Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу

«Тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мынадай баламалы негізде:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – орталық);
3) «электрондық үкіметтің» веб-порталы» (бұдан әрі – портал): www.e.gov.kz арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
 құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап:
көрсетілетін қызметті берушіге немесе орталыққа – 2 (екі) жұмыс күні (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);.
 Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы/ақысыз көрсетіледі.