Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Бесқауға ауыл әкімінің «2014 жыл бойынша ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» халықпен есептік кездесудің ТЕЗИСТЕРІ

Әкімшілік-аумақтық бірлік.  Бесқауға ауылының  жалпы тұрғындар саны 472 адам.  Павлодар облысы орталығына дейін  арақашықтығы 180 шақырым, Екібастұз қаласына дейін-54 шақырымды құрайды.

Ауылшаруашылық.  Бесқауға ауылында 13 ауылшаруашылық құрылымы бар, оның ішінде ШҚ-10, ЖК-3.  Ал 2015 жылдың 01 қаңтарына  ірі қара мал саны  2274 бас, қой-ешкі 2906 бас,  жылқылар 389 бас, құстар 417 бас. Қыстаққа дайындалған шөп 4987 тонна. 5550 Га жуық жерге бидай, арпа, егілді. «Болат», «Ахметов» ш/қ 8 бас қазақтың ақ бас асыл тұқымды бұқаларын сатып алды. Келер жылы 9 бас алу жоспарлануда.

Шағын кәсіпкерлік. Ауыл аумағында 3  қызмет ететін нысанды бірлік саласы бар: дүкен -2, дәріхана -1. 

Білім.  Жалпы орта білім беретін  мектеп жұмыс істейді, осы мектепте 60 оқушы білім алады, мектеп  Интернет жүйесіне қосылған, тегін тамақтанумен 15 оқушы  қамтылған.  ҰБТ бойынша орташа ұпайы -58, оның ішінде 1 түлек  ЖОО –ға  әкім  грантымен оқуға түсті. Шағын орталықта бала саны 25.

Денсаулық сақтау.  Ауылда дәрігерлік  қызмет көрсететін  медициналық пунктте 2 медқызметкер жұмыс істейді.  

Спорт және мәдениет. Клуб,  кітапхана, футбол алаңшасы бар. Клубқа күрделі жөндеу жүргізілді. Шағын футбол алаңшасы салынды.

Ауыз су. КБМ  толық халықтың сұранысын қамтамасыз етіп тұр. КБМ – нің іші – сыртының тазалығын үнемі қалалық СЭС мамандыры қадағалап, тексеріп тұрады. Биыл жер асты су құбыры  жаңартылды

Бюджет.  Ауылдың ішкі жолдарын ұстау ауыл әкімінің құзырында. 25 шақырым қашықтықтағы Әйтен ауылымен қарым–қатынас қыс айларында ауырлай түседі, бұл шараны іске асыруға жергілікті бюджеттен 550,0 мың теңге бөлінді. Осы жұмысты «Галимов» жеке кәсіпкері атқаруда. Санитарлық тазалық мақсатында 200,0 мың теңге бөлініп, иесіз, бұзылып қалған екі ғимараттың орны тазаланды. Көптеген жылдарда келісімсіз төгілген қатты қалдықтарды жинастыруға 300,0 мың бөлініп, біраз бөлігін жинап алдық. Ол келесі жылда жалғасын табады. Көше шамдарына 100,0 мыңға құрал-жабдықтар алынды. Осы жылы аймақтарды дамыту бағдарламасы щеңберінде  қосымша 23 шам қойылды. Мал суаратын ұңғыма қазылды. Бұл мақсатқа 2,5млн.теңге бөлінді. Екібастұз – Бесқауға жолының 10,5 км бөлігі жөнделді. Ол мақсатқа 122923,4 мың теңге жұмсалды.

Әлеуметтік сала.  2014 жылдың 01 желтоқсанына жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыз ретінде  есепте тұрғандар саны 4 адам. Жыл басынан жаңадан 26 жұмыс орны ашылды. Тұрақты жұмысқа 2 адам орналастырылды,  уақытша жұмыс орнына - 24 адам. Ауылға екі жылдан бері тұңғыш қазақстандық ОТАУ телеарнасын 59 үй (71пайыз) қойғызды. Әр үйге интернет қойғызуға мүмкіндік туды. Биыл 17 үйге интернет желісі орнатылды. Оған қоса, « Қазақтелеком» Екібастұз филиалы клубқа қоғамдық қол жетімді инетрнет құрды.

«Жұмыспен қамту жол картасы -2020» бағдарламасы.  Әлеуметтік жұмыс орнына - 1 адам жіберілді. Бағдарламаның 2-ші бағыты  ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту бойынша 2 адам жеңілдетілген несие алып, өздерінің жеке кәсіптерін кеңейтті. 2 адам кезекте тұр.  1 түлегіміз оқуда.

«Шағын қалаларды дамыту» бағдарламасы.  ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту бойынша 1 адам жеңілдетілген несие алып, өзінің жеке ісін ашты. 

Демеушілер көмегі.  «Болат», «Тилек», «Ахметов» шаруа қожалықтарының қолдауымен мешіттің жылу жүйесіне жөндеу жүргізілді. Мешітке көмірді, аз қамтылғандарға 2 тоннадан  қала әкімі бөлген көмірді «Турсын-ЕК» ЖШС-і тегін жеткізіп берді. Ш/қожалықтары қарттар күніне, жаңа жылға, азқамсыздандырылған отбасының балаларына қайырымдылық көмек қылды. «Болат», «Тилек» шаруа қожалықтарының басшыларының бастамасымен жанар-жағар майларын өздері құйып, Екібастұз-Бесқауға жолына 2800 тонна қиыршық тас төселді.  Техникамен осы шаруашылықтар және Коммунсервис көмектесті. Оған қала басшылығы қолғабыс етті.

Тұрақты  қоғамдық-саяси жағдай.   Мемлекеттік атқарушы органдар қоғамдық ұйымдармен бірге ауылдың  моральді психологиялық жағдайы мен азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін мемлекеттік, ұлттық мейрамдар, қоғамды-саяси, бұқаралық спорттық іс-шаралары өткізілді.

2015 жылға Бесқауға ауылын дамытуға алға қойылған тапсырмалар: Мемлекеттік әлеуметтік  бағдарламаларына қатысу және әр жылы 1-2 ш/қожалықтарын ашу, ішкіауылдық жолдарын, көшелердің жарығын, ауылды абаттандыру бойынша жөндеу  жұмыстарын жалғастыру. Байланыс жүйесін жаңалау. Екібастұз қаласымен ара қатынас жолын күрделі жөндеуді жалғастыру. «Ақбұлақ» бағдарламасы щеңберінде геологиялық зерттеу жұмыстарын бастау. Ауылдың ішкі жолдарын жөндеуге проекті сметалық құжаттарын даярлау.

 

Бесқауға ауылының әкімі                                          Ж. Ибраев