Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Ақкөл ауылдық округі әкімінің «2014 жыл бойынша ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» халықпен есептік кездесудің ТЕЗИСТЕРІ

Әкімшілік – аумақтық бірлік: Ақкөл ауылдық округі Екібастұз қаласының солтүстік шығысында орналасқан. Жалпы жер көлемі 185323 гектар, оның ішінде ауыл шаруашылығы бағытындағы  жер  көлемі 20620 гектар, егістік жер көлемі 9200 гектар. Ауылдық округінің құрамына: Ақкөл, Зеленая роща және Жақсат ауылдары кіреді. Аула саны - 238.  Жалпы тұрғындар саны  1104,  жұмысқа қабілетті адамдар - 710,   зейнеткерлер  105,  мүмкіншілігі шектелген жандар  31, 23  сәби дүниеге келсе, 8 адам қайтыс болды  және  9 отбасы  шаңырақ  көтерді. Жұмыссыздар есебінде тіркелген 1 жұмыссыз тұрақты жұмыспен қамтылды. Округ көлемінде атаулы әлеуметтік көмек алатын тұлғалар жоқ. Халықты жұмыспен қамту орталығында есепте тұрған жұмыссыздар саны - 11.  Ақылы қоғамдық жұмыспен 5 адам қамтамасыз етілді.                            

Ауыл шаруашылығы: Ауылдық округ бойынша  310 шаруа қожалығы  бар.    Шаруа қожалықтарының үлесіндегі жалпы жер көлемі - 23636 гектар.

Ірі қара мал  - 5360, оның ішінде сиыр - 2653,  қой мен ешкі - 6549, жылқы - 3125,  құс -1142.

Биылғы жылы жоспар бойынша   12500 тонна пішен толық  дайындалды.

Ауылдық округтен 7 шаруа қожалығы мал басын асылдандыруға  үкіметтен субсидия алуға қол жеткізді, атап айтсақ  «Тұрар», «Әшім», «Әл-Кәусар», «Бесағайын», «Табыс», «Шерхан» және «Шідерті» шаруа қожалықтары.

Білім, мәдениет, денсаулық және әлеуметтік салалар: «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында Ақкөл жалпы орта білім беретін мектебі биыл үш жас маманмен толықты. Олар баспанамен қамтамасыз етілді.

Мектеп жанындағы интернатта  шалғай елді мекеннің  9  баласы білім алуда. Балалар төрт мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.

Ақкөл және Шідерті мектептерінде 40 бүлдіршінге арналған   шағын орталық толық күнге жұмыс істеп тұр.

«Жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша АЖОББМ-ің   терезелері заманауи  пластикалық әйнекке ауыстырылды. Сондай-ақ, 12 жылдық білім беруге ойын бөлмесі алынды.  

Жергілікті бюджет есебінен Ақкөл және Шідерті мектептерінде жылы әжетхана орнатылды.

Және де Шідерті мектебіндегі шағын орталыққа жылы  еден  төселді. 

         Ақкөл ауылындағы дәрігерлік амбулаториясы мен Зеленая роща ауылындағы медициналық пункт халыққа үздіксіз  қызмет көрсетіп тұр.

 Ақкөл ауылдық дәрігерлік амбулаториясында 2 төсектік күндізгі стационар жұмыс істейді. Жедел жәрдем автомашинасымен қамтамасыз етілген. Заман талабының медициналық құралдарымен, компьютерлермен жабдықталған және 1 дәріхана жұмыс істейді. Дәрі-дәрмекті Зеленая роща және Жақсыат ауылдарына апарып сату жолға қойылған. Жылда   профилактикалық және жылжымалы флюрографиялық тексеруден  225  адам флюрографиялық  тексерістен өтті.

Ауылдық округіне республикалық «Денсаулық жолы» акциясы шеңберінде 325  адамға  әр түрлі деңгейде медициналық  қызмет көрсетілді.

Осы жылы амбулаторияға «Жол картасы 2020» бағдарламасы аясында бюджет қаражатынан 18 млн. тенгеге күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді.

Ақкөл және Зеленая роща ауылының клубтарында түрлі мәдени шаралар өткізіліп тұрады. Ауыл жастары мен тұрғындарынан құралған көркемөнерпаздар  үйірмелерінің мүшелері қалалық, аумақтық сайыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүр.

Ақкөл ауылдық клубына осы жылы «Жол картасы 2020» бағдарламасы аясында бюджет қаражатынан 12 500 000 тенгеге күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді.

Ақкөл ауылында орталықтандырылған кітапханадағы кітап қоры 16064 дана, соның ішінде  қазақ  тілінде  6266 дана  кітап  бар.  Оқырмандар саны 730, оның ішінде 65 мектеп оқушылары. 

Тұрғындарға қажетті анықтамаларын Екібастұз қаласына шықпай ауылдан алуға жағдай жасалып,  ауылдық округі әкімі аппаратының кеңсесінде қол жеткізу пункті де қойылды.

Ауылдық округінде 100 пайыз сымсыз телефон байланысымен қамтамасыз етіліп, «Отау» ТВ  сандық спутниктік телеарнасына тұрғындардың 98 пайызы қосылған.    Ұялы телефон байланысы бар.

Ауыл тұрғындарына салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында спорттық шаралар жиі өткізіліп тұрады. Көршілес ауыл жастарымен жолдастық  кездесулер,  қазақша күрес, ұлттық ат спорты «Көкпар», «Қыз қуу» және «Теңге алу» ұлттық ойындары ұйымдастырылады. Көкпаршыларымыз облыстық құрама командасы кіріп, республикалық сайыстарға қатысып жүр.

Барлық әлеуметтік салалар отынмен қамтамасыз етілді.  

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы: Жеке кәсіпкер Бауыржан Камариденов және Зайда Кенжина, Нартай Мұсабеков шаруашылықтарындағы кәсібін  ұлғайтуға несие алды. Моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша  Аманолла Қайыров, Қуат Абильденов, Аманжол Мақажанов 15 млн. теңге несие алып, өз кәсібін ашты.

«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша жоспарланған 2 адамның орнына 4 адам несие алды, бұлар өз шаруашылықтарын ұлғайтуға «Табыс» шқ. (М.Алғамбаров), «Шерхан» шқ. (Қ.Айтымаев), «Егінбай» шқ. (М.Акишев)  және  «Бес ағайын» шқ (А.Оспанова).

Елді мекендерді көріктендіру: Елді мекендерді көріктендіру жұмыстары жоспарлы түрде іске асырылуда. Ауыл көшелерінің санитарлық тазалығын сақтау мақсатында округ бойынша 9600 тонна көң-қоқыс арнайы орынға шығарылды.

         Көше жарығына және жөндеуіне бюджет есебінен бөлінген 1 млн 397 мың теңге  мақсатты  игерілуде.

Ауылдық округ бойынша 25 шақырым жолды ұстауға бюджеттен қаралған 561 мың  теңге  қаражат   мақсатты игерілді.

Оқушыларды мектепке және мектептен үйлеріне тегін тасымалдауға қаралған  7,1 млн. аса   теңге қаражат өз мақсатында игерілді.

         Тұрғындарды сумен қамтамасыз ету үшін, КБМ-дерді ұстауға және сүзгілерін айырбастауға  бюджет есебінен қаралған 7,8 млн   тенге қаражат мақсатты игерілді.

         «Жайылма жазирасы»  саябағын ұстауға және көріктендіруіне 235 мың    тенге   қаражат бөлінді.

«Өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу  шараларын  іске асыру» бағдарламасы бойынша бейберекет төгілген көң-қоқысты арнайы орынға шығаруға бөлінген 1,2 млн аса теңге қаражат мақсатты игерілді.

Өткен жылғы  ауылдық округі мен қала әкімінің есеп беру кездесуінде көтерілген мәселелер уақытында орындалып, бақылаудан алынды.  Бұлар төмендегідей:

Зеленая роща ауылында тұщы су көзін табу үшін ұңғыма құдық қазу жұмысы жүргізілді.

Ауылдық окруктегі көлік инфрақұрылымына сметалық жобалық құжаты дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өтті.

Балаларды мектепке тегін тасымалдауға жаңадан автобус алынды. 

Атқарылатын жұмыстар: 2015 жылы Ақкөл ауылының құрылғанына 80  жыл толуына байланысты мерейтойды өткізу жоспарда.   Алдағы  жылы осы мерекеге орай Ақкөл ауылында екі көшені және балалар алаңын шарбақпен қоршау, бояу, ауыл көшелерінің жолдарын тегістеп жөндеу, ауылға кірер 8 шақырым жолды жөндеу жұмыстары жоспарлануда. Ауылдық округінің елді мекендеріне қосымша түнгі жарық шамдарын орнату жоспарлануда.

Сондай–ақ, Зеленая роща ауылында 100 орындық мектептің құрылысына сметалық-жобалық құжат жүргізілуде.

 

Ақкөл ауылдық округінің әкім                     Б.Ахтаев