Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Мекемелер, ұйымдар және кәсіпорындар басшыларының назарына!

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылдың 6 тамызындағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесінің реформасы туралы» № 875  жарлығына сай  біздің елімізде көптеген мемлекеттік құрылымдарда қайта ұйымдастырылу жүргізілді, оның ішінде Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі Министрлігі жойылып – өнеркәсіп қауіпсіздігі және мемлекеттік материалдық қорының дамуы қызметінен басқалары, атап айтқанда Азаматтық қорғау саласындағы уәкілді органның қызметі мен өкілеттігі Қазақстан Республикасының ішкі істер Министрлігіне берілді.

Аталмыш өзгеріс Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар басқармасында  да өтті. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігі Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаменті Екібастұз қаласы төтенше жағдайлар басқармасы» мемлекеттік мекемесінен мүлдем басқа екі мекеме құрылды:

- Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігі төтенше жағдайлар комитеті Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаменті Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар басқармасы» Республикалық мемлекеттік мекемесі.

- «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінің тау-кен техникалық қадағалау бөлімі

2014 жылдың 24 қарашасында бақылаудағы қауіпті өндірістік нысандардың басшыларымен дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді.

Енді Азаматтық қорғау, төтенше жағдайлар және өртке қарсы қауіпсіздікке қатысты  сұрақтар, өтініштер, хаттар және ұсыныстарды Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігі төтенше жағдайлар комитеті Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаменті Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің бастығы подполковник Бауыржан Кабижанұлы Ешматовқа және мына мекен – жайға (Екібастұз қаласы Мәшһүр Жүсіп 39 көшесі, телефондар: кезекші 34-09-07, бастықтың орынбасары /факс 34-26-23, электрондық пошта: uchs_ekibastuz_pavl@emer.kz) адресіне  жіберу қажет.

Ал өнеркәсіп кауіпсіздік сұрақтарына қатысты  өтініштер, хаттар және ұсыныстарды «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінің  басшысы Марат Кайруллаұлы Кельдибековке және мына мекен – жайға

 (Павлодар қаласы Мира көшесі 14, факстер:  8 (7182) 53-63-64, 53-65-21, кабинеттердегі телефондар 8 (7182) 53-09-92, 53-61-77, электрондық пошта: prombez_pavlodar@mail.ru) адресіне  жіберу қажет.

Сонымен қатар 2014 жылдың 24 қарашасында «Азаматтық Қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және  өнеркәсіп қауіпсіздік саласындағы құқықтық-нормативтік актке негізгі өзгерістер енгізілген. Өзгертілген Заң және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті мен Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің жаңа ережесінің қызметін, Сіз кез-келген заң базасынан немесе интернеттен таба аласыз.

Сіздің назарыңызды өнеркәсіп қауіпсіздік саласындағы құқықтық-нормативтік актілердегі ағымдағы өзгерістерге аударғым келеді – бұрын болған қызметтегі өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі өнеркәсіптік техникалық тәртіп талабына Кеден одағының техникалық тәртібі қосылып қызметке енгізілді.

Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар және өртке қарсы қауіпсіздігі жөніндегі сұрақтарға кеңесті Сіз ТЖ басқармасынан ала аласыз (Екібастұз қаласы Мәшһүр Жүсіп 39 көшесі, телефондар: кезекші 34-09-07, 34-26-23, электрондық пошта: uchs_ekibastuz_pavl@emer.kz)

Сіздер өнеркәсіп қауіпсіздігі жөніндегі сұрақтарға кеңесті тау-кен техникалық қадағалау бөлімінен ала аласыздар (Екібастұз қаласы Мәшһүр Жүсіп 39 көшесі, 14-15 кабинеттер телефон: 34-59-17, электрондық пошта: ogtkogtk@mail.ru).

 

 

 

 

М.К. Хамитова, Қазақстан Республикасы

Ішкі істер Министрлігі Төтенше жағдайлар

департаменті Екібастұз қаласының

Төтенше жағдайлар басқармасы төтенше

жағдайларды ескерту тобының

бас маманы

 

 

Н.А .Козаренко, «Қазақстан Республикасы

инвестициялар және даму Министрлігі

Индустриялық даму және қауіпсіздік

комитетінің Павлодар облысы бойынша

департаменті» Республикалық

мемлекеттік мекемесі тау-кен

текхникалық қадағалау бөлімінің

бас маманы - мемлекеттік инспектор