Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Виртуалдық қабылдау

Құрметті екібастұздықтар – виртуалды қабылдаудың қонақтары!

 

Бұл ақпараттық ресурсты пайдалану арқылы біз арамыздағы қарым-қатынасты одан әрі нығайта түсеміз, «күйіп тұрған» мәселелер жөнінде өзара ашық әңгімелер өткізе аламыз.

Сіздерге аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен атқарушы органның жасап отырған жұмысы жөнінде толық апқарат алуға қосымша мүмкіндік беріліп отыр.

Екібастұзда болып жатқан оқиғаларға байланысты көзқарастарыңыз бен тың пікірлеріңізді, аймақтағы күрделі мәселелердің нақты шешімін табуда айтар орынды ұсыныс-тілектеріңізді күтемін.

 Сіздердің өтініштеріңіз уақытында және дұрыс қаралу үшін сайтта көрсетілген Блог жұмысының ережелерін ұстануларыңызды сұраймын. 

 

Қайрат Теміршотұлы Нүкенов, Екібастұз қаласының әкімі




Құрметті екібастұздықтар – виртуалды қабылдауға келушілер!

 

Сіздердің Екібастұз қаласы әкімінің виртуалды қабылдауына келіп түсетін өтініштеріңіз Екібастұз қаласы әкімі аппаратының кеңсесінде тіркелуге жатады. Өтінішті тіркеп, оны жауапты орындаушыға жіберген соң, Сіздің өтінішіңіз «Виртуалды қабылдау» бөліміне  орналастырылады.      

Ескертпе: өтініштерді тіркеу демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі - жұма аралығында сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін жүзеге асады.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 8 – бабына сәйкес хабарлайтыным, қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлмейтiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi күнтiзбелiк он бес күн iшiнде қаралады.

Қарау үшiн өзге субъектiлерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу не жергiлiктi жерге барып тексеру талап етiлетiн жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтiнiшi субъектiге, лауазымды тұлғаға келiп түскен күнiнен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде қаралады және ол бойынша шешiм қабылданады.

Авторын белгiлеу мүмкiн емес, қолтаңбасы, оның iшiнде электрондық цифрлық қолтаңбасы, арыз берушiнiң почталық мекенжайы жоқ иесi бүркемеленген өтiнiштер қарауға жатпайды.

Сондықтан келесіде «қонақ», «аноним», «жақсылық тілеуші», «жолдастар тобы», «ауыл тұрғындары», «ата-аналар» т.с.с. лақап аттарды қолдану рұқсат етілмейді. Басқа нақты сұхбаттасушыға арналған бейресми сипаттағы хабарламаны үшінші жақтағы адамдармен мәселені талқылау үшін блогты пошталық хабарландыру тақтасы ретінде пайдалануға болмайды.

 

 Екібастұз қаласы әкімінің аппараты


Алпысбаев Нұртабыс Мүсілімұлы: Үй мәселесі,Наурыз мерекесі,СЭС
17.03.2017 1. Менің қызым жас маман ретінде үй кезегіне тіркелген, 2015 жылы.
Бекмаганбетова Гульбану Карабаевна: тұрғын үй
14.03.2017 Мен, Бекмаганбетова Гульбану Карабаевна 2005 жылдың желтоқсан айынан бастап пәтер кезегінде 12 жыл тұрмын
Шакек Акжол Шакекұлы: Екібастұз əкімінен көмек сұраймын!
14.03.2017 Құрметті əкім мырза! Мен Шиқылдақ ауылының тұрғыны Шакек Ақжол. Əкімшілік тарапынан біздің ауылға көмек көрсетуіңізді сұраймын
Темирбаев Нурболат Сапаргалиевич: Баспана маселеси
13.03.2017 Ассалаумагалейкум Мен жас отбасы санатына жатамын баспана маселеси кыйын жумыс болганымен уй жок
Аубакирова Асемгуль Шайкен: SOS №1 поликлиника Экибастуза
28.02.2017 Менің жолдасым Аубакиров К.Б 1972 жылы туылган 2017 жылдың ақпан айының басында жүрегіне шағымдана бастады
аноним аноним аноним: садик
16.02.2017 Салеметсиз бе?Сізге қояр сұрағым мынадай:Неліктен 20 шағын аудандағы бала бақша балаларды қабылдамайды
Жуматай Шаймерденов Кайдарович: Аныктау бөлімшесі ІІБ
25.01.2017 4қаңтарда қала прокуротурасының 165522011000016 істі қайтадан тергеу амалдарын бастау туралы өтініш әлі күнге дейін қозғамай отыр.
Ахметов Кайырболат Амангельдинович: Алғыс хат
23.01.2017 Құрметті Нукенов Кайрат Темиршотович, мен Ахметов Кайырболат Амангельдинович Сатпаев көшесі 12/3
Тұрғын Тұрғын Тұрғын: Өтініш
10.01.2017 Құрметті қала әкімі. Бесқауға ауылы маңында 1 шақырымдай жерде орналасқан құдық істен шыққанына 2 айдан аса уақыт болды
Молдағалиева Несібелді Шәкірқызы: Алғыс хат
04.01.2017 2016 жыл Қазақстан үшін маңызды мерейтойлар мен мерекелік даталарға толы жыл болды.
Алданов Кожакелди Токбергенович: Шығым хат
23.11.2016 Біз кентіміздегі "Жеңіс" саябағында және ауылдық мәдениет үйінде жұргізілген құрылыс жұмыстарына қатыстық
Шакеткенов Букун Тунгушбаевич: Отiнiш
22.11.2016 Курметтi Нукенов Кайрат Темiршотулы!!! Менiн сiзге отiнiш беру себебiм 2004 жылы Баянауыл ауданынан кошiп келдiм
Жан Жанна Муратбековна: Диогностический центр
27.10.2016 Курметты Кайрат Т менын сызден сурарм неге бздн калага бр диогностический центр салмаска сонау павлодарга жберет
Дария Ертайқызы Ерғазина: Жол
19.10.2016 Құрметті Қайрат Теміршотұлы! Сізге Абай көшесі, 131 "А", Абай көшесі, 133 үйдің тұрғындары атынан өтініш жазып отырмын.
Мухамеджанова Рымкеш Ташимовна: Өтініш
04.10.2016 Сәлеметсізбе Нукенов Қайрат Теміршотұлы !!! Мен Екібастұз қаласының зейнеткері, көп балалы ана менің сізге өтініш беру себебім қамқорлық жасайды деген сеніммен
Нұрболат Копежанов: жер мәселесі
16.08.2016 Ассалаумағалейкүм Қайрат Теміршотұлы Мен Копежанов Нұрболат Раушанбекұлы 11.07.74 жылы туылдым
Арбиев көшесінің тұрғындары: Қалпына келтірсін!
12.07.2016 Қайырлы күн, Қайрат Теміршотұлы! Біз, Арбиев көшесінің тұрғындары, төмендегідей жағдайға байланысты шағымданып отырмыз.
Айжан: цены на продукты
07.07.2016 Салеметсызбе!Курметтi Кайрат Темиршотович!!!Сiзден, мына маселеге назар аударуынызды сураймыз!
Жанна: Жертөле
28.06.2016 Сіздің көпқабатты үйлер жертөлелеріне назар аударғаныңызды көріп, қуаныштымыз