Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Екі жұлдыз» жаңа жылдық кеші

Биылғы жылдың 24 желтоқсанында Екібастұз қалалық халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығы балалар мен олардың ата-аналарының қатысуымен «Екі жұлдыз» жаңа жылдық кеші ұйымдастырылды.

          Жаңа жылдық концерттік бағдарлама Егор Андреенконың отбасының атынан сыйлық ашудан басталды. «Радость» хореографиялық ансамбльмен бірге Егор көрермендерге «Фабрика подарков» жаңа жылдық биін сыйлады, сондай-ақ, Темірлан Мұхтар мен оның анасының орындауындағы «Қара жорға» биі көпшіліктің көңілін бір серпілтіп тастады.

          Мерекелік кештің ең кішкентай қатысушылары қонақтарға өз шығармашылығынан өлеңдер оқыды. Жасы үлкендеу балалар театрландырылған көрініс әзірледі. Концерттік бағдарлама бойы көрермендер Жаңа жылдық мерекенің шырқын бұзғысы келіп, Ақшақарды ұрлап кетудің амалын іздеп жүрген бұзақыларды байқаумен болды. Барлық балақайлар Жаңа жылдық шыршаның сәні мен мәні болып саналатын - Аяз атаны көргендеріне дән риза болды. Қызықты думанның ең бір мағыналы тұсы Садуғаш Ақанованың және оның інісінің орындауындағы «Все мои желания» әнімен «Серенкова» ЖК, «Нан» дүкені, «Сауле» СҮ, «SM-AQVA company» ЖШС, «Ковалер» дүкені, «Турлыбекова» ЖК, «Уголек» дүкені сынды кәсіпорындардың демеушілігінің арқасында алған сыйлықтары болды.