kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

нурмагамбетова лязат: баспана

Сәлеметсіз бе? Келесі 2015 жылы мемлекеттік қаржысынан үйлер салу жоспарда бар ма? Қанша жыл әлі күтуге тура келеді? Балам туғаннан науқас (врожденный гипотериоз-инвалидность). Жолдасым көзден науқас - 2 топта. Кішкентай қызымыз бар. Барлығымыз 1-бөлмелі жалдамалы пәтерде 7 жылдай тұрамыз. Неге біз сияқты отбасыларға несие арқылы үй алуға жолдар қарастырылмайды? Толық жауап беруіңізді өтінемін.

Құрметті  Лязат!         

                                                         

2014 жылы 24 желтоқсанда Екібастұз қаласы әкімінің ресми сайтына келіп түскен өтінішіне, келесіні хабарлаймын.

       Қазақстан Республикасының Заңының 74 бабына сәйкес, мұқтаждар есебiнде тұратын азаматтарға мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген кезден бастап тiзiмде белгiленген кезек ретiмен берiледi.

          Көрсетілген тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға осы тізімдерге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басым құқығы болмайды.

Қазырғы уақытта сіз «бюджеттік қызметкер ұйымы» санаты бойынша отбасы құрамы 4 адаммен  № 362 кезегінде түрсыз.

       Осыған орай, заннамаға сәйкес, тұрғын үй қорынан  пәтер, сіздің кезегініз  келгенде, бөлуі мүмкің.

«Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасын жүзеге  асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық  эканамика министрлігіне 2 жоба жіберілгенін қосымша хабарлаймын: 

1) «Екібастұз қаласы Энергетиков көшесінде (21-шағынаудан) 5 қабатты тұрғын үйдің  құрлысы». (5 қабатты, 80 пәтерлі, жалпы ауданы – 4647,2 м2).

2) «Екібастұз қаласы Энергетиков көшесінде (20 шағынаудан) 9 қабатты тұрғын үйдің  құрылысы». (9 қабатты, 72 пәтер, жалпы ауданы – 3683 м2 ).

     Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар есебінде  тұрған кезектегілерді қоныстандыру үшін арналған үйлерді салу бюджеттік қаражат  бөлінген кезде жоспарланған.

Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы Заңына сәйкес Сіздің қабылданған шешімге арыздануға құқығыныз бар.

 

«Екібастұз қаласы әкімдігінің

ТҮКШ, ЖК және АЖБ» ММ

      басшысының м.а.                                                               Е. Көшкімбаев

 

 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза