Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Виртуалдық қабылдау

Құрметті екібастұздықтар – виртуалды қабылдаудың қонақтары!

 

Бұл ақпараттық ресурсты пайдалану арқылы біз арамыздағы қарым-қатынасты одан әрі нығайта түсеміз, «күйіп тұрған» мәселелер жөнінде өзара ашық әңгімелер өткізе аламыз.

Сіздерге аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен атқарушы органның жасап отырған жұмысы жөнінде толық апқарат алуға қосымша мүмкіндік беріліп отыр.

Екібастұзда болып жатқан оқиғаларға байланысты көзқарастарыңыз бен тың пікірлеріңізді, аймақтағы күрделі мәселелердің нақты шешімін табуда айтар орынды ұсыныс-тілектеріңізді күтемін.

 Сіздердің өтініштеріңіз уақытында және дұрыс қаралу үшін сайтта көрсетілген Блог жұмысының ережелерін ұстануларыңызды сұраймын. 

Құрметті екібастұздықтар – виртуалды қабылдауға келушілер!

 

Сіздердің Екібастұз қаласы әкімінің виртуалды қабылдауына келіп түсетін өтініштеріңіз Екібастұз қаласы әкімі аппаратының кеңсесінде тіркелуге жатады. Өтінішті тіркеп, оны жауапты орындаушыға жіберген соң, Сіздің өтінішіңіз «Виртуалды қабылдау» бөліміне  орналастырылады.      

Ескертпе: өтініштерді тіркеу демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - жұма аралығында сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін жүзеге асады.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 8 – бабына сәйкес хабарлайтыным, қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлмейтiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi күнтiзбелiк он бес күн iшiнде қаралады.

Қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлетiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi субъектiге, лауазымды тұлғаға келiп түскен күнiнен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде қаралады және ол бойынша шешiм қабылданады.

Авторын белгiлеу мүмкiн емес, қолтаңбасы, оның iшiнде электрондық цифрлық қолтаңбасы, арыз берушiнiң почталық мекенжайы жоқ иесi бүркемеленген өтiнiштер қарауға жатпайды.

Сондықтан келесіде «қонақ», «аноним», «жақсылық тілеуші», «жолдастар тобы», «ауыл тұрғындары», «ата-аналар» т.с.с. лақап аттарды қолдану рұқсат етілмейді. Басқа нақты сұхбаттасушыға арналған бейресми сипаттағы хабарламаны үшінші жақтағы адамдармен мәселені талқылау үшін блогты пошталық хабарландыру тақтасы ретінде пайдалануға болмайды.

 

 Екібастұз қаласы әкімінің аппараты

Айғаным: жол жүру ақысы

18.02.2015 Құрметті Александр Федорович! Мен қаладағы медициналық колледждің студентімін

Толығырақ →


Айнұр Қаратаева: Аялдама

24.01.2015 Хат жолдау себебім – №2,22,3,5 бағытты автобустары аялдайтын «нарық» аялдамасын сүт, балық өнімдерін, басқа да ұсақ-түйек заттарды саудалайтын саудагер әжелер жайлап алғандықтан автобусты күтіп отыратын орындық жоқ

Толығырақ →


Баян: Қызмет көрсету

09.01.2015 Құрметті Александр Федорович! Менің хатты жазуыма себепші болған жай, №3 маршрутты автобустың шопыры мен кондукторының жолдасым мен балаларға танытқан дөрекілігі.

Толығырақ →


Серикбаева Салтанат Женисовна: акиму

05.01.2015 Құрметті Екібастұз қаласының әкімі. мен 1 линейный көшесінде тұрамын. 5 қабатта

Толығырақ →


нурмагамбетова лязат: баспана

30.12.2014 Сәлеметсіз бе? Келесі 2015 жылы мемлекеттік қаржысынан үйлер салу жоспарда бар ма?

Толығырақ →


Марат: Салеметсизбе

18.12.2014 Мен Байет ауылынынын тургынымын уймди кар басты далага шыга алмай калдык

Толығырақ →


Айнур: Кар тазалау

12.12.2014 Саеметсизбе, . Мен Байет ауылынын тургынымын.

Толығырақ →


Байет ауылының тұрындары: Жұмыссыздық

04.12.2014 Құрметті Вербняк Александр Фёдорович. Сізге хат жолдап отыран Байет ауылының тұрындары

Толығырақ →


Айда: хат

19.11.2014 Сәлеметсіз бе? Сізге Бесқауға ауылының тұрғындары атынан хат жолдап отырмыз

Толығырақ →


Айгүл Шоштаева: Ашық жатқан люктер

04.11.2014 Өткен, сәрсенбі күні, яғни 29 қазаны күні, мен Омская көшесімен вокзалдан СЕГА-ойл жанармай құю бекетіне бара жатқан жолымда бетін қар жапқан канализациялық люкке сол аяғыммен түсіп кеттім

Толығырақ →


Самал Саматкызы: модернизация

13.10.2014 Курметти аким мырза! Мен Королав 98 кошеси тургынымын, биздин уй шатырынын жондеу жумыстары али аякталмаган

Толығырақ →


Раушан: Ыстық су

11.06.2014 Мен қыста сізге пәтерімдегі жылу мәселесін айтып хат жазған болатынмын

Толығырақ →


Смагулова Эльмира: Автовокзалдың қызметі бойынша

05.06.2014 Мен Смагулова Эльмира. 2014 жылдың 4 маусымы күні Екібастұз қаласынан Астана қаласына автовокзал арқылы жолға шыққан болатынмын.

Толығырақ →


Арай: Арыз

28.04.2014 Сәлеметсіз бе, КСК Арай диспетчері өте дөрекі сөйлейді, қазақша білмейді, ал председателі қатты дауыс көтереді неге?

Толығырақ →