Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



14ж.15.12. бастап 14ж.22.12. дейінгі аралықта «ҚР ТЖМ Екібастұз қ. Жедел-құтқару жасағы» күштерімен атқарылған авариялық-құтқару жұмыстары
  1. 13 сағ. 59 мин. пәтерде бірге тұратын жігіті жібермей жатқан қыз көмек сұрап жатқандығы, сол пәтердің есігін ашуға көмек керектігі жөнінде хабарлаған ІІБ кезекшісінен қоңырау түсті. Қызды ұрып жатуы да мүмкін.  Құтқарушылар оқиға орнына келіп, альпинистік жабдықтың көмегімен үйдің төбесінен бесінші қабаттың балконына полиция қызметкерлерін түсірді. Ер адам полиция қызметкерлерімен ұсталды.  
  2. 16 сағ. 23 мин. құлпы желініп қалғандықтан пәтеріне кіре алмай тұрғандығы жөнінде хабарлаған зейнеткерден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты.
  3. 09 сағ. 30 мин. сыртқы есік ішінен ысырмаға жабық тұрғандықтан, есікті аша алмай тұрғандығы, пәтерде алты жасар бала бар екендігі жөнінде хабарлаған әйелден қоңырау түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келіп, арнайы құралдың көмегімен сыртқы есікті ашты. Бала ұйықтап жатты.

«ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД Екібастұз қ. ЖҚЖ» ММ қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері жағдайында сенім телефондары бойынша хабарлауыңызды сұраймыз:     22-21-10, 34-03-67, 8(7182) 53-69-82

 

ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД

Екібастұз қ. ТЖБ ЖҚЖ» ММ

4-құтқару бөлімшесінің басшысы                                  Ж.К. Қайырбаев