Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Шиқылдақ ауыл әкімінің «2014 жыл бойынша ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» халықпен есептік кездесудің ТЕЗИСТЕРІ

Әкімшілік-аумақтық бірлік. Шиқылдақ ауылы Екібастұз қаласының онтүстік-батыс жағында орналасқан.Жалпы алғанда ауыл-шаруашылық 116 000 гектар жері бар. Бүгінгі күні  ауыл тұрғындарының саны 505 адам.

      Ауыл шаруашылығы. Мал шаруашылығымен айналысатын 17 шаруа         

 Қожалықтары және 3 жеке кәсипкерлик ұйымдастырылған.

 «Родоманов» шаруа  қожалығы (шаруа басшысы Ю.А.Родоманов) «Сыбаға» қорынан 8,5 млн. теңге несие алды, оған  бір асыл тұқымды бұқа, 43 бас қара мал, лизингке трактор алынды 3,8 млн.теңге.

«Моноқалалрды дамыту» бағдарламасы бойынша 3 адам шағын несие алып қара мал сатып алды Абылқақов К.Д. (3,0 млн.тг), Қалиев М.Т. (3,0 млн.тг) және Рахметхан Х.(1,4 млн.тг).

«Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы «Табиғат» шаруа қожалығы (басшысы –Ибраев М.А.) және «Жана-ауыл» шаруа қожалығы (басшысы-Ибраев К.Х.) 3,0 млн. теңгеден шағын несие алып, қара мал сатып алынды.

«Құлан» бағдарламасы арқылы шаруа қожалығы «Жана аул» (басшысы Ибраев К.Х.) -30,0 млн.теңге несие алуға және оған 100 бас сатып алуына құжаттар келісіліп жоспарланып отыр.

 Ауыл тұрғындары және шаруа қожалықтарымен дайындалған 4790 тонна  шөп дайындалып қыстаққа жеткілікті жеткізілді, жоспар 100,7 пайыз орындалды.

      Білім. Жалпы орта білім беретін 1 мектеп жұмыс істейді, мектепте 84

 оқушы  білім  алады, 0 мен 5 жас аралығында  66 бала бар. Оның ішінде (мектеп

 алды даярлық тобында, шағын орталықта) -34 бала қамтылған. Жалпы біліммен

 қамтылған жасөспірімдер -100%.

Мектепте Интернет жүйесі қосылған.

Денсаулық сақтау. Медициналық пункт СЭС талабына сай, пунктке арналған  жабдықтар бар. Қалалық денсаулық сақтау бөлімінің бекітілген графигі бойынша медицина саласының мамандары келіп қабылдау өткізіп тұрады.Жылына бір рет ауыл тұрғындары медициналық жылжымалы  пунктін қызметін көреді МЕД-КАР.

Әлеуметтік саласы. Бүгінгі күні жұмыспен қамту бөлімінде 9 адам   есепте тұр, 3 адам жыл бойы белгіленген кесте бойынша қоғамдық жұмысқа тартылады, 2 адам «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы арқылы ИнеУ колледжін бітіріп,электрик мамандығын алды.3 адам әлеуметтік жұмыс орнымен қамтылған.         

Ауыл көлемінде  тұратын аз қамтамасыз етілген, мүгедектерге,  көп

балалы  отбасыларына бюджеттен бөлінген 58 тонна көмір тегін тасылып

таратылып берілді.

Спорт және мәдениет. Ауылдық клуб сиымдылығы 80 орындық. Мәдени      іс шаралар бекітілген іс-шаралар бойынша атқарылады. Қазақстан Республикасы бойынша бекітілген ұлттық және мемлекеттік мерекелер уақытында аталып өтеді.

Ауыл кітапханасының жұмысы өзінің жоспарына сай жүргізілуде. Кітап   қоры 10115 дана. Ақырғы жылдары кітапхана мемлекеттік тілдегі кітаптармен 

толығуда.

Ауыл жастары  мерекелерге арналған іс-шараларға үнемі қатысып отырады.   Үнемі спортпен шұғылданатын жастар пайызы 100%. 

Инфроқұрылым .  «Казпошта»АҚ   бөлімшесі ауыл тұрғындарын ақпарат  құралдармен қамтамасыз етуде, зейнеткерлерге зейнет ақы мен жәрдем ақылары беруде. Ауыл  тұрғындары  «Отау ТВ»  спутникалық теледидармен қамтамасыз етілуде, қамтылғандар-65 пайыз құрайды.

Телефон байланысы, бүгінгі күні әр үйге терминал орнатылды ақаусыз жұмыс істеуде.

Таза сумен қамтамасыз ету: КБМ көшіру мен орнату жұмыстары жүгізілді.

Ауылда көше жарығы қамтамасыз етілген.

Ауылға кіреберіс және ішкі жолдардың тиісті жағдайында ұстау жөнінде іс-шаралар жүргізілуде.

Ауылдық елді мекендерді көркейту және жасылдандыру. Балаларға арналған ойын алаңы орнатылды және  ауыл әкімі аппаратының қызметкерлерінің кушімен қоршалды.

Ауыл әкімі аппаратының әкімшілік ғимаратының сыртына ағымды жөндеу жүргізілді.

Ауылдық елді-мекендердің санитарлық тазалауын қамтамасыз ету –

ауыл  бойынша тұрғындардың қыстан шыққан көн-қоқыстардың, ауыз суларын    

тасумен  МТЗ-82 тракторы атқарады.

             Қоғамдық-саяси жағдай-тұрақты. Мемлекеттік атқарушы органдар қоғамдық  ұйымдармен бірге ауылдың моральді психологиық жағдайы мен азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсарту  үшін мемлекеттік, ұлттық мейрамдар, қоғамды-саяси, бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізілді  және өткізілуде.

 2015 жылға Шиқылдақ ауылының дамытуға алға қойылған  тапсырмалар:

-Шиқылдақ ауылының көлемінде мал шаруашылығын дамыту мақсатында несие алуға көмектесу, ауыл көшелерін, жеке меншік аулаларын санитарлық талапқа сай ұстау жұмыстарын жүргізу, таза ауыз сумен қамтамасыз ету, кіреберіс және ішкі жолдардың тиісті жағдайын қамтамасыз ету, қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын қоршау, ауыл әкімі аппаратының әкімшілік ғимаратын қоршау және көріктендіру, қосымша көше жарығын орнату.

            

 

               Шиқылдақ ауылының

                             әкімі                                                                      Г. Еңсебаева