Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Академик Әлкей Марғұлан атындағы село әкімінің «2014 жыл бойынша ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» халықпен есептік кездесудің ТЕЗИСТЕРІ

Әкімшілік-аумақтық бірлік.  Академик Әлкей Марғұлан атындағы ауыл Екібастұз өнірінің онтүстік -батыс бағытында орналасқан. Жалпы жер көлемі 201003 км2, Қарағанды, Павлодар және Ақмола облыстарының 8 ауылдық округімен шекаралас. Халық саны 511 адам.

Өнеркәсіп. 2014 жылғы наурыз айында «Аяқ-Қоджан» кенішінде жылына 3,0 мың тонна өндірістік қуатты мыс катодын өндіру бойынша зауыт («Eurasia Copper Operating» ЖШС) іске қосылды, сонымен қатар мыс концентратын өндірісі бойынша байытылған фабрикасы («Fonet Er-Tai AK Mining» ЖШС) іске қосылды. Онда 22% орташа құрамды 24,0 мың тонна мыс концентраты өндіріледі.

Ауылшаруашылық. Ауылда ауылшаруашылық бағытында 25 заңды тұлға бар. Биылғы жылы егіс алаңы ауыл бойынша 2027 га құрады, соның ішінде бидай 1183, жем 669 га. Егістікке 300 га астам жер өнделді.  «Көктөбе» шаруа қожалығы кеңейтілген бордақылау базасы бар асыл тұқымды шаруашылықты құру жобасын іске асырылуы жалғасуда. Қазіргі уақытта шаруа қожалықта 783 бас қазақи ақ бас асыл тұқымды ірі қара мал бар. Сонымен қатар түгелдей дерлік ауыл шаруашылық техникасы бар.  Мал шаруашылығының комплекс құрылысы 2015 жылдың шілдесінде аяқталуы жоспарланып отыр.

Білім беру.

Ауыл мектебінде 77- оқушы, 26 -ұстаз, шағын орталықта 20- тәрбиеленуші, 2- тәрбиеші бар. 2014 жылы «Fonet Er-Tai AK Mining» ЖШС шағын отралықты ыстық тамақпен қамтамасыз етуге 1 млн. 140 мың теңге көлемінде демеушілік көмегі берілді.

Денсаулық сақтау.

Денсаулық сақтау бағытында медициналық пунктпен қамтамасыз етілген. Штаттық саны- 2 адам. Медициналық қызметкерлермен жыл сайынға жоспарланған медициналық тексерулер, қажетті іс – шаралар өткізіледі. Дәріханалық пункт жұмыс жасайды.

Мәдениет.

Ауыла кітапхана саны -2, мектеп және ауылдық. Оқу қоры – 8703 дана. Ауыл клубы қажетті оргтехникамен және жиһазбен қамтамасыз етілген. Қалалық бюджет есебінен мәдени іс-шараларға киіз үй алынды.

Әлеуметтік сала.

Жұмысқа қабілетті 297 адам. Тұрақты жұмыста 235 адам істейді. Өзін өзі қамтыған 62 адам бар.

Екі адам жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркеліп, қоғамдық жүмыста жұмыс жасайды. Тұрақты жүмысқа барлығы – 11 адам, уақытша жұмыста – 6 адам жұмысқа орналасты.

 

Ауыл АТС - сында 147 абонент бар, ол қазіргі тұрғындардың 80 % қамтиды.

Ауыл тұрғындары жоғары жылдамдықты интернет жүйесін пайдалана алады.

Ұялы байланыс: Билайн байланысы ауыл аумағын  100% қамтып отыр.

Телерадио: ауыл тұрғындарының 40% «Отау ТВ» ұлттық жерсеріктік теледидарына қосылған.

Ауыл аумағында «Қазпочта»АҚ филиалы бар, онда зейнетақы, жәрдемақылар беріліп, мерзімдік басылымдар жеткізіледі.

Ауыл суды ұңғымадан алынады да ұзындығы 5,1 км су жүйесіне реттеліп беріледі. 15 су калонкасы бар.

2014 жылы «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы бойынша 7 адам жұмыспен қамту орталығына жіберілді, соның екі адамы оқуын өтіп сертификатқа ие болды.

 2014 жылы әкім аппаратына жалпы 85 жеке тұлғалардан  өтініш келіп түсті, заңнамамен белгіленген мерзім ішінде жауаптар әрі түсіндірулер берілді. Заңды тұлғалардан өтініш түскен жоқ.

2014 жылы 1859,0 мың теңге көлемінде иесіз объектілерді бұзу жұмыстары жасалды.

20 519,0 мың теңгеге 2 шақырым қашықтықта ауыл жолын асфальттау және 3 258,4 мың теңге көлемінде ауыл жолының ағымды жөндеу жұмыстары (суларды өткізуге көлденен дренаждарды орнату). Кіреберіс жолдардың қызмет көрсетуіне 548,0 мың теңге игерілді.

«Академик Әлкей Марғұлан атындағы село әкімінің аппараты» ММ орналастыруға бұрынғы контор ғимаратын жөндеу жұмыстарының жоба-сметалық құжаттарын дайындау үшін 499,0 мың теңге;

- 60 метр тереңдікті бір іздеу барлау қоймасын бұрғылауға 1 562,0 мың теңге;

180 метр қашықтықты ауыл су жүйесінің ағымды жөндеу жұмысына 656,0 мың теңге бөлініп игерілді.

- «Өңірлерді дамыту» Бағдарламасы шеңберінде 534,0 мың теңге көлемінде рұқсат етілмеген қоқыстарды жою жұмыстары өткізілді.

2015 жылға ауылды дамытудың мақсаттары:

- 368,0 мың теңгеге ЭЦВ сорғысын және су жүйелерінің жөндеу жұмыстары;

-120,0 мың теңгеге су сапасын зерттеу;

- 3385,0 мың теңгеге су жүйесінің реконструкциясына жоба-сметалық құжаттарын өндеу;

 - 503,0 мың теңгеге рұқсат етілмеген қоқыстарды жою;

 - 741,0 мың теңгеге кіреберіс жолдаржы ұстау;

-  «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде 540,0 мың теңге көлемінде көше жарықтарының ағымды жөндеу жұмыстарын өткізу.

 

Ауыл әкімі                                                                                М.Какожанов