kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Шідерті поселкесі әкімінің «2014 жыл бойынша поселкенің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» халықпен есептік кездесудің ТЕЗИСТЕРІ

Шідерті поселкесі Екібастұз өңірінен оңтүстік-батыс бағытта 60 шақырым қашықтықта Павлодар-Астана автомобиль тас жолының, теміржол трассасының және «Қ. Сәтбаев атындағы канал» бойында орналасқан.  Жалпы жер көлемі 12687 га, ауылшаруашылығына жарамдысы 12 000 га.

Шідерті поселкесіндегі тұрғын саны - 3636 адам, 5 елді мекен орналасқан.

Еңбекке қабілеттілер саны - 2142 адам.

Өз шаруашылығымен айналасушылар-124

 Балалар саны - 887, мектеп жасындағылар - 478.

 Зейнеткерлер саны - 522

Әлеуметтік блок

Әкімшілік аппаратында балалар жәрдемақысы мен әлеуметтік атаулы көмекті анықтау және тағайындау бойынша қоғамдық комиссия жұмыс істейді, бұл комиссия аз қамтылған отбасылардың мәселелерін жан-жақты қарастырып, әлеуметтік картаға сәйкес оларға қалай көмек беру керек екенін шешеді.

1. Тұрғын үй жәрдемақысы:  9 отбасына тағайындалды 43,2 мың теңге төленді.

2. Мемлекеттік 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы: 4  отбасы өтәініш білдірді, бұл отбасыларда 14  бала тәрбиеленуде, 176,7 мың төленді.

          3.Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың азаюы, поселкенің кәсіпорындары мен Бозщакөл ГОК-на жұмысқа орналасуына байланысты.

Поселкеде - 100 мүгедек  бар. І топ-13 адам, ІІ топ- 41 адам, ІІІ топ - 33 адам, мүгедек балалар - 13 адам. Барлық  мүгедектерге қайта оңалту  жекеленген жоспарына сай көмек көрсетіледі.

Тіркелген жұмыссыздар 14, оның ішінде 4 жұмыскер поселок көріктендіру жұмысында, 4 адам «2020 жұмыспен қамту» бағдарламамен Екібастұз қаласының оқу орындарында оқуда.

Әлеуметтік қызметкерлер саны -  2,5 бірлік. Оның ішінде;

2,5 бірлік әлеуметтік жұмыскер әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде тіркеуде тұрған 18 жалғызбасты зейнеткерге, 1 жеке көмекші көз жанарынан айырылған І топтағы 4 мүгедек балаға көмек көрсетеді

         Үйлері пешпен жылынатын азқамтылған 59 отбасыға 118 тонна көмір жеткізіліп, 2 тоннадан бөлініп берілді. «Богатыр Көмір» АҚ қайырымдылық көмекке көмір бөлді. Кәсіпкерлер мен Қ.Сәтпаев атындағы канал күшімен көмір жеткізілді.

         Бірінші бағыт бойынша «Жол картасы - 2020» бағдарламасының 4 қатысушысы Екібастұз колледжінде оқуды жалғастыруда, 5 қатысушы қайта даярлау курсын тәмәмдады, оның ішінде: 3 аспаз және  электр қондырғыларды жөндеу және қызмет көрсету 2 электромонтер. Барлық курс қатысушылары жұмысқа орналастырылыды.

Екінші микрокредиттеу бағыты бойынша «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша 2011 жылы - 3 адам, оның ішінде дөңгелек жөндеу ашуға - 2 адам, 2012 жылы мал шаруашылығын дамытуға 2 адам, 2013 жылы мал шаруашылығын дамытуға - 1 адам дайындалды.

Наталья Германовна Корждың ұлы Вячеславқа мүгедектер арбасы берілді.

Денсаулық сақтау

«Екібастұз қалалық ауруханасы» КМКҚ құрылымдық бөлімшесі болып табылатын Шідерті поселкесі аумағындағы (күндізгі болумен) стационар 5 адамға арналған. Аурухана 2002 жылдан бастап қызмет көрсетеді. Ұжымда 25 адам жұмыс істейді. Жедел жәрдем көлігімен қамтылған.

Шідерті ауылдық учаскелік ауруханасы жақын маңайдағы - Шиқылдақ, Марғұлан, Төртқұдық, Бозшакөл ауылдарына қызмет көрсетеді. Тегін дәрі-дәрмекке 3,5 млн. теңге бөлінді, 100%  игерілген.

Білім беру

Шідерті поселкесінің аумағында «Шідерті жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі орналасқан. Шідерті жалпы орта білім беретін мектебінде 478 оқушы білім алуда, мектепте 56 мұғалім жұмыс істейді, оның ішінде; жоғары білімдісі 39, арнайы орта білімдісі -8. Оқу кабинеттерінің саны 27.

Мектеп бағдарламасы гуманитарлық-қоғамдық және жаратылыстану -математикалық бағыттары бойынша оқытады.

Аз қамтылған отбасылардан балалары мемлекеттік қор бюджеті есебінен тамақтанады.

         «Оқушыларды мектепке дейін және мектептен үйге дейін жеткізуді ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша 123 оқушы автобуспен 4 елді-мекеннен жеткізіледі. Осыған орай бюджеттен 1 млн 318 мың теңге бөлінген. Мектепте 15 балаға арналған шағын орталық қызмет етеді.

Мектеп шатырының 320 кв м. Сомасы 1 млн. 600 мың теңгеге толық жөндеу жүргізіліп, 2 млн 500 мың теңгеге 1023 тонна көмір жеткізілді, 3 млн. 500 мың теңгеге ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілді, шағын орталықта еденді жылытуға 400 мың теңге, мүгедектерге арналып 400 мың теңгеге баспалдақ сатысы қойылды, мектеп алдына 350 мың теңгеге жиһаз, кілем, ойын кешендері сатып алды.   

Мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту

«№ 11 қарлығаш бөбектер бақшасы» 6 топтық 140 сәбиге жобаланып ашылған. Ағымдағы жылдың көктемінде 12 сағаттық жұмыс істейді.

Балабақша ұжымы 34 адам. Тамақтануға ата-аналар төлемдерінің

тамақтандыру талаптарына сай 2 жастан 3 жасқа дейінгі балалараға 6850 теңгені, 3-7 жас аралығындағы балаларға 8450 теңгені құрайды.

Балабақшадағы балалардың келу пайызы -100 пайызды құрайды.

«Қарлығаш бөбектер бақшасының» шатырын күрделі жөндеу жүргізуге 11 млн. 706 теңге қаражат бөлінді және материалдық техникалық жабдықтауға 1 млн. 626 мың теңгеге сатып алынды.  Шатырдың жөндеу жұмыстарының үнемдеуінен екі серуендеу верандасы, бала бақшаның бес кіруіне жөндеу жасалды.

Дене шынықтыру және сауықтыру кешені.

Шідерті поселкесінің аумағында 2009 жылы №3 ЖСМ қарамағындағы дене шынықтыру және сауықтыру кешені қолданысқа берілген болатын.

Кешенде 4 спорт түрі бөлімі бар:

l.Қазақша-күрес

2.Волейбол

3.Баскетбол

4.Футбол

Кешенге келушілер саны барлығы 380 адам.

Спорттық кешенде кәсіпорындардың және мемлекеттік қызмет ұйымдарының қызметкерлері спортпен шұғылданады. Жастардың бос уақытында спорт комплексіне келуіне көп көңіл бөлінеді.

2014 жылы бірінші транш бойынша 28,0 млн. теңгеге толық жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жұмыспнн қамту орталығынан 10 жұмыс орны ашылды.

Мәдениет.

«Екібастұз қаласы Шідерті әкімі аппаратының "Юбилейный" мәдениет үйінің мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынының штаттық құрылымы 9 адам.

Ағымдағы жылы 50 шара өткізілді, оған 6951 адам қатысты. Жоспар бойынша мемлекетті және ұлттық мерекелер аталып өтілді: «Мәдениет пен тілдіердің үндестігі» атты мәдениетті білгіллер сайысы, балаларды қорғау күніне арналған «балалық – бұл жарқын мереке» атты ойын-сауық бағдарлама, «Жастар ғаламшарды шарлайды» атты жастар күнінен арналған сауықтық бағдарлама, Номад жастар бірлестігімен бірге поселкенің жұмысшы жастарына КВН түрінде кездесу өткізілді, «Дәстүрлі емес деструктивті діни ағымдарға тартылуының алдын алу» тақырыбында дәстүрлі діндердің өкілдері мен «Конвессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығымен» кездесу өткізілді.

«Юбилейный» МҮ жалпы поселкелік кітапхана орналастырылған. Кітапхана қоры 16 198 дана, оның ішінде 3372 данасы қазақ тіліндегі кітаптар. 2 кітапханашы арнайы білімдерімен жұмыс істейді. Абоненттер саны 1558, үйде қызмет көрсетіледі және оқырман залы бар.

Мәдениет үйінің шатырын, фасадына, фундаметін күшейтуге арналған жөндеу жұмыстарының жобалық сметалық құжаттар жасалды, ол үшін қалалық бюджеттен 600 мың теңге бөлінді.

2014 жылы Мәдениет үйінің шатырын, фасадына, фундаметін күшейтуге арналған жөндеу жұмыстарына 12,7 млн. теңге қаражат қарастырылған.

 

Экономикалық блок:

Поселок аумағында 2 ірі қала құрушы кәсіпорын орналасқан: «Қаныш Сәтбаев атындағы канал» Павлодар филиалы басқармасы және "КазСтройМонтаж концерні" ЖШС.

Каналда 771 адам жұмыс істейді. "КазСтройМонтаж концерні " ЖШС щебень шығарумен айналысады. Өз өнімдерін Бозшакөл аумағында КБК салып жатқан «Алсим Аларко Санайи Тесислери ве Тиджарет» АҚ жіберуде. Осы мекеме басшылары мүмкіндіктерінше поселоктің спорттық және мәдени өміріндегі әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектеседі.

         Шідерті теміржол станциясында Павлодар НОД-3 жол бөлімшесінің, Екібастұз ЭЧ-14 электрмен жабдықтау дистанциясының, Екібастұз упч жол дистанциясының, Екібастұз ВЧД-16 вагон жөндеу ортылығының, Екібастұз  ИЧ 25 сигналдық байланыс дистанциясының филиалдары, «Темір жол су», «Лесозащита» ЖШС жүк және жолаушы тасымалдаушы поезд ерді қабылдау және жөнелту жұмыстарын үздіксіз жүргізеді. Аталған кәсіпорындарда барлығы 100 адам еңбек етуде.

Поселок аумағында «Казахмыс» және Бозшакөл КБК салып жатқан «Алсим Аларко Санайи Тесислери ве Тиджарет» АҚ офистері орналасқан.

Шағын және орта бизнес.

Поселок аумағында 5-шқ, 16-ЖК, 5-АҚ, ІІ-ЖШС, 4-ЖҚБ, наубайхана, аяқ киім жөндеу орны, шаштараз, 3 кафе, 1 асхана бар, 2 дөңгелек жөндеу пункті бар.

Ауыл шаруашылығы

Поселок аумағы 12 687 га, оның ішінде ауыл шаруашылыққа арналған _ 12000 га жерді құрайды.

262 жеке аула қысқы азығына 3700 тонна шөп дайындады. Жыл басынан бері Екібастұз қаласының нарықтарына 30 тонна ет сатылды. Қара малдың саны- 1151 бас, ұсақ мал - 2415 бас, жылқы - 182 бас, шошқа - 88 бас.

40 га жерге картоп егіліп, 800 тонна өнім жиналды.

Қоғамдық қауіпсіздік

Полиция бөлімшесінде 12 қызметкер қызмет атқарады. Ағымдағы жылда Шідерті полиция бөлімі құрамымен қылмыс пен құқық бұзушылармен бірненше жұмыс атқарылған. Шідерті поселкесінің аумағында қылмысты ашу - 45 %. Павлодар қаласының емдеу-алдын алу мекемесіне мәжбүрлеп алкогольден және нашақорлықтан емдеуге - 2 адам жіберіліп, 78 адамға хаттама жасалған.

№19 Өрт сөндіру бөлімшесі есеп кезеңінде 45 рет өрт сөндіруге шыққан. Өртке – 11 рет, қоқыстың жануына және дала өртіне  34 рет өрт сөндіруге шыққан. Жалған шақырулар болған жоқ. Осы күні №19 өрт сөндіру бөлімі қажетті техникалық жабдықтармен жабдықталған.

«Қазақтелеком» акционерлік қоғамының бөлімшесі 810 абонентке қызмет етеді. Әр абонементке қалааралық байланыс және «Мегалайн» интернет байланысы қызметі іске қосылған.

         «Қазпочта» АҚ бөлімшесі коммуналдық төлемдер, электр қуатының төлемдерін, және несие өтеу төлемдерін жүргізеді. Зейнеткерлерді, ҰОС-ның ардагерлерін, мүгедектерді жәрдемақымен және зейнетақымен қамтиды. Баспасөз ақпарат құралдарына жазылу жүргізіліп, халыққа дер кезінде таратылады. 2014 жылға - 575 басылымға жазылды. 26 мемлекттік қызмет көрсету жүргізіледі.

Коммуналдық блок

Шідерті поселкесінде екі пәтерлі бір қабатты 155 үй, екі қабатты 70 үй бар. Соның ішінде екі қабатты 69 үй ( 688 пәтер), екі пәтерлі бір қабатты - 146 үй ( 289 пәтер) орталық жылуға қосылған.

Шідерті поселкесінде 61,4 км инженерлік желі бар, соның ішінде: 25км ішкікварталдық жылу және канализация желісі

13 км ішкікварталдық суқұбырлық желісі (Шідерті поселкесі әкімінің аппараты).

8,5 км магистралдық жылу желісі. 9,6 км магистралдық су құбыры.

5,3 км магистралдық канализациялық желісі.

         Солардың 8 км ішкікварталдық жылу желісі, 9,6 км магистралдық су құбыры, 5,3 км магистралдық канализациялық желісі, орталық қазандық, НФС, КНС қ.Сатпаев атындағы арна балансында.

25км ішкікварталдық жылу және канализация желісі «ТКШБ және АЖ»ММ балансында.

13 км ішкікварталдық суқұбырлық желісі Шідерті поселкесі әкімінің аппараты балансында.

Жылу маусымы 10 қазанда басталды. Жылу қазандығы 4 ауысыммен жұмыс істейді. 20 000 тонна көмір қажет.

Шідерті жалпы орта білім беретін мектебі - автономдық жылумен қамтылған. Жылу маусымына 1023 тонна көмір әкелінді.

АП 162/10 мекемесі және Заречный поселкесі. Су құбырының ұзындығы 3,5 км, АП 162/10 мекемесі балансында. Су «Қ.Сатпаев каналынан»  беріледі. Су бөлетін 3 колонка, су мұнара бар.

         Шідерті бекеті. Ұзындығы 6,9 км суқұбыры (<<Теміржол Су-Павлодар» ЖШС балансында) су Қ.Сатпаев каналының НФС бөлімінен беріледі. «Жүз вокзал» КТЖ бағдарламасы бойынша Шідерті станциясындағы Темір жол вокзалында жөндеу жұмыстары жүргізілді, станцияда 200 м кәріз жүйесіне жөндеу жасалған. Ағымдағы жылы Юности көшесіне ішкі жылу жүйелеріне жөндеуге қалалық бюджеттен 19 млн. теңге қаражат бөлінді. Республикалық және облыстық бюджеттен ішкі жылу жүйелері мен су жүйелерін жөндеуге 327 млн. 54 мың теңге.

Мемлекеттік және жеке мүліктердің сақталуына, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көше жарықтарының мәні аз емес. 145 шам есепте бар.

Ағымдағы жылы поселокты жарықтандыруға 4 млн. 808 мың теңге, соның ішәінде көше жарығына қызмет көрсетуге бөлінді. Биыл көше жарықтарына көп тарифтік электр қондырғылары орнатылды. Жолға 171 мың теңге, мемлекеттік пәтерге жөндеу жүргізу үшін 1 млн. 720 мың теңге бөлінді.

 

 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза