Қабылдау:8 (7187) 344020 | Mail: kense.ae@pavlodar.gov.kz



Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты

Жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – орталық) арқылы көрсетілетін қызметті алушының жылжымайтын мүлкі объектісінің тіркелген жері бойынша жүзеге асырылады.

 Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмдерi:
 орталыққа жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған кезде бастап:

мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті берушіге өтiнiш келiп түскен кезден бастап бес жұмыс күні ішінде көрсетіледі (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн қалғанда береді;
 Мемлекеттiк қызметті көрсету нысаны: қағаз жүзінде.
 Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – жылжымайтын мүлікке құқық белгiлейтiн құжаттың телнұсқасы (қағаз жеткізгіште).
 Мемлекеттік қызмет ақылы көрсетіледі.