Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Теміржол ауылдық округі әкімінің «2014 жыл бойынша ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» халықпен есептік кездесудің ТЕЗИСТЕРІ

Теміржол ауылдық округінің аумағы 6388 га құрап екі елді мекен орналасқан – Құлакөл ауылы және №3 бөлімшесі.  Тұрғындар саны  622 адам. Құлакөл ауылында 478, №3 бөлімінде 144 адам.  

         Әлеуметтік сала

2014 жылдың қаңтарынан бері 7 бала туды. Барлығы 47 зейнеткер бар, 17 мүгедек тіркелген.

2014 жылда қоғамдық жұмыста 2 адам тіркелген. Жұмыссыздар  жоқ.

Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар жоқ, 18 жасқа дейінгі балалары бар жәрдемақы алатын бір отбасы.

         Құлакөл ауылында екі балалар алаңы бар. 2014 жылдың мамыр айында Теміржол ауылдық округінің аумағында орналасқан мекемелердің қатысуымен балалар алаңына қосымша ойын құралдары орнатылды.

         Теміржол ауылдық округінде 2014 жылдың 7 сәуірінен 7 мамырға дейін көріктендіру айлығы өтті. 2014 жылдың екінші тоқсанында ауыл аумағының тұрғындарының күшімен зираттың қоршауын кеңейту жұмысы жүргізілді және тас өндіруші карьерлердің көмегімен №3 бөлімше мен Құлакөл ауылында құлаған нысандардан тазартылды

         29 наурыз күні ауылшаруашылық, ветеринарлық станса, жер қатынастар, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің жетекшілерімен және Екібастұз іріленген теміржол бөлімінің өкілдерінің қатысуымен ауыл тұрғындарының жиыны өтті. Жиында теміржол бойында мал бағу ережесі түсіндіріліп және мал бағуға келісімді бекіту туралы, ауылды көріктендіру, несие алу сұрақтары қарастырылды.  

         Ауыл аумағында «Қазпочта» бөлімі жұмыс істеп зейнетақы, өтемақы және баспа өнімдерін жеткізеді.

Округте «Отау ТВ» ұлттық жерсерікттік телеарнасына 51 үй қосылды. 

Денсаулық сақтау саласы

Округ аумағында медицина пункті жұмыс істейді. 2014 жылдың 28 қаңтарында қалалық аурухана кешенінің, жедел жәрдем бөлімінің,  №1 поликлиниканың  бас дәргерлерінің қатысуымен ауыл тұрғындарының жиыны өтіп, тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.  Мамыр айында Екібастұз қаласының №1 поликлиникасынан келген дәрігерлерімен тұрғындар медициналық байқаудан өткізілді.

  Білім беру саласы       

2014 жылы Құлакөл ауылының мектебінде 10млн.433 мың теңгеге төбесі күрделі жөндеуден өтті, 1млн. 126 мың теңгеге жылы дәретхана орнатылды, «Орда-Пласт» ЖШС 3млн 495 мың теңгеге санитарлы-техникалық жүйсіне күрделі жөндеу жүргізді. Шағын орталыққа 750 мың теңгенің ойын бөлмесіне жихаз дар мен асхананың жабдығы алынды.

Ауыл шаруашылықтың дамуы

Теміржол ауылдық округінде 160 үй бар. Оның ішінде 50(31%) үй мал шаруашылығымен айналысады.

Шаруа қожалықтарының саны көбеюде, биылғы жылы «Адам ауылы» ШҚ қосылды. Ауылдық округінде төрт шару қожалығы «Әділ», «Бақыт», «Қабиден» және «Адам ауылы» орналасқан.   «Әділ» ШҚ ағымдағы жылы «Табыс» ЖШС-нен  асыл тұқымды бұқа,  «Қабиден» ШҚ жылқылар мен ІҚМ сатып алса «Адам ауылы» ШҚ қой басын көбейтуде.

 Ауылдық округінде жалпы мал басы саны: ІҚМ - 646бас,    КҚМ -1861бас,    жылқы  - 140бас, шошқа – 50 бас, құс – 320 бас.

2014 жылы мал шығыны болған жоқ.Наурыз айынан біздің округте ветеринарлық дәрігер бекітіліп оған қалалық ветеринарлық стансадан «НИВА» автокөлігі бөлінді

2014 жылға мал қорымын ұстап тұруға 400 мың теңге бөлінді.

  Қоғамдық қауыпсіздік және құқықтық тәртіп

2014 жылда ауылдық округі мал ұрлығының алдын алу мақсатында 11 жиын өткізілді. Ауылдық округте құқықтық тәртіпті сақтау мақсатында «Сарбаз» 11 ауыл тұрғындарынан тұратын ерікті халық жасағы құрылған.

Кәсіпкерлік пен сауданың  дамыу

Теміржол ауылдық округінде  шағылтас  өндіретін 4 карьер жұмыс істейді: «Асфальтобетон» ЖШС, «Гедезия и картография ПВ» ЖШС, «Адина» ЖШС, «АТАЙ-Компани», халықты ең қажетті тауарлармен қамтамасыз ететін 3 сауда орны жұмыс істейді.  

Мәдениет саласын дамыту.

 Ауылдық клубта жоспарға сәйкес әзіл-сатиралық  үйірме, вокал және би тобы жұмыс  істейді.

Ауыл клубына күрделі жөндеу жүргізуге 800 мың теңгеге жобалық сметалық құжаты дайын, 8,0 млн теңгенің жөндеу жұмысы 2015 жылы жүргізіледі.

Инфрақұрылым

Теміржол ауылдық округі тұрғындарын тегін ауыз сумен «ҚТЖ»ҰК» АҚ теміржол арқылы қамтамасыз етеді.   Сонымен бірге Қ.Сатпаев атындағы каналдан Қарасор мен Құлакөл ауылдарына су құбырын тарту жоспарланып отыр.  Оның жобалақ-сметалық құжатын дайындауға қалалық бюджеттен 17 млн. теңге қарастырылуда.

Округте екі су ұңғымасы бар: Құлакөл ауылында және №3 бөлімшеде, оларға 2014 жылы жер учаскелері құжаттандырылды. 

 Округте электр жүйесіне ағымдық жөндеу жүргізілді: бағандарды айырбасталды, сымдарды тартылып, ағаштар кесілді.  

Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын ұстап тұруға 2014-2017 жылдарға қалалық бюджеттен  900 мың теңге қарастырылған.

2015 жылға міндеттер: Қ.Сатпаев атындағы каналдан Қарасор мен Құлакөл ауылдарына су құбырын тартудың жобалақ-сметалық құжатын дайындау, ауылда мал шаруашылығын дамыту үшін несие алуға көмек көрсету, округті көріктендіру шаралыр жүргізу Құлакөл ауылы мен №3 бөлімшенің ішкі жолдарына ағымдық жөндеу жүргізу, кіреберіс жолдың күйін бірқалыпты ұстап тұру.