Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Шыршаны отсыз жағамыз!

Жаңа жыл мерекесін мерекелеуге, біраз уақыт қалды. Көптеген мектептерде, балабақшаларда, мәдени үйлерде және басқада мекемелерде   залды көркейту және шыршаны орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өкінішке орай, мереке жүргізушілермен жауапты тұлғалар өрт қауіпсіздігі сұрақтары жөнінде есте сақтап жүрмейді. Жаңа жыл шыршасын жүргізуде және оны құруда, өрт қауіпсіздік талаптарын сақтаулары өте қажет.Шырша берік және мықты орнатылуы керек. Шыршаны әрлі-берлі өтетін немесе шыға берісте орнатпау керек. Қабырғамен шыршаның және төбемен шыршаның  арасы жарты метр болу қажет. Мекеменің баспалдақ торларынан немесе сыртқы шыға берістен, екі эвакуациондық шығу жолдары болу қажет, сонымен бірге өртке қарсы құралдармен қамтамасыз етулері қажет. Шыршаны көркейту барысында, тез жанататын целлуоиданы, мақтаны, қағаздарды  және тағы да басқа тез жанатын  заттарды қолдануға тыйым салынады. Шыршаның иллюминациясын рәсімдеуде, өте тәжірибелі электрмонтер орнату керек. Шыршаның иллюминациясын түсіруші трансформатор арқылы жоғары кернеулі тоқтын төмендеу жағымен 24 В-тан  жоғары емес орнату қажет. Шырша - электрқұрылу орнатуының ережесіне сай, мықты монтаждалып құрылуы тиіс. Бенгальдық оттармен, пиротехникалық оттармен, шартылдақ және басқада химиялық заттармен жарық әсер туғызуға тыйым салынады. Мерекеге қатысып отырған жұрттың бір адамына 0,75 шаршы метр есептеледі.Адамдардың саны ережеге сай болу керек, өйткені қоғамның көп болуы өте қауіпті. Мереке шыршаны өткізу персоналы (олар  жаңа жыл мерекесін өткізу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын біліп  және өрт оқиғасы болып қалған жағдайда өрт күзетін шақыру ережесін білулері қажет) міндетті түрде өртке қарсы нұсқаулықпен танысу қажет.Мереке аяқталғаннан кейін міндетті түрде бөлмені тексеру керек.

Сондай-ақ пиротехникалық туралы арнайы  біршама сөз айту керек. Шартылдақтармен петардалардың  міндетті түрде сертификаты болу керек. Сапасыз сатылған тауарлар тек сатыпалушыларға ғана емес, сатушыларға да қауіпті әсерін тигізеді. Павлодар облысының дүкендерінде сапасыз сатылған тауарлардан өрт оқиғалары болған. Алдағы уақытта адамдарға қауіп төнер жағдай туғызбау үшін және оқиғалар борлдырмау үшін Павлодар облысы ТЖ департаменты қызметкерлері полиция қызметкерлерімен бірге сапасыз тауарларды сату орындарында рейд жұмыстарын жүргізеді. Сапасыз тауарларды сатқан кінәлі тұлғалар айыппұл түрімен әкімшілік  жауапкершілікке шақырылады.

 

Екібастұз қаласы ТЖБ

мемлекеттік өрт қадағалау бөлімінің  бас маманы

Раскельдинова Б.А.