Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз ауылдық округі әкімінің «2014 жыл бойынша ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» халықпен есептік кездесудің ТЕЗИСТЕРІ

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын жариялап, мемлекетіміздің 2050 жылға дейінгі тұрақты дамуының – ең негізгі тұстарын айқындап берді. Өркендеудің жаңа бағытын нұсқап, межелі мақсаттарды іске асыруға шақырды.

Ең алдымен адам капиталы мен әлеуметтік саясаттың жаңа принциптерін, сол арқылы тұтас халықтың берекелі өмірін көздейтін бағыттарды басым етті.

Яғни, жергілікті биліктің алдында өңірлерді дамыту үшін аса зор жауапкершілік пен міндет жүктеліп отыр.

Екібастұз ауылдық округінің жалпы жер көлемі  268,7 мың. шаршы шақырым, оның ішінде ауыл шаруашылығы бағытындағы жер көлемі

206,62 мың. гектар,егістік жер көлемі  687 гектар.

Ауылдық округінің құрамына: Төртүй, Ақши, Мыңтомар, Қаражар, Тай, Талдықамыс, Көксиыр ауылдары кіреді.

 Жалпы тұрғындар саны округ бойынша - 1451 адам: Төртүй ауылында -587 адам, жер көлемі  113,24  шаршы шақырым, Ақши ауылында - 57 адам, жер көлемі  34,76 шаршы шақырым, Мыңтомар ауылында - 131 адам, жер көлемі  34,55 шаршы шақырым, Қаражар ауылында - 75 адам, жер көлемі  32,33 шаршы шақырым, Тай ауылында – 446 адам, жер көлемі 29,2 шаршы шақырым, Көксиыр ауылында – 86 адам, жер көлемі 9,3 шаршы шақырым, Талдықамыс ауылында – 51 адам, жер көлемі 8,7 шаршы шақырым.

 Ауылдық округте 48 ауылшаруашылық құрылымдар жұмыс істейді, оның ішінде ЖШС - 2, ШҚ - 46.

Ауылдық округте барлық шаруашылығы бойынша қара мал саны - 5125 бас, қой мен ешкі - 8781 бас, жылқы - 1690 бас, түйелер – 15, құстар саны - 807. Барлық мал түрлерінің өсуі байқалады.

2014 жылдың желтоқсан айына дейін әкім аппаратына 6 азаматтан өтініш қабылданды  жеке және заңды тұлғалардан , оның ішінде 3 жазбаша , 3 ауызша , 1- өтініш асыл тұқымды мал өсіру туралы , 2 - өтініш жер учаскесін сұрау туралы, несие алу – 1, 2 - әртүрлі. Барлық өтініштер қанағаттандырылды.

Ауыл әкімінің жеке және заңды тұлғаларды қабылдауы кесте бойынша Төртүй ауылында әр аптаның сәрсенбі, бейсенбі және Тай ауылында жұма күндері 15:00 – 17:00 сағаттар аралығында жүргізіледі.

Төртүй ауылындағы дәрігерлік амбулаторияда бір жоғарғы білімді дәрігер және төрт орта арнаулы білімді медбике жұмыс істейді.                               Тай ауылындағы мед пунктте екі орта арнаулы білімді медбике жұмыс істейді.

Ауылдық округте екі орта, екі бастауыш мектеп бар, барлық оқушылар саны 158, білім беру саласында орта мектепте - 40 ұстаз, бастауыш мектептерде - 4 ұстаз жұмыс істейді.

     Жалпы орта білім беретін мектептің жанындағы, жылы орын, жайлы төсекпен жабдықталған бюджеттік интернатта 30 оқушы білім алуда. Балаларға төрт мезгіл ыстық тамақ беріледі. Осы аталған мектептерде бүлдіршіндерге арналған шағын орталықта 34 бүлдіршін тәлім алуда. Олар үш мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Мектеп жаңа заманауи технологиямен, интерактивті тақтамен және жаңа үлгідегі компьютерлермен жабдықталған.

Ауылдық клубтар, пошта және кітапханалар жұмыстарын жоспарлы түрде жүргізуде. Екібастұз ауылдық округі бойынша кітапханаларда кітап қоры 11778 дана құрайды, оқырмандар саны 546 адам.

Округ бойынша жеті ауылдық елді - мекеннің  көшелерінде 94 жарық шамдары жұмыс істеп тұр: Төртүй ауылында - 36, Ақши - 4, Мыңтомар - 6, Қаражар - 4, Шилықұдық – 2, Тай – 29, Талдықамыс – 4, Көксиыр – 6, Жартас – 3.

Мал басын жұқпалы аурудан аман сақтау мақсатында, жыл бойы ветеринарлық профилактикалық жұмыстар өз мерзімінде өткізіліп тұрады.

Көктем мерзімінде сарып ауруына шалдықпау үшін, РБ – 51 вакцинасын ауыл тұрғындарының және шаруа қожалықтарының малдарына егу жұмыстары жүргізілді.

Асыл тұқымды малдардың мінездемелерін жақсарту үшін, Айбек», «Турсын», «Аби», «Серік», «Дархан» шаруа қожалықтары «Табыс» шаруа қожалығынан 2 бастан асыл тұқымды қазақтың ақбас тұқымды бұқаларын алды.  

Селектрлік жұмыстарды өткізу барысында, шаруа қожалықтары 15 млн. теңге соммасында  мемлекеттен субсидия алды.

Мемлекеттік атқарушы органдардың негізгі міндеттерінің бірі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге көмек көрсету болып табылады. Екібастұз ауылдық округінде 2 учаскілік полиция инспекторлары жұмыс істейді.

Сонымен қатар учаскілік полиция инспекторлары ауыл азаматтарынан құралған ерікті сарбаздарда түнгі уақытта көшелерде патрульдейді.

Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша округ бойынша барлығы 8 адам 22 млн. теңге қаржыға несие алды.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы щенберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыру үшін 1 млн 332 мың теңге қаржы бөлініп, СПК «Мыңтомар» Төртүй, Мыңтомар, Көксиыр, Тай ауылдарында рұқсат етілмеген қоқыстардан тазарту жұмыстарын жүргізді.

«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының жүзеге асырылуы бойынша:

Бірінші бағыты бойынша:

Екінші бағыты бойынша:

Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округін  даму жоспары бойынша 2014 жылы атқарылған жұмыстар:

Екібастұз ауылдық округі  бойынша мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында  2015 – 2016 жылдарға арналған инвестициялық жоба жоспарлары:

1. Ойын-сауық орталығын ашу  – 3 млн. тг.

2. Шаштараз ашу – 1 млн. тг.

3. Шағын бала бақшасына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу – 4 млн. тг.

4. Салауатты – дене шынықтыру аланың салу – 2 млн. 500 мың тг.

 

Екібастұз ауылдық                                                                

   округінің әкімі                                                                          М.Қ. Құспеков