Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



«Чосон» этномәдени бірлестігінің қоры ұлттық аспаптармен толықты

Жариялау күні: 17.05.2013 ж.

Екібастұз қаласының «Чосон» корей этномәдени орталығы ұлттық соқпалы аспаптармен және ерлердің сахналық костюмдерімен толыға түсті. Мұндай сыйлықты Екібастұз ГРЭС-іне сүзгілер орнатып жатқан Оңтүстік Кореяның «KC COTTRELL» фирмасы жасап отыр.

Корей халқында музыкалық аспаптардың жүзден астам түрі бар. Барабандарының түстері нақты мағынаны білдіреді, мысалы: қара түсті барабанды ежелде жаңбыр сұрау үшін, сары түстіні – құрбандық шалу рәсіміне, қызыл түстіні – жол-жоралық билерде пайдаланған.

Ерлердің сәнді киімдерін әртістер мерекелерде киеді, мата түстерінің де өз мағынасы бар, мысалы: көк – достық ықыласты, сары – денсаулықты, қызыл – байлықты білдіреді.