Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Байет ауылдық округі әкімінің «2014 жыл бойынша ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» халықпен есептік кездесудің ТЕЗИСТЕРІ

Әкімшілік-аумақтық бірлік. Байет ауылдық округінде  жалпы тұрғындар саны 1302 адам.  Павлодар облысы орталығына дейін  арақашықтығы 140 шақырым, Екібастұз қаласына дейін-25 шақырымды құрайды. Округтің жалпы  аумағы  - 16548 га.

Ауылшаруашылық.  Байет ауылдық округінде 14 шаруа қожалық, 21 жеке кәсіпкер бар.  Округ бойынша  ірі қара малдар  1943 бас, қой және ешкілер 5374 бас,  жылқылар 699 бас  және  құстар 268 басты құрады. 5700 тонна шөп дайындалды. Есептік мерзімде  42  тн ет, 20 тн сүт өндірілді.

Жеке кәсіпкерлермен әлеуметтік маңызы бар  азық-түлік тауарларының  бағаларын тұрақтандыру бойынша 2 азық-түлік дүкендермен меморандумға қол қойылды. 2014 жылы «Жұмыспен қамту ЖК-2020» бағдарламасы аясында 9 жекекәсіп ашылып 16 млн  3200 тенгенің несиесі игерілді.

Мәдениет, білім және денсаулық саласы:

Байет ауылдық округі бойынша Байет және Атығай ауылында 11 жылдық 2 орта мектепте 2014- 2015 жылдың оқу жылында 231 оқушы оқуға қамтылды. Оның ішінде Байет орта мектебінде 141 оқушы, Атығай ауылында 90 оқушы ал  26 бала дайындық тобында оқыса, 40 бала шағын бала бақшаға қамтылған. 

 Байет, Атығай ауылдарында медициналық пункт жұмыс істейді.  Екі ауылда 3 медқызметкер жұмыс істейді. 2014 жылы округ бойынша 28 бала өмірге келді.

Есепті кезеңде ауыл клубтары 2014 жылға арналған жұмыс жоспары бойынша жұмыс істеді. Округ бойынша 2 клуб, 1 кітапхана  бар.

Әлеуметтік сала.  Байет ауылдық округі бойынша МАӘК алушы отбасы жоқ, балалы отбасына берілетін мемлекеттік жәрдемақы алушы   отбасы -1.

Қоғамдық-саяси жағдай. Мемлекеттік атқарушы органдар қоғамдық ұйымдармен бірге округтің моральдіқ психологиялық жағдайы мен азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін мемлекеттік, ұлттық мейрамдар, қоғамдық-саяси, бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізілді.

 

                                                                                                   

          Байет ауылдық округінің

                             әкімі                                                        Д.Амантай