Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Виртуалдық қабылдау

Құрметті екібастұздықтар – виртуалды қабылдаудың қонақтары!

 

Бұл ақпараттық ресурсты пайдалану арқылы біз арамыздағы қарым-қатынасты одан әрі нығайта түсеміз, «күйіп тұрған» мәселелер жөнінде өзара ашық әңгімелер өткізе аламыз.

Сіздерге аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен атқарушы органның жасап отырған жұмысы жөнінде толық апқарат алуға қосымша мүмкіндік беріліп отыр.

Екібастұзда болып жатқан оқиғаларға байланысты көзқарастарыңыз бен тың пікірлеріңізді, аймақтағы күрделі мәселелердің нақты шешімін табуда айтар орынды ұсыныс-тілектеріңізді күтемін.

 Сіздердің өтініштеріңіз уақытында және дұрыс қаралу үшін сайтта көрсетілген Блог жұмысының ережелерін ұстануларыңызды сұраймын. 

Құрметті екібастұздықтар – виртуалды қабылдауға келушілер!

 

Сіздердің Екібастұз қаласы әкімінің виртуалды қабылдауына келіп түсетін өтініштеріңіз Екібастұз қаласы әкімі аппаратының кеңсесінде тіркелуге жатады. Өтінішті тіркеп, оны жауапты орындаушыға жіберген соң, Сіздің өтінішіңіз «Виртуалды қабылдау» бөліміне  орналастырылады.      

Ескертпе: өтініштерді тіркеу демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - жұма аралығында сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін жүзеге асады.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 8 – бабына сәйкес хабарлайтыным, қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлмейтiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi күнтiзбелiк он бес күн iшiнде қаралады.

Қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлетiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi субъектiге, лауазымды тұлғаға келiп түскен күнiнен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде қаралады және ол бойынша шешiм қабылданады.

Авторын белгiлеу мүмкiн емес, қолтаңбасы, оның iшiнде электрондық цифрлық қолтаңбасы, арыз берушiнiң почталық мекенжайы жоқ иесi бүркемеленген өтiнiштер қарауға жатпайды.

Сондықтан келесіде «қонақ», «аноним», «жақсылық тілеуші», «жолдастар тобы», «ауыл тұрғындары», «ата-аналар» т.с.с. лақап аттарды қолдану рұқсат етілмейді. Басқа нақты сұхбаттасушыға арналған бейресми сипаттағы хабарламаны үшінші жақтағы адамдармен мәселені талқылау үшін блогты пошталық хабарландыру тақтасы ретінде пайдалануға болмайды.

 

 Екібастұз қаласы әкімінің аппараты

Оспанова Гульсум Амангельдиновна: Жаңа ойын алаңы ескісінен де қауыпті

06.10.2017 Сәлеметсіз бе, әкім мырза! Біздің аулаға жуырда ғана жаңа, заманауй ойын алаңын әкеліп орнатты

Толығырақ →


Самуратоваа Анар Аскаровна: Квартира

25.08.2017 Сəлеметсіз бе? Мен пәтерге кезекте 631 тұрмын. Қазіргі таңда 3 баламмен анамның үйінде 2 ком акиматтың Үйінде тұрып жатырмын.

Толығырақ →


казенова назерке нышановна: ыстық су

22.08.2017 Құрметті Қайрат Теміршотұлы, Сізге Королев көшесі 80 үйдегі ыстық су мәселесі бойынша жазып отырмын

Толығырақ →


Мухаметжанова Майда Ташимовна: Өтініш

16.08.2017 Менің сізге өтініш беру себебім,жалғыз басты анамын , мамандығым педучилище,уйімнің комуслугасын төлей алмай жүрмін

Толығырақ →


Айтуган Марал Айтуган: Жас маман

27.07.2017 Құрметті Қайрат Теміршотұлы!мен осы жылы ЖОО қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген едім

Толығырақ →


Жанаргүл Әбдікәрімқызы Қадырова: Пәтерді жекешелендіру

11.07.2017 Мен 2011 жылы кезек тәртібімен Энергетиктер көшесі, 107-62 мекенжайынан екі бөлмелі пәтер алған едім

Толығырақ →


Оспанова Гульсум Амангельдиновна: сұрақ

30.06.2017 Мен - Екібастұз қаласының тұрғынымын. Үш балалы анамын

Толығырақ →


Гүлсім Амангелдіқызы Оспанова: сұрақ

29.06.2017 Мен - Екібастұз қаласының тұрғынымын. Үш балалы анамын.

Толығырақ →


Сабденбеков Нурбол Суйнбекович: Әділ шешімі болады деп ойлаймын!

27.06.2017 КСК ,,АРАЙ-7Эк,, басқармасы 24-25.06.2017 суды өшіріп қосқаны үшін 1000-теңге орнына 2000-мың теңге талап етті

Толығырақ →


Самратов Ерік Сансызбайевич: жол мәселесі

23.06.2017 Сәлеметсіз бе! Степная көшесі бойымен жол құрылысы басталуда, сурагым менім Зеленая көшесі мен Степная қиылысында байланыс бағанасы жолдың ортасына жақын орналасқан

Толығырақ →


Жомарт Дулат Жомартұлы: 2 емханага дейын баратын автобус аз

02.06.2017 Құрметті әкім мырза мен 19 шагын ауданы Королева 70 а көшесінде тұрамын

Толығырақ →


Шакенова Светлана Барлыбаевна: Ломоносова 15а

31.05.2017 Сәлеметсіз бе.Мен Ломоносова 15а турамын.Меным быр өтініш бар,кұрметті әкім ,сыз быздын үйде келеңсіз, қараңыз, қалай быз түрамыз,сыз өзіңіз көзімен көрсеңіз, сызге бәрің түсінікті​ болады

Толығырақ →


Серикбай Салтанат Женисовна: үй мәселесі.

24.05.2017 Сәлеметсізбе, КайратТеміршотұлы! Мен 1 линейный 2а көшесінде 74 пәтерінде

Толығырақ →


Жанна Абдыкаримова Омашевна: Балалар ауласы

23.05.2017 Әуезов көшесі, 157 үйдің алдындағы балалар алаңшасы қараусыз жатыр

Толығырақ →