Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркелімнен шығару

Бүгін Халыққа қызмет көрсету орталықтары көрсететін мемлекеттік қызметтердің барлық тізімінің арасында азаматтар «Жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және Жылжымалы құрамды мемлекеттік тіркелімнен шығару» мемлекеттік қызметін ала алады».
         Қызмет заңды тұлғаларға, жеке тұлғаларға қол жетімді.
Қазақстаннан Оралға  көмірді тасымалдаумен айналысатын компания, жылжымалы құрамды осы жағдайда  энергетикалық отынды жеткізетін вагондар тіркеуден өткізу керек. 

         Клиентке қызметті алу үшін келесі құжаттарды ұсыну керек – бұл өтініш, жеке куәлік, тіркеуге немесе қайта тіркеуге жататын жылжымалы құрамның түгендеу паркінің тізімі, меншік құқығын растайтын құжаттың, немесе мүлікті жалға алу шартының, лизингтің немесе мүлікті сенімді  басқару құжатының көшірмесі, өкілдің құзырлығын растайтын жылжымалы құрамның әр бірлігіне зауыт-дайындаушының техникалық паспортының (үлгі-формуляры) көшірмесі. Орындаушы органнның дайындаған хабарламасы үшін клиент 8 жұмыс күні өткеннен кейін жүгіну қажет.  
         Егер қызмет алушы құжатты Электрондық Үкімет порталы арқылы ресімдеген жағдайда, онда қызмет көрсету мерзімі кем дегенде 5 жұмыс күнін құрайды. Қажетті электрондық үлгідегі құжаттар тізімі қағаз тасымалымен бірдей. Порталда ЭЦҚ көмегімен өтінішке қол қойылады.
           Жүк, жолаушылар, арнайы жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеу  моторлы вагон жылжымалы құрамды есепке алмағанда тегін негізде жүзеге асырылады. Осы жағдайда тіркеу/қайта тіркеу үшін мемлекеттік баж салығының құны 0,25 АЕК құрайды.