Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



14ж. 22.12. бастап 14ж. 29.12. дейінгі аралықта «ҚР ТЖМ Екібастұз қ. Жедел-құтқару жасағы» күштерімен атқарылған авариялық-құтқару жұмыстары
  1. 11 сағ. 56 мин. зейнеткер жастағы көршісі пәтерінде құлап қалып, тұра алмайтындығы, құтқарушылардың көмегі керектігі жөнінде хабарлаған ер адамнан қоңырау түсті. Құтқарушылар, оқиға орнына келіп, сатының көмегімен екінші қабаттың балкона көтерілді, пәтерге кірді және ішінен сыртқы есікті ашты, әжей дәлізде жатты, оны көтеріп, кереуетке жатқызды.    
  2. 10 сағ. 29 мин. пәтеріне кіре алмай тұрғандығы, ал пәтерде үш жасар бала бар екендігі жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар, оқиға орнына келіп, төртінші қабаттың балконына түсті, балкон есігін ашып пәтерге кірді. Бала пәтерде болды.    
  3. 21 сағ. 10 мин. КАМАЗ автокөлігінде жол шетіндегі жыраға түсіп шығып кеткендігі жөнінде хабарлаған ер адамнан қоңырау түсті. өздігінен жолға шыға алмайды. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, автокөлікті арқанмен тіркеді және жолға шығарды. Әрі қарай автокөлік өз жолымен кетті.
  4. 21 сағ. 03 мин. көп қабатты үй пәтерлерінің бірінен өлі адам денесінің иісі шығып тұрғандығы, пәтердің есігін ашуға құтқарушылардың көмегі керектігі жөнінде хабарлаған ІІБ кезекшісінен қоңырау түсті. Құтқарушылар, оқиға орына келіп, арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты, бөлмелердің бірінен үй иесінің денесі табылды.   

 

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД Екібастұз қ. ЖҚЖ» ММ қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері жағдайында сенім телефондары бойынша хабарлауыңызды сұраймыз: 22-21-10, 34-03-67, 8(7182) 53-69-82

 

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД      

Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚЖ» ММ

3-құтқару бөлімшесінің басшысы                         Оспанов М.М.