Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру

Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті алушының тұрақты тіркелген орны бойынша Министрліктің аумақтық көші-қон полициясының бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттар қабылдау:

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» (бұдан әрі – орталық) шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнындағы «Халықты құжаттандыру және тіркеу» тіркеу пункті» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ХҚТ ТП АЖ) арқылы көрсетілетін қызметті беруші;

дайындаудың жаңа технологиясына сәйкес құжаттардың түр өзгерісіне байланысты жеке басын куәландыратын құжатты ауыстыру кезінде – «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру орталық арқылы, құжаттар портал арқылы қабылданған кезде – көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
берушіге орталыққа өтініш берген кезде – 7 (жеті), 10 (он) және 15 (он бес) жұмыс күні ішінде (қабылдау күні мемлекеттiк қызмет мерзiмiне кiрмейдi);
 Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

 Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – Қазақстан Республикасы азаматының паспорты және (немесе) жеке куәлігі.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.