Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Пешті пайдалануда өрт қауіпсіздік іс-шараларын қолдану

  Тұрғын секторларда өрттердің болу себебі, көбінесе пештің түтін мұражалардың  дұрыс құрылмауынан, немесе оларды пайдалануда өрт қауіпсіздік ережесін сақтамауынан  жие кездеседі.

Ауа райының суық кезінде,  пешке от жағудан өрт болудың саны 80 %  пайызға жетеді.

 Пешке от жағу кезінде өрт болудың  негізгі себептері мыналар:

-   өрт қауіпсіздік ережесі талаптарына сай емес,  құрылған пештер мен түтін мұражалардың қалауы тығыз болмағандықтан, олардың арасынан  жалындар, угарлы газдар және де ошақтардың ұшуынан, мекемелердің тез жанатын  ағаш құрылыстарының жануына тікелей ықпал етеді.

-   мекемелердің құрылыстары, пештердің мұражаларына жақын орналасқанынан  да  өрттер шығуы мүмкін.

-   жөнделмеген жағдайда тұрған ыстық пештердің бөліктері тез арада жанатын заттарға ( жиһаздар, киімдер,) және де материалдарға (ағаштар, т.б. тез жанғыш материалдар)  жақын орналасқан болса, өрттердің болуына септігін тигізеді.

-   пеш жағудан шыққан өрттің жандыру көзі болып, жанып жатқан отын немесе қаракүйенің жалыны, ұшқындар бықсып жатқан жерлерді өрт болуы мүмкін.

 Осыған мысал келтірсек :

-    2014 жылдың 23 қарашасы күні сағат 21.22 минутта, Екібастұз қаласы 15 Южный даңғылы 11,  мекенжайындағы  моншаның ағаш  құрылысы жанып кеткен. Өрттің себебі- пешке от жағуда өрт қауіпсіздік ережесін сақтамағандықтан.

-    2014 жылдың 24 қарашасы күні сағат 04.38 минутта, Екібастұз қаласы Казахстанская 16 көшесінде, жер үйдің толығымен ағаш шатырлары  жанған және де барлық көлем бойынша ағаш құрылыс жанып кеткен. Өрттің болудың себебі анықталуда.

Осыған байланысты пешке от жағуда міндетті түрде өрт қауіпсіздік ережесін сақтау қажет.

Жылу беру маусымының басталар алдында жылыту құрылғыларының жағдайын тексеріп, пештермен түтін мұржаларын жөндеп, жарық жерлерін жабу қажет, сонымен бірге пештің әрқайсысын, және  мемекенің қабырғаларында орналасқан түтін мұражаларының каналдарын  тазалау қажет, төбе шатырдағы түтін мұражайды әктеп немесе сазбен балшықтау қажет, өйткені  әктелген түтін мұражалардан жарық-тесіктерді көруге болады.

Пешті тек қана ересек адамдар жағу керек, жанып жатқан пешті, балалардын қарауына тапсыруға болмайды және де пешті жеңіл от алғыш заттармен тұтатуы   тыйым салынады.

Құрметті қала тұрғындар, пештердің түтін шығару жүйесі мен пешке қызмет көрсету тәртібінің болмауынан және де оларды пайдалану ережелерін бұзылуынан, зардаптар көрмеу үшін өрт қауіпсіздік шараларын сақтау жайлы ойлаңыздар!

  Екібастұз қаласы төтенше жағдайлар басқармасының сенім телефоны 34-03-67 және де Павлодар облысы төтенше жағдайлар кадр жұмысы бөлімінің 8-7182-56-46-81, 8-7182-56-68-81 сенім телефон нөмірлері арқылы, Сіздер қызметкерлеріміздің заңсыз іс-әрекеттерін хабарлауларыңызға болады.

                                                                

                                                                  Екібастұз қ, ТЖБ МӨҚБ аға инженері

                                                                         ө/қ қызмет майоры Рогожина Е.С.