Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Виртуалдық қабылдау

Құрметті екібастұздықтар – виртуалды қабылдаудың қонақтары!

 

Бұл ақпараттық ресурсты пайдалану арқылы біз арамыздағы қарым-қатынасты одан әрі нығайта түсеміз, «күйіп тұрған» мәселелер жөнінде өзара ашық әңгімелер өткізе аламыз.

Сіздерге аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен атқарушы органның жасап отырған жұмысы жөнінде толық апқарат алуға қосымша мүмкіндік беріліп отыр.

Екібастұзда болып жатқан оқиғаларға байланысты көзқарастарыңыз бен тың пікірлеріңізді, аймақтағы күрделі мәселелердің нақты шешімін табуда айтар орынды ұсыныс-тілектеріңізді күтемін.

 Сіздердің өтініштеріңіз уақытында және дұрыс қаралу үшін сайтта көрсетілген Блог жұмысының ережелерін ұстануларыңызды сұраймын. 

 

Қайрат Теміршотұлы Нүкенов, Екібастұз қаласының әкімі




Құрметті екібастұздықтар – виртуалды қабылдауға келушілер!

 

Сіздердің Екібастұз қаласы әкімінің виртуалды қабылдауына келіп түсетін өтініштеріңіз Екібастұз қаласы әкімі аппаратының кеңсесінде тіркелуге жатады. Өтінішті тіркеп, оны жауапты орындаушыға жіберген соң, Сіздің өтінішіңіз «Виртуалды қабылдау» бөліміне  орналастырылады.      

Ескертпе: өтініштерді тіркеу демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - жұма аралығында сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін жүзеге асады.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 8 – бабына сәйкес хабарлайтыным, қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлмейтiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi күнтiзбелiк он бес күн iшiнде қаралады.

Қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлетiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi субъектiге, лауазымды тұлғаға келiп түскен күнiнен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде қаралады және ол бойынша шешiм қабылданады.

Авторын белгiлеу мүмкiн емес, қолтаңбасы, оның iшiнде электрондық цифрлық қолтаңбасы, арыз берушiнiң почталық мекенжайы жоқ иесi бүркемеленген өтiнiштер қарауға жатпайды.

Сондықтан келесіде «қонақ», «аноним», «жақсылық тілеуші», «жолдастар тобы», «ауыл тұрғындары», «ата-аналар» т.с.с. лақап аттарды қолдану рұқсат етілмейді. Басқа нақты сұхбаттасушыға арналған бейресми сипаттағы хабарламаны үшінші жақтағы адамдармен мәселені талқылау үшін блогты пошталық хабарландыру тақтасы ретінде пайдалануға болмайды.

 

 Екібастұз қаласы әкімінің аппараты

Серикбаева Салтанат Женисовна: акиму
05.01.2015 Құрметті Екібастұз қаласының әкімі. мен 1 линейный көшесінде тұрамын. 5 қабатта
нурмагамбетова лязат: баспана
30.12.2014 Сәлеметсіз бе? Келесі 2015 жылы мемлекеттік қаржысынан үйлер салу жоспарда бар ма?
Марат: Салеметсизбе
18.12.2014 Мен Байет ауылынынын тургынымын уймди кар басты далага шыга алмай калдык
Айнур: Кар тазалау
12.12.2014 Саеметсизбе, . Мен Байет ауылынын тургынымын.
Байет ауылының тұрындары: Жұмыссыздық
04.12.2014 Құрметті Вербняк Александр Фёдорович. Сізге хат жолдап отыран Байет ауылының тұрындары