kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Виртуалдық қабылдау

Құрметті екібастұздықтар – виртуалды қабылдаудың қонақтары!

 

Бұл ақпараттық ресурсты пайдалану арқылы біз арамыздағы қарым-қатынасты одан әрі нығайта түсеміз, «күйіп тұрған» мәселелер жөнінде өзара ашық әңгімелер өткізе аламыз.

Сіздерге аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен атқарушы органның жасап отырған жұмысы жөнінде толық апқарат алуға қосымша мүмкіндік беріліп отыр.

Екібастұзда болып жатқан оқиғаларға байланысты көзқарастарыңыз бен тың пікірлеріңізді, аймақтағы күрделі мәселелердің нақты шешімін табуда айтар орынды ұсыныс-тілектеріңізді күтемін.

 Сіздердің өтініштеріңіз уақытында және дұрыс қаралу үшін сайтта көрсетілген Блог жұмысының ережелерін ұстануларыңызды сұраймын. 

 

Қайрат Теміршотұлы Нүкенов, Екібастұз қаласының әкімі




Құрметті екібастұздықтар – виртуалды қабылдауға келушілер!

 

Сіздердің Екібастұз қаласы әкімінің виртуалды қабылдауына келіп түсетін өтініштеріңіз Екібастұз қаласы әкімі аппаратының кеңсесінде тіркелуге жатады. Өтінішті тіркеп, оны жауапты орындаушыға жіберген соң, Сіздің өтінішіңіз «Виртуалды қабылдау» бөліміне  орналастырылады.      

Ескертпе: өтініштерді тіркеу демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - жұма аралығында сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін жүзеге асады.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 8 – бабына сәйкес хабарлайтыным, қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлмейтiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi күнтiзбелiк он бес күн iшiнде қаралады.

Қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлетiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi субъектiге, лауазымды тұлғаға келiп түскен күнiнен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде қаралады және ол бойынша шешiм қабылданады.

Авторын белгiлеу мүмкiн емес, қолтаңбасы, оның iшiнде электрондық цифрлық қолтаңбасы, арыз берушiнiң почталық мекенжайы жоқ иесi бүркемеленген өтiнiштер қарауға жатпайды.

Сондықтан келесіде «қонақ», «аноним», «жақсылық тілеуші», «жолдастар тобы», «ауыл тұрғындары», «ата-аналар» т.с.с. лақап аттарды қолдану рұқсат етілмейді. Басқа нақты сұхбаттасушыға арналған бейресми сипаттағы хабарламаны үшінші жақтағы адамдармен мәселені талқылау үшін блогты пошталық хабарландыру тақтасы ретінде пайдалануға болмайды.

 

 Екібастұз қаласы әкімінің аппараты

Найманова Сапура Темирбековна: Наурыз мерекесінен алғыс
27.03.2018 Мен Найманова Сапура Темербековна осы 31 мөлтек ауданында 12 жыл тұрамын

Акнурова С.И.: Алғыс
27.03.2018 № 17 жалпы білім беретін мектебінде 22 Наурыз мерекесі күні кең ауқымды іс – шаралар ұйымдастырылды.

Искужанов Қадыржан Мұxамедқалиевич: Наурыз мерекесі
27.03.2018 Наурыз – жыл басы, Ұлыстың ұлы күні. Күн мен түннің, ыстық пен суықтың, қыс пен жаздың, қараңғы мен жарықтың теңелетін, жер арқасы кеңіп, күллі тіршілік әлемі қайта түлейтін табиғат мерекесі.

Анафина Жанар: Наурыз мерекесіне алғыс
27.03.2018 Биылғы Наурыз мейрамын 31 ықшам аудан тұрғындары көпке дейін есіне түсіріп жүреді.

Искакова Назгуль Нургалиева: Почему в квартире холодно
19.03.2018 Салеметсизбе Кайрат Темиршотович! Ата анам Бухар жырау 274а кошесиндеги екі этажды уйде тұрады.мына уй тастай суык

Садвакасова Самал Мурзатаевна: Жол қатынасы жөнінде
16.03.2018 Аса құрметті Қайрат Теміршотұлы! Солнечный кентінде Сіздің қатысуыңызбен өткен əкімнің есеп беру жиынында Солнечный -Екібастұз бағытындағы автобус мәселесі жөнінде сөз болып, оны 3 күнінің ішінде шешуді бұйырған едіңіз.

Шавдирова Айнагуль Сарсенбаевна:Ұсыныс
26.02.2018 Қайырлы күн қымбатты Қайрат Теміршотұлы. Мен Айнагүл Сәрсенбайқызы жергілікті телеарнаға арналған ұсыныстарым мен жобаларым бар еді.

Түсіпбаева Раушан Қонақбайқызы: Көршінің тәртібі жөнінде
22.02.2018 Құрметті Қайрат Теміршотұлы! Біз тұратын Әуезов көшесі, 157-үйдің 46-пәтерінде Л.В. атты орыс жігіті тұрады

Жуматай Шаймерденов Кайдарович: Марапатқа ұсынамын
21.02.2018 Екібастұз қаласының уақытша айықтырғыш бөлімінде 09.07.2016ж кезекші дәргер болған Тагимов Нұртасқа ерекше марапат жасауыңызды сұраймын!

Нағима Сайтжанқызы Сулайманова: Полигон
14.02.2018 Құрметті Қайрат Теміршотұлы! Менің төмендегі сұрақтарымды тиісті мамандарға жолдап, жауаптарын сайтқа жариялауды сұраймын.

Жамайхан Гүлбадам: Өтініш
08.02.2018 Құрметті Қайрат Теміршотұлы! Сізге Екібастұз қаласына қарасты Бесқауға ауылы тұрғындары атынан өтініш.

Катбенова Айтжан Ниязбековна: Тұрғын үй мәселесі
05.02.2018 Құрметті Екібастұз қаласының әкімі Қайрат Теміршотұлы сізге Екібастұз тұрғыны Қатбенова Айтжаннан өтініш.

Қадыров Медет Әбдішұлы: Көктайғақпен күрес
01.02.2018 Құрметті Қайрат Теміршотұлы! Қаламызда өткен жылы көп іс атқарылды.

kkkk ааа тгьо: Отарқа газеті
30.01.2018 Сәліметсіз бе? Жергілікті қалалық Отарқа газетіне мақала жариялайын десең, подписка 1 жылға организациядан 25 дана болу керек дейді.

 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза