Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Бәріде есімізде! Біз мақтап тұтамыз!

Жариялау күні: 15.05.2013 ж.

№ 24 инновациялық типтегі Екібастұз қаласының орта мектебінде Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 68-жылдығына арналған «Патриот» Республикалық айлығы аясында «Бәрі есімізде! Біз мақтанамыз!» ұранымен даладағы – жауынгерлік жиыны өтті. Сабақтан соң, алаңда 1-11 сынып отряд командирлерінің рапортын АӘД мұғалімі Қ. Б. Шопшиннің қабылдауымен салтанатты жиын өтті.

         Бағдар парақтарымен мектеп оқушылары барлық тапсырмаларды орындады: белгілі межеден өтіп арқаннан секіру. Сонымен бірге күйік пен жараға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Топографиялық белгілерді біліп, логикалық тапсырмаларды орындау, шатыр құру, алау жағу, автоматты бөлшектеу жяне жинау тәрізді жұмыс түрлері сәтті жүрді. Барлық сайыстардан кейін балаларды дәмді ас күтіп тұрды. Оны 5-11 сынып оқушылары өздері әзірледі.

         3-6 сыныптар арасында өткен әндер сайысында 4 «А» сынып (сынып жетекшісі М. В. Макаренко), 6 «Б» сынып (сынып жетекшісі А. В. Акамсина) жеңіс күні мерекесін ерекше атап өтті.

         Мектептің акт залында сахналанған көрініспен 9-11 сынып аралығында соғыс жылдарындағы әндер сайысы жүргізілді. «Огонек» әнімен 9 «А» сыныбы (сынып жетекшісі Г. Т. Жангозина), 10 «А» сыныбы «Ах война, что ты подлая, сделала?» әнімен (сынып жетекшісі Л. В. Сикач дайындаған әндер ерекше көзге түсті.

         1-2 сынып оқушылары «Высший класс» көрсетті, сәнді киімдермен әдемі орамалдармен флеш-моб дайындады, 2 «В» сынып оқушылары (сынып жетекшісі А. Б. Адамова) жеңіске жетті.

         Мұндай іс-шашалар арқылы оқушылар өткенді еске түсіріп, соғыстың салған ізін біледі. Жер бетіндегі бейбіт, өмір мен ашық аспан үшін Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Сіздердің алдарыңызда басымызды иеміз!

         «Бәрі де есімізде! Біз мақтап тұтамыз!»

Венера Оспанова,

 № 24 орта мектебінің

тәрбие ісі жөніндегі

директордың орынбасары