Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласының басшысы дарынды балаларды Жаңа жылмен құттықтады

          22 желтоқсанда «Өнер» қалалық мәдениет орталығында дәстүрлі Екібастұз қаласы әкімінің шыршасы өтті.

Оған 400 оқушы шақырылды. Олар – оқу үздіктері, түрлі байқаулар мен олимпиадалардың, спорттық жарыстардың жүлдегерлері, облыстық, республикалық және халықаралық іс-шаралардың белсенді қатысушылары.

Балаларға жаңажылдық мерекенің бас кейіпкерлері Аяз ата, Ақшақар және де басқа ертегілік персонаждармен көңілді түрлі костюмдегі қойылым көрсетілді.

Жиналған балаларды қала әкімі Александр Вербняк мерекемен құттықтап, оларға келе жатқан жылда жаңа жеңістер мен жетістіктерге жетуін тіледі. Әрине, жаңажылдық дәстүр бойынша, мейрамның әр қонағы тәтті сыйлықтар мен ойыншықтарды алды.