Қабылдау:8 (7187) 341000 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Виртуалдық қабылдау

Құрметті екібастұздықтар – виртуалды қабылдаудың қонақтары!

 

Бұл ақпараттық ресурсты пайдалану арқылы біз арамыздағы қарым-қатынасты одан әрі нығайта түсеміз, «күйіп тұрған» мәселелер жөнінде өзара ашық әңгімелер өткізе аламыз.

Сіздерге аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен атқарушы органның жасап отырған жұмысы жөнінде толық апқарат алуға қосымша мүмкіндік беріліп отыр.

Екібастұзда болып жатқан оқиғаларға байланысты көзқарастарыңыз бен тың пікірлеріңізді, аймақтағы күрделі мәселелердің нақты шешімін табуда айтар орынды ұсыныс-тілектеріңізді күтемін.

 Сіздердің өтініштеріңіз уақытында және дұрыс қаралу үшін сайтта көрсетілген Блог жұмысының ережелерін ұстануларыңызды сұраймын. 

Құрметті екібастұздықтар – виртуалды қабылдауға келушілер!

 

Сіздердің Екібастұз қаласы әкімінің виртуалды қабылдауына келіп түсетін өтініштеріңіз Екібастұз қаласы әкімі аппаратының кеңсесінде тіркелуге жатады. Өтінішті тіркеп, оны жауапты орындаушыға жіберген соң, Сіздің өтінішіңіз «Виртуалды қабылдау» бөліміне  орналастырылады.      

Ескертпе: өтініштерді тіркеу демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - жұма аралығында сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін жүзеге асады.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 8 – бабына сәйкес хабарлайтыным, қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлмейтiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi күнтiзбелiк он бес күн iшiнде қаралады.

Қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлетiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi субъектiге, лауазымды тұлғаға келiп түскен күнiнен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде қаралады және ол бойынша шешiм қабылданады.

Авторын белгiлеу мүмкiн емес, қолтаңбасы, оның iшiнде электрондық цифрлық қолтаңбасы, арыз берушiнiң почталық мекенжайы жоқ иесi бүркемеленген өтiнiштер қарауға жатпайды.

Сондықтан келесіде «қонақ», «аноним», «жақсылық тілеуші», «жолдастар тобы», «ауыл тұрғындары», «ата-аналар» т.с.с. лақап аттарды қолдану рұқсат етілмейді. Басқа нақты сұхбаттасушыға арналған бейресми сипаттағы хабарламаны үшінші жақтағы адамдармен мәселені талқылау үшін блогты пошталық хабарландыру тақтасы ретінде пайдалануға болмайды.

 

 Екібастұз қаласы әкімінің аппараты

Искакова Назгуль Нургалиева: Почему в квартире холодно

19.03.2018 Салеметсизбе Кайрат Темиршотович! Ата анам Бухар жырау 274а кошесиндеги екі этажды уйде тұрады.мына уй тастай суык

Толығырақ →


Садвакасова Самал Мурзатаевна: Жол қатынасы жөнінде

16.03.2018 Аса құрметті Қайрат Теміршотұлы! Солнечный кентінде Сіздің қатысуыңызбен өткен əкімнің есеп беру жиынында Солнечный -Екібастұз бағытындағы автобус мәселесі жөнінде сөз болып, оны 3 күнінің ішінде шешуді бұйырған едіңіз.

Толығырақ →


Шавдирова Айнагуль Сарсенбаевна:Ұсыныс

26.02.2018 Қайырлы күн қымбатты Қайрат Теміршотұлы. Мен Айнагүл Сәрсенбайқызы жергілікті телеарнаға арналған ұсыныстарым мен жобаларым бар еді.

Толығырақ →


Түсіпбаева Раушан Қонақбайқызы: Көршінің тәртібі жөнінде

22.02.2018 Құрметті Қайрат Теміршотұлы! Біз тұратын Әуезов көшесі, 157-үйдің 46-пәтерінде Л.В. атты орыс жігіті тұрады

Толығырақ →


Жуматай Шаймерденов Кайдарович: Марапатқа ұсынамын

21.02.2018 Екібастұз қаласының уақытша айықтырғыш бөлімінде 09.07.2016ж кезекші дәргер болған Тагимов Нұртасқа ерекше марапат жасауыңызды сұраймын!

Толығырақ →


Нағима Сайтжанқызы Сулайманова: Полигон

14.02.2018 Құрметті Қайрат Теміршотұлы! Менің төмендегі сұрақтарымды тиісті мамандарға жолдап, жауаптарын сайтқа жариялауды сұраймын.

Толығырақ →


Жамайхан Гүлбадам: Өтініш

08.02.2018 Құрметті Қайрат Теміршотұлы! Сізге Екібастұз қаласына қарасты Бесқауға ауылы тұрғындары атынан өтініш.

Толығырақ →


Катбенова Айтжан Ниязбековна: Тұрғын үй мәселесі

05.02.2018 Құрметті Екібастұз қаласының әкімі Қайрат Теміршотұлы сізге Екібастұз тұрғыны Қатбенова Айтжаннан өтініш.

Толығырақ →


Қадыров Медет Әбдішұлы: Көктайғақпен күрес

01.02.2018 Құрметті Қайрат Теміршотұлы! Қаламызда өткен жылы көп іс атқарылды.

Толығырақ →


kkkk ааа тгьо: Отарқа газеті

30.01.2018 Сәліметсіз бе? Жергілікті қалалық Отарқа газетіне мақала жариялайын десең, подписка 1 жылға организациядан 25 дана болу керек дейді.

Толығырақ →


Ахметова Нурай Сериковна: Әкімдік бөлімдер

24.01.2018 Сәлеметсіздер ме! Жана жылдарынызбен! Өтініш, барлық әкімдік бөлімдердің байланыс телефондарын өзгертсеңіздер екен

Толығырақ →


Сулейменова Майкен Ташимовна: Өтініш

16.01.2018 Мен,Сулейменова Майкен жалғыз басты анасын,үйім жоқ, жолдасым осыдан 20 жыл бұрын қайтыс болған.

Толығырақ →


Айдарұлы Бақытжан Erka_-_87@mail.ru Айдарұлы: Шағым

07.12.2017 Сәлеметсізбе құрметті Қайрат Теміршотұлы Сіз ауылдық жерлердегі жастардың спортпен шұғылдануын қолдайсыз деп білеміз.

Толығырақ →


Дюсенов Багдат Даниярович: Көше атауларын өзгертуге қатысты

29.11.2017 Екібастұз қаласының әкімі Қ.Т. Нүкенов мырзаға Құрметті Қайрат Теміршотұлы! Қазақ энергетикасы ғылымының негізін салушы, техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Халық қаһарманы Шапық Шөкиннің энергетика саласында атқарған ұлан-асыр еңбегі баршаға аян.

Толығырақ →