Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Сарықамыс ауылдық округі әкімінің «2014 жыл бойынша ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» халықпен есептік кездесудің ТЕЗИСТЕРІ

        Әкімшілік-аумақтық бірлік: Сарықамыс ауылы  Павлодар қаласынан 200км, Екібастұз қаласынан 70км қашықтықта орналасқан. Ауылдық округ құрамына Сарықамыс және Қуандық  ауылдары кіреді. Округтің жалпы жер көлемі 45,10 шаршы км. Барлық 92 аулада (Сарықамыста 73 аула, 317 адам, Қуандықта 19 аула, 88 адам)  тұрғындар саны 405 адам, оның ішінде еңбекке жарамдылар 197, тұрақты жұмыс істейтіндер 102, өзін-өзі жұмыспен қамтитындар 54, зейнеткерлер 40, барлық топтағы мүгедектер 16, мектеп жасына дейінгі балалар 41, оқушылар 70 адамды құрайды.

        Ауылшаруашылығы: Сарықамыс ауылдық округінде өткен 2014 жылдың 1 қаңтарында 1448 ірі қара мал, 802 қой, 155 ешкі, 170 жылқы, 316 үй құстары болса, 2015 жылғы 1 қаңтарға  1619 ірі қара мал, оның ішінде 742 сауын сиырлар, 1286 бас қой мен ешкі, 162 жылқы, 342 үй құстарымен қыстаққа кіріп отыр.  Ауылдық округте  3 шаруа қожалық, 2 фермерлік шаруашылық, 8 жеке кәсіпкер бар. Қыстаққа 5270 тонна шөп дайындалды. Қала базарларына 132 ірі қара мал еті сатылды, барлығы 260 центнер ет, 500 тонна  сүт өнімдері өндірілді. Ауылда 2 шағын азық-түлік дүкені  халыққа қызмет көрсетеді.

     Білім, мәдениет, денсаулық және әлеуметтік салалар:  Сарықамыс аулында 11 жылдық мектепте 70 оқушы білім алады, 22 мұғалім жұмыс істейді, Қуандық бастауыш мектебі жабылуына байланысты  Қуандық аулынан  оқушылар автобуспен 2 рет тасымалданып оқиды. Сарықамыс орта мектебі жанындағы шағын орталықта   10 бүлдіршін тәрбиеленіп, онда 3 тәрбиеші жұмыс істейді.

    Ауылда атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар жоқ.  Жұмыссыз ретінде 5 адам тіркеуде тұр, 4 студент «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша арнайы оқу орындарында оқиды, 4 студент осы бағдарламамен оқуын бітіріп, мамандықтары бойынша жұмысқа орналасты. Құрылыс жұмыстарына 4, мал бағуға 4, шөп дайындау науқанына 6 уақытша қосымша жұмыс орындары ашылды.

       Биыл Сарықамыс орта мектебінің шатырына  республикалық және жергілікті бюджеттен 18,4 млн. теңгеге күрделі жөндеу  жұмыстары жүргізілді. 400 мың теңгеге шағын орталыққа еден астына жылу тартылып, бастауыш сынып оқушыларына арнап 350 мың теңгеге ойын бөлмесі жабдықталды, 1,6 млн. теңгеге мектеп ішінен жылы дәретхана салынды. Мектептін жылу қазандығының насостары ауыстырылды.

     Ауылдық клубқа  700 мың теңгеге музыкалық орталық, компьютер, факс-телефон.

    Ауыл орталығына 2,578 млн. теңгеге Жеңіс саябағы жазғы сахнамен бірге орнатылып, ҰОС ардагерлеріне арнап мемориалдық тақта әзірленді. Саябақтың ашылуы Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналады.     

  Ауылдық фельдшерлік пункт, кітапхана, почта бөлімшелері халыққа қызмет көрсетеді.  Телефон байланысы, «Отау ТВ» телерадио жүйесі қалыпты жұмыс істейді. Алдағы уақытта  тұрғындар толықтай сандық телерадио жүйесіне қосылуы қажет.                  

        Таза су босататын  КБМ қондырғысы тұрақты жұмыс істеп тұр. Жаңа насос, су тазартқыш реактивтермен қамтамасыз етілді. Қуандық аулына аптасына бір рет цистернамен ауыз су жеткізіліп тұр. Қуандық ауылына мал суаруға  арналған 2,4 млн. теңгеге  скважина орнатылды, Сарықамыста шаруашылық мақсаттағы тұщы су құдығы қайта қазылып жабдықталды. Келесі жылы Қуандық аулына су тазарту қондырғысын (КБМ) орнатудың жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге бюджеттен 1,2 млн.теңге қаржы бөлінді.

Есептік мерзімде әкімшілік жанына «Еңбек даңқы» тақтасы орнатылып,  клуб, КБМ, медпункт аулаларына 100 шаршы метр алаңға  брусчаткалар төселіп, абаттандырылды.

 Әлеуметтік нысандар қысқы жылыту маусымына толық дайындалды, көмір отынмен қамтамасыз етілді.

 Шағын бизнестің дамуы: Ауыл шаруашылығында жаңа жұмыс орындарын ашу, шағын бизнесті дамыту бағдарламасымен  «Жалғызтерек» ШҚ 1 млн. тенге, «Моноқалаларды дамыту» бағдарламасымен өзін-өзі жұмыспен қамтушы азаматтар Кожанов Қалымбек, Кандек Қонай, Хуанхан Маратбек, Сыздыков Ермек, Анарбай Шынарбектер барлағы 5,6 млн.теңгеге шағын несиелер алып, ірі қара малдар сатып алды. Нурахметов Дүйсен кешенді блок-модуль вагонымен қамтылды. «Қуандық» ФШ-ғы мал басын асылдандыру мақсатында 2 бас «Қазақы ақ бас» тұқымды бұқалар сатып алды.

  2015 жылы  жаңа жұмыс орнын субсидиялау, 5-6% үстемемен 3 жылға миникредиттер, 5 жылға микрокредиттер беруге арналған жаңа бағдарламалармен несие алып, жеке шаруашылығын ашу, қолда бар шаруашылығын онан ары дамытуға  15 азамат алдын-ала сұраныс жасап отыр. Оларға ауыл әкімшілігі тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетін болады.

Тұрақты қоғамдық-саяси жағдай: Мемлекеттік атқарушы органдар қоғамдық ұйымдармен бірге  округтің  моральдық  психологиялық жағдайы мен азаматтардың  әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін мемлекеттік, ұлттық мейрамдар, қоғамдық – саяси,  бұқаралық-спорттық шараларды тұрақты өткізіп тұрды.

Жергілікті әкімшілік Елбасының «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» жолдауын басшылыққа ала отырып:

 -  ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту, әлеуметтік жағдайын қамтамасыз ету;

-   мемлекеттік қызмет көрсету сапасын  жақсарту;

 - ауылда шағын, орта бизнесті  дамытуды барынша қолдау;

-  ауылшаруашылығын онан әрі өркендету, мал басын өсіру;

-ауылдағы санитарлық  тазалық пен тәртіпті қадағалау;  

-  ұлтаралық татулық пен тұрақтылықты  қамтамасыз ету шараларын күнделікті жүзеге асыратын болады