Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Екібастұз қаласы атқарушы органдары «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналастыру үшін өткізілген конкурстар жөнінде ақпарат 2014 жылдың 10 желтоқсанынан

«Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ-де 2014 жылдың 10 желтоқсанында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналастыру үшін конкурстар өткізілді.

         Конкурстарға 6 үміткер қатысты. Пікіралысу жүргізу қорытындысы бойынша келесі кандидаттар:   

         - Екібастұз қаласы әкімі аппараты қаржы-шаруашылық бөлімі бас маманының лауазымына Айдын Кояганов;

- Екібастұз қаласы әкімі аппараты құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді енгізу бөлімі бас маманының лауазымына Торгын Апакова;

- Екібастұз қаласы әкімі аппараты құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді енгізу бөлімі бас маманының лауазымына Балнур Дюсекеева;

         - «Екібастұз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі бас маманының лауазымына Ринат Шарипов «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналастыруға ұсынылды.

         Айгуль Закированы «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ құжаттамалық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді енгізу бөлімі бас маманының лауазымына «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің кадрлар резервіне қосуға ұсынылды.

         Қала әкімі аппараты конкурстық комиссиясы жұмысының айқындығын және әділдігін қамтамасыз ету мақсатында комиссияның отырысына бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі – «Екібастұз дауысы» ақпараттық орталығы» ЖШС директоры-бас редакторы Айнур Мейрамова, «Нұр Отан» республикалық саяси партиясының өкілі Айнамкоз Рахимжанова бақылаушылар болып қатысты.

 Екібастұз қаласы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі