Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Төрт-Құдық ауылдық округі әкімінің «2014 жыл бойынша ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» халықпен есептік кездесудің ТЕЗИСТЕРІ

Әкімшілік-аумақтық бірлік - Төрт-Құдық ауылдық округінің аумағында 3 елдімекен орналасқан, олардың ішінде 600 адам тұрады. Облыс орталығы Павлодар қаласына дейін арасы  250 километр , Екібастұз қаласына дейін - 100 километр.

         Ауылдық округ өнеркәсібі. Бозшакөл кен-байыту комбинат құрылысымен ұсынады, «Uniserv» жауакершілік шектеулі серіктестігімен Астана-Павлодар республикалық тас жолы,  ұзындығы 50 километр Төрт-Құдық – Шідерті телімін күрделі жөндеу жене құрылуы басталуда.  Көрсетілген өндірістердің ашылуының нәтижелерінде, жаңа жұмыс орындары жасалып отыр, атап айтқанда – ауыр жүк машиналардың жүргізушілері, бульдозершілер, жол грейдершілер, катоктарды жүргізушілер, жол жұмысшылары, электршілер, дәнекерлеушілер, және т.б., осының барлығы жұмыссыздықтың толық жоқтығына жеткізеді.   

         Ауыл шаруашылық саны. Ауыл шаруашылық құрамасының саны - 8  бірлік, оның ішінде: 7  шаруашылық қожалықтар, 1 фермерлік қожалық.  2015  жылының 01 қаңтарына  ірі қара малдың саны - 1214 бас, ұсақ қара малдың саны – 1588  бас, жылқылардың  саны – 280 бас, құстардың саны – 1085  бас. 2015 жылының бірінші жартыжылдығында жаңа шаруашылық қожалығының ашылуы жоспарлануда, ол жылқылардың санын 400 басқа көтереді.

         Кәсіпкерлік. Әлеуметтік қызмет көрсету нысандардың саны 4 бірлік:   3 дүкен, 1 дәріхана. 2015 жылы Бозшакөл ауылында әлеуметтік моншаның ашылуы жоспарлануда.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Жебе» және «Достар» шаруашылық қожалықтармен және Ж. Абдрахманов жеке тұлғасы  300 бас саулық қойларды және 16 қошқарды несиеге алды. Бүгінгі күнде жоғарыда көрсетілген бағдарламасы бойынша ұсақ қара малдың саны 540 басқа дейін көтерілді

Білім. 2 жалпы білім беретін  мектеп жұмыс істейді,  69 оқушы оқиды, мектептер интернетке қосылған. Мектептерде 2 шағын-центр бар, тәрбиеленушінің саны – 39  бала.

         Денсаулық сақтау. Төрт-Құдық ауылдық округінде денсаулық сақтау нысандардың саны - 2 медициналық пункт,  2 медициналық жұмыскер жұмыс істейді.

         Мәдениет және спорт. Округте 2 ауылдық клуб, 2 кітапхана жұмыс істейді. Ауыл тұрғындармен "Отау ТV" спутникті теледидарлық байланыстың құрылуына түсіндірме жұмыстар өткізілуде. Бүгінгі күнге 50 антеннан астам  құрылды.

         Бюджет. Бюджеттің көлемі бюджеттің 15 559 мың теңге. Игерушілігі - 100%

       Әлеуметтік шеңбер. Жұмыспен қамту бөлімінде тіркелген жұмыссыз адамдардың саны – 1 адам.

       Жылу және сумен қамтамасыз ету. Төрт-Құдық ауылында ұзындығы 2500 метр сутартқышы құрылған.  «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша тереңдігі 50 метр 3 су ұңғымалары бұрғылынды.  112 разъезд ауылында ұзындығы 40 метр жаңа ауыз су ұңғымасы бұрғылынып, онда КБМ-мен су тазалайтын контейнер  орналастырылды.

       Бөзшакөл ауылының тұрғын үйлерінің 80 % орталық жылу және су жетістіруі бар. Орталық қазандық қанағаттанарлық жұмыс істейді. «Теміржол жылу» жауапкершік шектеулі серіктестігі қазандықты  сенімгерлікпен басқарады.

         Қоғамдық-саяси жағдай - тұрақты. Атқарушы органдармен және қоғамдық бірлестіктермен, адамгершілікті-психологиялық ахуалдың жақсартуына, азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін, мемлекеттік және ұлттық мейрамдар, қоғамдық-саяси, спорттық іс-шаралар өткізілді.

         Мақсат және Төрт-Құдық ауылдық округініңдамуы. Ауылдық округінің көркейтілуіне, ішкіауылдық жолдардың ағымдық жөндеуіне, жарық,сумен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғастыруда.

2015 жылы «Жұмыспен қату жол картасы 2020» бағдарламасының «Кәсіпкерлікті дамуды қолғабыс ету» екінші бағыты бойынша Төрт-Құдық ауылында дүкеннің ашылуы жоспарлануда.

         «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша Төрт-Құдық ауылының әр үйіне ауыз суды өткізу жобалық-сметалық құжаттардың дайындалу жұмыстары өткізіліп жатыр.

         Бозшакөл ауылында «Теміржолсу-Павлодар» жауапкершілік шектеулі серіктестігінің қаражаттарына тазалық стансасының құрылуы Ертіс-Қарағанды каналынан ұзындығы 12 километр сұ құбырын тартуға жобалық-сметалық құжаттар  дайындалып жатыр.

          

 

Төрт-Құдық ауылдық

 округінің әкімі                                                                         Б. Тасымов