Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Солнечный поселкесі әкімінің «2014 жыл бойынша поселкенің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» халықпен есептік кездесудің ТЕЗИСТЕРІ

     Солнечный кентінің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы жергілікті мекеменің, кәсіпорындардың, кент тұрғындарының конструктивті әрекеттесу  нәтижесі болып табылады және келесідей сипатталады.

      Кенттегі экономика электрқуатты өндіруді жүзеге асыратын қалақұраушы «Екібастұз МАЭС-2 станциясы» АҚ кәсіпорнының өнеркәсібімен көрсетілген. Энергетикалық инфрақұрылымды дамыту туралы Президенттің Қазақстан Халқына «Нұрлы Жол – Путь в будущее» Жолдауын орындауда, ,  ЕМАЭС-2 ст.№3 энерго бөлімінің кеңейту және қайта құруда инвестициялық шараларды жүзеге асыру.

     Ауылшаруашылығында мал басының өсуі және малды өндіру  «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру бойынша орындалуда. «Сыбаға» бағдарламасын орындалуынан бастап екі ауылшаруашылықтың басшылары («Сельхозник», «Мирас» а/ш) және ЖК «Ескермес» ауылшаруашылығына 34,4 млн.тенге 152 бас ІҚМ және 7 кәсіпті өзгертетен тұқымды -өндіруші өгіз сатып алу үшін шағын несие алды.

     Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы саласында,  инфрақұрылымдық тіршілікті қамтамасыз ету, «Струя» суды дайындау нысаның қондыру Солнечный кентінде жаңа жабдықтармен жұмыс жасауда.

     Кенттегі нысандардың құқық меншігін тіркеу жұмыстары жүргізілді: Жеңіс саябағы, Абай алаңы, балалар ойын алаңы, келесі көшелер бойынша автожолдар: Конституция даңғылы, Зеленый шолақ және Ауэзова, Мира, Интернациональная, соммасы 764,0 мың тенге.

     Конституция даңғылы (ернеулерді ауыстырумен) бойынша кенттегі ішкі жолдарды орташа жөндеуден өткізуге мемлекеттік экспертизаның қорытындысы және  жоба-сметалық құжаттары дайындалды, соммасы 1456,0 мың.тенге.

     Әкім аппаратында шатырдың қатқыл күрделі жөндеуі өткізілді, соммасы 10767,0 мың.тенге, сберкасса ғимаратының күрделу жөндеуі, соммасы 6506,0 мың.тенге, ол жерде кентінің кітапхана жүйесі жұмыс жасауда.

     Сондай-ақ, бала-бақша шатырын күрделі жөндеуге, «Мақпал» МҮ бөлмелерін күрделі жөндеуге жоба сметалық құжаттары қүрылды.

      Кент тұрғындарын тұрғын-үймен қамтамасыз етуде, «Екібастұз қаласы Солнечный поселкесі әкімінің аппаратын» ММ, «Екібастұз қаласы әкімдігінің ТҮКШ АК және АЖ» ММ бірге мемлекеттік тұғын үй қорынан пәтер алуға есепке тұрғындарға тұрғын үй бөлу жұмыстары жүргізілуде.

     2015 жылдың 1 қаңтарына Солнечный кенті бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан есепте тұрған 42 азамат тұрғын үй алды.Оның ішінде «Жетімдер» санаты бойынша – 6, «Мемлекеттік қызметкерлер,  басқа бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін қызметкерлер және әскери қызметкерлер» - 17, «Әлеуметтік осал топтағы тұрғындар» санаты бойынша -19.

     Ауэзова көшесі 10 мекен-жайда орналасқан бесқабатты ғимаратты және жұмыс істемейтін монша ғимаратын коммуналдық меншікке алу бойынша шаралар өткізілді.  Иесіз жылжымайтын мүлікті анықтау және анықталға мүлікті иесіз есепке қою жұмыстары жалғастырылуда.

      Тұрғындардың табысын жоғарлату мақсатында, тұрақты нәтижелі  жұмыспен қамтамысыз ету жолында «Жұмыспен қамту Жол картасы-2020» бағдарламасы жүзеге асырылуда.

     Бірінші бағыты бойынша «Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын және инфрақұрылымды дамытуда жұмыспен қамтамасыз ету» «Екібастұз қаласы № 2 емханасы» МКК Солнечный кентінің дәрігерлік амбулаториясында күрделі жөндеу өткізілді, соммасы 25, млн.тенге. 14 бағдарламаға қатысушылар жұмысқа орналастырылды. (жоспар 14).

     «Жұмыс берушінің қажеті бойынша оқыту және аудару арқылы жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету» үшінші бағытын жүзеге асыруда 12 әлеуметтік жұмыс орындар құрылды.

     Еңбек өтілдері жоқ, оқу орындарының түлектеріне жұмысқа орналасуға көмек көрсету жұмыстары жалғастырылуда. Осы мақсатпен жас мамандарға жастар тәжірибесінен өтуге мүмкіндік беріледі. Жастар тәжірибесіне 5 адам жіберілді.

     Бос орындарға жұмысқа орналасуға 26 адамға қолдау көрсетілді.

     Іскерлік-белсенділікті өсіруге «Моноқалаларды дамыту» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Несиені 10 адам алды, соммасы 24,1 млн.тенге. (мал шаруашылығын дамыту – 3 адам, тігін цехын ашу – 1 адам, наубайхананың ашылуы – 1 адам, шаштаразды ашу – 1 адам, құс шаруашылығын дамыту – 1 адам, тракторды сатып алу – 1 адам, сауданы кеңейту – 2 адам).

     Кенттегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту үшін, Екібастұз қаласы әкімінің есептік кездесуінде айтылған  ұсыныстар мен ескертулерді орындауда, Кентімізде әлеуметтік дәріхана ашуға «Ромат» ЖШС Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімімен бөлмені жалдауға екі жақты келісім шарт жасалды (қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары жүргізілуде).

     2015 жылға мақсаттар:  Бала-бақша шатырын күрделі жөндеу, «Мақпал» МҮ бөлмелерін күрделі жөндеу, орташа, шағын бизнесті және жекеменшік бизнесін ұйымдастыруда тұрғындардың ісіне белсенділігі, Конституция даңғылында кенттегі ішкі жолдардың орташа жөндеу, ернеулерді ауыстыру.

 

 

     Солнечный поселкесінің әкімі                               М. Алшимбаева