. 626 млн. теңге. Қаражат жылдық 6%-бен  9,5 жылға ҚР Ұлттық Қорынан бөлінген. Бұл қаражат екі кезеңмен бөлінетін болады. Бірінші кезең – 4000 бас малға арналған қосымша бордақылау қуаттарын тұрғызу. Сөйтіп, бірінші кезең іске асырылғаннан кейін, Павлодар облысындағы мал бордақылау алаңында 7000 бас мал ұсталатын болады. Екінші кезең – қуатын тағы да 3000 басқа ұлғайту, бұл шаруашылықтың жобалық қуатқа (10 000 бас) шығуына мүмкіндік беретін болады.

«Бордақылау алаңын малмен толтыруға байланысты проблемалар бізде мүлде жоқ», - деп «Абая» ЖШС қаржы директоры Қанатбек Үзембаев өз пікірімен бөлісті. Малды Павлодар, Ақмола, Қарағанды облыстарының шаруашылықтары әкеледі. Шаруашылықтың қуатты жемшөп базасы бар, пайдаланылатын жерлері 14 мың гектар алаңда орналасқан.

Бордақылау алаңы әзірше облыстағы ең ірі мамандандырылған сойыс цехымен жұмыс істейді. Әзірше жаңа бордақылау алаңдарының құрылысы жүріп жатыр – өз цехын тұрғызуға мүмкіндігі жоқ. Дегенмен бұл мақсатты да мұнда алдарына қойған.

Павлодар еті қазіргі кезде республиканың ірі қалаларына - Астана мен Алматыға жеткізіледі. Агрокәсіпорынның басты мақсаты – еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Небары 2014 жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ жалпы қуаты 1 670 бас  мал бордақылау алаңдарының 5 жобасын іске қоспақшы.

Естеріңізге сала кетейік, құрамына «ҚазАгроҚаржы» АҚ енетін «ҚазАгро» ұлттық холдингі «Сыбаға» бағдарламасы бойынша репродукторлар, мал бордақылау алаңдарын тұрғызу және мал тұқымдарын өзгерту жобаларын қаржыландыру арқылы ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін дамыту бағдарламасын іске асыруға қатысады.

Аталған бағдарлама шеңберінде 2011 жылдан бері Қазақстанға 50 мыңға жуық жоғары өнімді мал әкелінді, соның ішінде Холдингтің қаражаты есебінен – 37 мың бас, осы уақыт аралығында 117 мың бордақылау орындары құрылды, соның ішінде ҚазАгро есебінен  - 18,7 мың бордақылау орындары. «Сыбаға» бағдарламасы шеңберінде Холдинг фермерлер үшін 205,3 мың бас ІҚМ сатып алуды қаржыландырды.  

Сонымен бірге, ағымдағы жылы Холдинг мал шаруашылығын несиелендірудің жаңа өнімдерін енгізді, бұлар: тауарлы-сүт фермаларын дамыту, қой шаруашылығын, жылқы шаруашылығын дамыту және жайылымдарды суландыру инфрақұрылымын тұрғызу.

«ҚазАгроҚаржы» АҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 желтоқсандағы қаулысымен құрылған. Негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қаржы қаражаттарына, сонымен қатар лизинг негізінде ауыл шаруашылығы техникаларына және технологиялық жабдықтарға деген қол жетімділігін қамтамасыз ету арқылы республиканың аграрлық секторын дамытуға қолдау жасау. «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына енеді.

«ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына кіретін акционерлік қоғамдардың инвестициялық активтерін тиімді басқару жолымен агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асырады. Холдинг құрамына «Азық түлік келісім шарт корпорацициясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық кредит корпорациясы» АҚ, «ҚазагроӨнім» АҚ, «ҚазАгрогарант» АҚ, «ҚазАгромаркетинг» АҚ кіреді.

 

Зүльфия Темірғалиева,

«ҚазАгроҚаржы» АҚ баспасөз хатшысы