kz ru

Сенімді телефондар:

8 (7187) 34-07-20

75-52-52

Нукенов Кайрат Темиршотович

Екібастұз қаласының әкімі

Whatsapp

8(707) 3349290

Горячая линия

Сіз өзіңіздің суреттерді 8 (707) 3349290 нөміріне ұялы қосымшаға (Whatsapp) жібере аласыз

 


kzru
Мобильді нұсқа

Тәуелсіздік қанатында

9 желтоқсан күні «Атамұра» мәдениет орталығында «Тәуелсіздік қанатында» поэзия кеші өткізілді. Ұлтымыздың Ұлы мерекесі -  Тәуелсіздікке арналған кеште қазақ поэзиясы ақындарының өлеңдері оқылды. № 22 С.Торайғыров атындағы гимназия-мектебінің оқушылары А. Баж, А. Өмірбек және Қоянды ауылынан  келген ағалы-қарындасты Арсен мен Айым Сәрсенбай сәбилік жүректерімен көрерменге өлең оқып берді.

Өткізілген поэзия кешінің ерекшілігі – мұнда әкімнен бастап қара жұмысшыға дейін, 5 жастағы баладан 60 жастағы анаға дейін жыр оқыды.

Ақкөл ауылдық округінің әкімі Бахтияр Ахтаев, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айжан Жұмабаева, «Атамұра» мәдениет орталығының директоры Нұрсұлу Төлеубаева, қалалық «Отарқа» газетінің тілшісі Рауза Мұсабай, № 14 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері С.Бердіқұлова мен Ғ.Исабекұлы, ішкі істер бөлімінің қызметкері Қ.Асылбаев,  Майкөбен-Вест ЖШС қауіпсіздік техникасы инженері  Әден Әбиұлы төгілтіп жыр оқыды.  «Вершина» ЖШС-ның жүргізушісі Ф.Жақсыбаев пен «Қазақстан теміржолы» АҚ машинисі Аяз Төлеубаев әсем әнмен көрермен көңілінен шықты. 

Нукенов Кайрат Темиршотович

Аким города Экибастуза