Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Виртуалдық қабылдау

Құрметті екібастұздықтар – виртуалды қабылдаудың қонақтары!

 

Бұл ақпараттық ресурсты пайдалану арқылы біз арамыздағы қарым-қатынасты одан әрі нығайта түсеміз, «күйіп тұрған» мәселелер жөнінде өзара ашық әңгімелер өткізе аламыз.

Сіздерге аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен атқарушы органның жасап отырған жұмысы жөнінде толық апқарат алуға қосымша мүмкіндік беріліп отыр.

Екібастұзда болып жатқан оқиғаларға байланысты көзқарастарыңыз бен тың пікірлеріңізді, аймақтағы күрделі мәселелердің нақты шешімін табуда айтар орынды ұсыныс-тілектеріңізді күтемін.

 Сіздердің өтініштеріңіз уақытында және дұрыс қаралу үшін сайтта көрсетілген Блог жұмысының ережелерін ұстануларыңызды сұраймын. 

Құрметті екібастұздықтар – виртуалды қабылдауға келушілер!

 

Сіздердің Екібастұз қаласы әкімінің виртуалды қабылдауына келіп түсетін өтініштеріңіз Екібастұз қаласы әкімі аппаратының кеңсесінде тіркелуге жатады. Өтінішті тіркеп, оны жауапты орындаушыға жіберген соң, Сіздің өтінішіңіз «Виртуалды қабылдау» бөліміне  орналастырылады.      

Ескертпе: өтініштерді тіркеу демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - жұма аралығында сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін жүзеге асады.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 8 – бабына сәйкес хабарлайтыным, қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлмейтiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi күнтiзбелiк он бес күн iшiнде қаралады.

Қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлетiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi субъектiге, лауазымды тұлғаға келiп түскен күнiнен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде қаралады және ол бойынша шешiм қабылданады.

Авторын белгiлеу мүмкiн емес, қолтаңбасы, оның iшiнде электрондық цифрлық қолтаңбасы, арыз берушiнiң почталық мекенжайы жоқ иесi бүркемеленген өтiнiштер қарауға жатпайды.

Сондықтан келесіде «қонақ», «аноним», «жақсылық тілеуші», «жолдастар тобы», «ауыл тұрғындары», «ата-аналар» т.с.с. лақап аттарды қолдану рұқсат етілмейді. Басқа нақты сұхбаттасушыға арналған бейресми сипаттағы хабарламаны үшінші жақтағы адамдармен мәселені талқылау үшін блогты пошталық хабарландыру тақтасы ретінде пайдалануға болмайды.

 

 Екібастұз қаласы әкімінің аппараты

Жамайхан Гүлбадам: Шағым

16.08.2018 Құрметті Қайрат Нүкенов! Мен Екібастұз қаласы Бесқауға ауылының тұрғыны Жамайхан Гүлбаданмын.

Толығырақ →


Жумадилова Дария Ертайқызы: Жол

06.08.2018 Құрметті Қайрат Теміршотұлы! Сіздің бастамаңызбен биыл қаланың шеткі шағынаудандарының кварталішілік жолдарына асфальт төселді.

Толығырақ →


Аубакирова Айгерим Айтмагамбетовна: Қалалық перзентхана

20.07.2018 Сәлеметсіз бе, Қайрат Теміршотұлы. Маусым айының аяғында Екібастұз қаласының перзентханасында 4 сəбиім дүниеге келді.

Толығырақ →


Алданов Қожакелді Тоқберген: шағым хат

16.07.2018 Құрметті Қайрат Нүкенов мырза! Бізді алаңдатан мəселе Солнечный кенті Конституция көшесіндегі 10 үй жанындағы жол

Толығырақ →


Убабаева Балнур Толеубаевна: Жалобы

05.07.2018 Сəлеметсіздер ме!! Менің бұл сайтқа жазып отырған себебім біз энергетиков 103 кв 68 тұрамыз біздерде үнемі ыстық су болмайды

Толығырақ →


Сейсова Жазила Баймуратовна: Өтініш

29.06.2018 Мен Целинная 70 -25 пәтерде тұрамын. Сол үйде ыстық су дұрыс болмайды

Толығырақ →


Абилов Руслан Абилович: Əкім мырзага

29.06.2018 Əкім мырза. Мен Абилов Руслан жəне келіншегім Оразбаева Əсел екеуміз Екібастұз каласына сəуірдін 15 куні программа бойынша (онтүстіктен солтүстікке коныс аудару)көшіп келдік.

Толығырақ →


Иман Азамат: Благодарность

25.06.2018 АЛҒЫС Жуырда отбасымызға қиын сынақ келді. Аяулы перзентіміз , асыл жар, ардақты әке – Азамат Серікұлы Иман аяқ-астынан қатты науқастанып қалды.

Толығырақ →


Калиева Индира Сарсембаевна: Қала әкіміне Алғыс білдіреміз!

19.06.2018 2018 жылдың 16-маусым күні Глинка атындағы музыкалық мектебінде түлектер кеші өтті.

Толығырақ →


шиқылдақ ауылдық мектебінің оқушыларының ата аналары ата-аналар атынан ата-аналар атынан: білім бөліміне міндетті түрде қарастыру

06.06.2018 Құрметті білім бөлімінің басшысы, сізге Комсомол жалпы білім беретін мектебінің оқушыларының ата-аналарынан өтінішіміз бар.

Толығырақ →


Таурбаева Динара Алмасбековна: Баламды балабақшаға орналастыру

04.06.2018 Салеметсізбе! Біз жанұямызбен "солтүстікті қазақтандыру" бағдарламасы бойынша Қызылорда облысынан көшіп келдік

Толығырақ →


Байбосын Сайлау Ашенович: Жылу және ыстық су жоқ

21.05.2018 Мен тұратын үйде (Энергетиков көшесі, 97 үй, 12 пәтер) қыс бойы дұрыс жылу және ыстық су болған жоқ.

Толығырақ →


Зардыхан Маншук Зардыханқызы: Қала əкіміне үй туралы өтініш

17.05.2018 Құрметті Қайрат Теміршотұлы! мее Шиқылдақ ауылының мед бикесі Зардыхан Маншукпін.

Толығырақ →


Зардыхан Маншук Зардыханқызы: Қала əкіміне үй туралы өтініш

16.05.2018 Құрметті Қайрат Теміршотұлы,менің жазған хатыма жауап берсеңіздер деймін

Толығырақ →